Close Menu
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • ПЕРВЫЙ ЗАМЕСТИТЕЛЬ ПРЕМЬЕР-МИНИСТРА НУРЛЫБЕК НАЛИБАЕВ ПРИНЯЛ УЧАСТИЕ В ОТКРЫТИИ CITY PARK В ШЫМКЕНТЕ
  • ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІНІҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ НҰРЛЫБЕК НӘЛІБАЕВ ШЫМКЕНТТЕГІ CITY PARK САЯБАҒЫНЫҢ АШЫЛУ САЛТАНАТЫНА ҚАТЫСТЫ
  • В ШЫМКЕНТЕ ОТКРЫЛИ КРУПНЕЙШИЙ ЭКОПАРК НА МЕСТЕ БЫВШЕГО ПОЛИГОНА
  • ШЫМКЕНТТЕ БҰРЫНҒЫ ҚОҚЫС ПОЛИГОНЫНЫҢ ОРНЫНДА АУҚЫМДЫ ІРІ ЭКОПАРК АШЫЛДЫ
  • «ЗАҢ МЕН ТӘРТІП»: ЕҢБЕКШІ АУДАНЫНДА «ҚҰҚЫҚТЫҚ ДӘРІХАНА» АКЦИЯСЫ ӨТКІЗІЛДІ
  • КАДРОВАЯ ПОЛИТИКА ШЫМКЕНТА ДО 2030 ГОДА: ПРИОРИТЕТЫ РАЗВИТИЯ И ПЕРСПЕКТИВЫ
  • 2030 ЖЫЛҒА ДЕЙІНГІ ШЫМКЕНТТІҢ КАДРЛЫҚ САЯСАТЫ: ДАМУ БАСЫМДЫҚТАРЫ МЕН БОЛАШАҚ МҮМКІНДІКТЕР
  • ДОСТЫҚ ЛАГЕРІ ТАЗАЛЫҚ АКЦИЯСЫМЕН ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ
Facebook X (Twitter) Instagram
OITAMYZYQOITAMYZYQ
Demo
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский
OITAMYZYQOITAMYZYQ
Home » ПАТРУЛЬДІК ПОЛИЦЕЙЛЕР СУҒА БАТЫП БАРА ЖАТҚАН ТҰРҒЫНДЫ ҚҰТҚАРДЫ
ЖАҢАЛЫҚТАР

ПАТРУЛЬДІК ПОЛИЦЕЙЛЕР СУҒА БАТЫП БАРА ЖАТҚАН ТҰРҒЫНДЫ ҚҰТҚАРДЫ

authorBy author8 октября, 2024Updated:17 октября, 2024Комментариев нет2 Views
Facebook Twitter Pinterest LinkedIn WhatsApp Reddit Tumblr Email
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Полиция қызметкерлеріне асығыстыққа жол беруге болмайды, кез келген әрекетте ұқыптылық пен тапқырлық қажет. Ол үшін сақадай сай болу, жылдамдық және қай уақытта болсын ауа райының түрлі құбылысына қара­май шақыртулар мен түрлі оқыс оқиғаларға баруға дайын тұратын даярлық қажет. Мүлт кеткен қателік кейде орны толмас өкінішке алып келетіні белгілі. Ал осындайда алаштың ардақтысы Әлихан Бөкейханов «Ұлтқа қызмет ету білімнен емес, мінезден» дегендей қырағы полицияның қысылтаяң уақытта батыл әрекет, оңтайлы шешім қабылдай алатындығы қауіпсіздікті біршама сейілтеді.

Мұны айтуымызға себеп патрульдік полиция батальонының инспекторлары Дәулет Сағынбаев пен Нұрғали Сапарханның жас жігітті ажалдан арашалап қалған оқиғасы.  Республикалық маңызы бар  «Сарыағаш-Жетісай-Жібек Жолы» тас жолының 155-130 шақырымында кезекшілікке түскен полицейлер, күндізгі уақытта жол бойында адамдардың көмек сұрап тұрғанын байқайды.

Тәртіп сақшылары мән-жайды анықтағанында, Сырдария өзенінде ағып бара жатқан адамды көреді. Еш ойланбастан көмектесуге кіріскен полицей Д.Сағынбаев суға секіріп түсіп, батып бара жатқан азаматқа жақындайды. Содан әріптесі Н.Сапархан екеуі ер адамды сүйреп, жағаға алып шығады.

Белгілі болғандай, Мақтаарал ауданының тұрғыны мал бағып жүріп, құлынның өзенге түсіп кеткенін байқайды. Малын құтқарамын деп суға түсіп, соңында өзі шыға алмай қалған. Қазіргі таңда полицейлердің жылдам әрекеті арқасында аман қалған тұрғынның жағдайы қалыпты. Олардың антына адал болып, қызметін мінсіз ат­қа­рып жүрген полиция сақшы­ла­рының ерлікке толы жұмысы жас­­тарға үлгі.

 

Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Telegram Email
author

Related Posts

ДОСТЫҚ ЛАГЕРІ ТАЗАЛЫҚ АКЦИЯСЫМЕН ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ

15 июня, 2026

«БІЗ БІРГЕМІЗ»: ШЫМКЕНТТЕ АССАМБЛЕЯ ЖАСТАРЫНЫҢ ДОСТЫҚ ЛАГЕРІ ӨТТІ

15 июня, 2026

ГҮЛГЕ ОРАНҒАН ҚАЛА: ТІК КӨГАЛДАНДЫРУ ШЫМКЕНТТЕ ЖАҢА ДЕҢГЕЙГЕ ШЫҚТЫ

29 мая, 2026
Leave A Reply Cancel Reply

© 2026 Designed by SamDev.kz
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.