Автор: author

Түркістан облысы әкімдігінің Мәдениет және туризм басқармасы мен Облыстық мәдениет және халық шығармашылығы орталығының ұйымдастыруымен Ұлттық домбыра күніне орай республикалық «Күй құдіреті» күйшілер байқауы өтті. Түркістандағы «Фараб» кітапханасында өткен байқауды облыс әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев ашып беріп, қатысушыларға сәттілік тілеген болатын. Күй байқауында елге танымал күйшілер мен өнер қайраткерлері қазылық етті. Байқауға елдің әр аймағынан келген 30-дан астам күйші екі кезең бойынша бақ сынасты. Алғашқы кезеңнің талаптары мен шарттарына сәйкес қатысушы үміткерлер Сүгір Әлиұлының күйлерінен бір күй және Төлеген Момбековтың күйлерінен бір күй орындады. Ал екінші кезеңде Айтқали Жайымовтың «Шалқыма», Ермұрат Үсеновтың «Майра», Нұрғиса Тілендиевтің «Ақсақ құлан» және Қаршыға Ахмедияровтың «Хамаң…

Read More

Сауран ауданына Қазақстан Республикасы ұлттық экономика вице-министрі Бауыржан Омарбеков арнайы барып, ауданда салынып жатқан құрылыс жұмыстарымен танысты. Ауданның әкімшілік іскерлік орталығына 38 гектар жер бөлінген. Қазіргі таңда әкімшілік пен прокуратура ғимараттары пайдалануға берілді. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің, полиция бөлімінің және аумақтық органдар ғимараттарының құрылыстары жүргізілуде. ҚР Ұлттық экономика вице-министрі Бауыржан Омарбеков аумақтық органдар ғимаратының және ұлттық қауіпсіздік комитетінің құрылыс жұмыстарын бақылады. Бүгінде құрылыс жұмыстары толық аяқталып, жақында пайдалануға берілгелі отырған аудандық полиция бөлімінің ғимаратын аралап көрді. Полиция бөлімінде ұлттық экономика вице-министрі аудан тұрғындарымен кездесіп, пікір алмасты. Аудан тұрғындары тарапынан аурухана, мәдениет сарайы, спорт кешені сынды ғимараттар салу туралы өтініштер айтылды. Вице-министр аталған…

Read More

Түркістан облысында өндіріс орындарын ашу, инвестиция тарту, жаңа өндіріс орындарын көбейтуге басымдық берілген. Осы бағытта жан-жақты жұмыс жүруде. Бүгін Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығымен өңірдегі индустриалды аймақтар мен «Turan» арнайы экономикалық аймағын инфрақұрылыммен қамту, жаңа кәсіпорындар ашу мәселелері талқыланған мәжіліс өтті. Облыс әкімі жауапты басқармалар мен аудан, қала басшыларына жұмысты ширатуды тапсырды. – Өңірдің дамуы өндіріс орындарының ашылуымен тікелей байланысты. Нақты тапсырмалар берілген. Индустриалды аймақтардың жұмысын жандандыра алмаған басшыларға тиісті шара көріледі. Болмайды былай, әрекет етіңіздер. Инвесторлар тартыңыздар. Инфрақұрылымын жетілдіріңіздер. Нақты жоспар, ұсыныстар, жүйелі жұмыс қажет, – деді Дархан Сатыбалды. Мәжілісте Түркістан облысындағы 10 индустриалды аймақ пен «Turan» арнайы экономикалық…

Read More

Түркістан облысында әлеуметтік нысандардың құрылысы жалғасып жатыр. Бұл ғимараттардың сәулеті мен сапасы, орындалу мерзімі қатаң бақылауға алынған. Бүгін облыс әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығымен облыстық құрылыс басқармасының алдағы жоспарлары талқыланған жиын өтті. Облыс әкімі жауапты басқарма мен аудан, қала әкімдеріне әрбір құрылыс нысанын жіті қадағалап, тиісті жұмыс атқаруды тапсырды. – Облыс бойынша атқарылып жатқан құрылыс нысандарының сараптамасы жасалуы тиіс. Нысандардың құрылысы кестеге сай ма? Уақтылы аяқтала ма? Қайсысы кешігіп жатыр? Осы және өзге де сұрақтардың жауабы қолдарыңызда болуы керек. Аудан, қала әкімдері әрбір мердігермен жеке-жеке жұмыс жүргізіп, құрылыс барысын қадағаласын. Мемлекеттің қаражатына салынып жатқан нысандар уақтылы ел игілігіне берілуі қажет. Мәдениет, спорт…

Read More

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары – Темір Қырықбаев пен Нұрсұлтан Байтілесов Түркістан облысының аудан, қалаларын аралап, халықпен кездесіп, сайлауалды бағдарламаның орындалу барысын қадағалаған болатын. Бүгін Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдыхалық қалаулыларын арнайы қабылдап, өңірдің дамуы жөнінде пікір алмасты. Облыс әкімі аймақты дамыту бағытындағы жұмыстарды баяндады. Өндіріс орындарын ашу, ауылдардың инфрақұрылымын жақсарту, ауыз сумен және газбен қамту, мектептер мен әлеуметтік нысандар салудағы жұмыстарды баяндап, Түркістанның инвестициялық әлеуетін көтеру шараларына тоқталды. Жергілікті бюджет пен кіріс көлемін ұлғайту мәселесі де назардан тыс қалмады. Сонымен бірге ағын су саласындағы түйткілдер де сөз болды. Депутаттар қалалар мен елді мекендерді аралау барысындағы халық тарапынан айтылған мәселелер туралы ой…

Read More

Оқиға 3 шілде күні түстен кейін болған. Сағат 14.30 шамасында Шымкент қаласының Еңбекші ауданында қоғамдық тәртіпті қадағалау кезінде Ұлттық ұланның 6506 әскери бөлімінің жауынгерлері көпір қоршауының сыртында жас қыздың тұрғанын көреді. Қауіпті түсінген әскери жасақ рация арқылы көпірге жақын жерде қызмет атқарып жүрген патрульдік топ бастығы қатардағы жауынгер Раулан Өтебаевқа шұғыл ақпарат береді. Ол дереу патрульші жауынгерлер Арыстанбек Анарбай мен Дулат Ауғанбаевты ертіп, аталған орынға жедел келеді. — Көпірден секіруге тырысқан қызды көргенде, бірден оған бет алдық. Осы уақытта ол көпір қоршауының сырт жағында тұрды. Жақындай бергенімізді көріп, көпірден секіремін деп қорқытты, – дейді Раулан. Ұландықтар қызбен ақырын сөйлесіп, оны…

Read More

Тәуелсіздік сарайында ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысы өтті. Отырыс басталарда делегация басшылары Беларусь Республикасын Ұйым құрамына қабылдау және оған ШЫҰ-ға мүше мемлекет мәртебесін беру туралы шешімге қол қойды. Мемлекет басшысы бүгінде Шанхай ынтымақтастық ұйымы достық, тату көршілік, теңқұқықтық және өзара қолдаудың, яғни «шанхай рухы» негізінде жұмыс істейтін мемлекетаралық қатынастардың тиімді тетігіне айналғанын атап өтті. – ШЫҰ кеңістігінде үш миллиардтан астам адам тұрады. Ұйымға экономикасы аса ірі және жылдам дамып келе жатқан мемлекеттер кіреді. Әлемдік жалпы ішкі өнімнің үштен бірі осы елдерге тиесілі. Бұл біздің Ұйымның орасан зор әлеуеті мен жаһандық рөлін айқын көрсетеді. Мүше мемлекеттердің даусы мен мүдделері тең…

Read More

Президент ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің белсенді қолдауының нәтижесінде Қазақстанның ұйымға төрағалығы кезінде түрлі деңгейде 150-ге жуық іс-шара, соның ішінде цифрлық даму, туризм, энергетика, бизнес салаларында форумдар және ШЫҰ жастар кеңесі өткенін мәлімдеді. – Ұйымның Шарттық базасы 60 жаңа құжатпен толықтырылды. Атап айтқанда, Есірткіге қарсы стратегия, Экономикалық ынтымақтастық стратегиясын іске асыру жоспары, Қоршаған ортаны қорғау саласындағы келісім, Энергетикалық ынтымақтастықты дамыту стратегиясы және басқа да құжаттар. ШЫҰ серіктестері саналатын халықаралық ұйымдардың қатары көбейді. Инвестициялар жөніндегі арнайы жұмыс тобының қызметі қайта жанданды. Ұлттық валютамен есеп айырысуға көшу үдерісі қарқынды дами бастады, – деді Мемлекет басшысы. Қасым-Жомарт Тоқаев осы шаралардың нәтижесінде ШЫҰ кеңістігіндегі сауда-экономикалық ынтымақтастық…

Read More

– Әлемдік экономикада жағымсыз үрдістер белең ала бастады. Дүниежүзілік банктің мәліметі бойынша биыл жаһандық экономиканың өсім қарқыны бәсеңдейді. Әлем экономикасының өсіміне серпін беретін жаңа бағыт және мүлде басқа даму парадигмасы қажет екені анық. Сондықтан, біздің ойымызша, сауда-экономикалық кооперацияны кеңейту, капитал мен технологияның еркін қозғалысына жағдай жасау, климаттың сын-қатерлерімен күресу – Шанхай ұйымының маңызды міндеттері. Өзара сауда-саттықтың артуы ШЫҰ кеңістігі үшін ортақ үрдіске айналып келеді. Мәселен, Қазақстанның ШЫҰ елдерімен сауда көлемі өткен жылдың қорытындысы бойынша 6,5 пайызға өсті. ШЫҰ-ға мүше елдердің технологиялық базасы үлкен және экономиканың барлық маңызды секторларын дамыту үшін орасан зор нарығы бар. Арнайы салық, кеден және көші-қон режимдерінің…

Read More