Еңбек адамы – қоғамның негізі, ал қоғамның дамуы мен өркендеуі еңбеккерлердің қажырлы еңбегімен тығыз байланысты. Олар өз мамандықтарын адал атқара отырып, елдің болашағын қалыптастыруда маңызды рөл атқарады. Әрбір еңбек адамының еңбегі тек жеке табысқа ғана емес, тұтас қоғамның әл-ауқатына да ықпал етеді. Біздің қоғамымызда әрбір мамандықтың өзіндік орны мен мәні бар. Дәрігерлер мен мұғалімдер, инженерлер мен құрылысшылар – барлығы еңбек адамдарының қатарына жатады. Әр мамандықтың өзіндік қиындықтары мен қызықтары бар. Мысалы, дәрігерлер науқастардың өмірі мен денсаулығына жауапты болса, мұғалімдер болашақ ұрпақты тәрбиелеп, білім беру жолында аянбай еңбек етеді. Инженерлер жаңа технологиялар мен инфрақұрылымды дамыта отырып, қоғамның экономикалық өсуіне ықпал етеді.…
Автор: author
Спорт — бұл тек дене шынықтыру ғана емес, сонымен қатар тәрбие, еңбек, жігер мен еңбекқорлық. Қазақстанда спорттың еркін күрес түрі бойынша көптеген жетістікке жеткен бапкерлердің бірі — Жангелді Жұмабаев. Ол 35 жылдан астам уақыт бойы жастарды тәрбиелеп, оларға күрестің қыр-сырымен таныстырып, 80-ге жуық спорт шеберін даярлады. 2016 жылдың сәуір айында «Қошқар ата» өзенінің жағалауында жаттығып жатқан жас балуандарды бақылап, Жангелді Жұмабаевтың жетекшілігімен жұмыс істеп жатқан шәкірттердің ерекше белсенділігіне куә болдым. Олардың денсаулықтарын шынықтыру үшін таңғы 4-те жаттығуларға келгендері, кешке дейін жүгіргендері, тіпті темір жақтауды пайдаланулары — Жангелді ағаның балаларға спорт арқылы тәрбие берудегі ұстанымының нәтижесі. Жангелді Жұмабаев — еркін күрестен…
Әрбір мамандықтың қиындығымен қатар қызықты тұсының болары анық. Еңбек адамының ерен еңбегі мен әрбір жетістігі елеусіз қалмауы тиіс. Әр үздік нәтиже мен қиын жұмыстың астарында бір адамның үздіксіз қызметі мен маңдай тері жатыр. Бүгін сөз ететініміз — қоғамның тыныштығы мен жедел медициналық қызметтің тиімділігін қамтамасыз ететін жедел жәрдем көлігінің жүргізушісі Хайрат Ергебекұлы Сүйеубаев. Хайрат аға жедел жәрдем көлігінің рөлінде отырумен қатар, науқастың өмірі мен денсаулығына жауапты адам. Шақырту түсе салысымен науқасқа баратын медициналық қызметкерлер де, оларды жеткізетін жүргізуші де дайын болуы керек. Көлік сақадай сай, техникалық жай-күйі мен мекенжайға уақытында жетуі де жүргізушіге байланысты. Алайда, рөлдегі адамның фельдшердің базалық жұмысынан…
Кәсібін сүйіп, өз ісіне адалдық таныту – еңбек адамының ең асыл қасиеті. Нағыз еңбек адамы, яғни Атымтай Тазабеков, өзінің өмірін қоғамдық көлік жүргізушісі ретінде бағыштап, күн сайын жолаушылардың аман-есен діттеген жеріне жетуіне жәрдемдесіп келеді. Бүгінде 40 жылдық тәжірибесі бар Атымтай Жұмаділұлы Төлеби ауданының тұрғыны, әрбір жүргізген сапарында нағыз кәсіпқой екенін дәлелдеп отыр. Атымтай жастайынан жүк көліктерінің түр-түрін тізгіндеп, жол-көлік саласының қыр-сырын меңгеріп келеді. Ол үшін қоғамдық көлік жүргізу – жай ғана жұмыс емес, бұл – өзінің өмірлік миссиясы. Нақты айтқанда, Атымтай ағаның мамандығының жауапкершілігі жоғары, әрі қиындығы мен қызығы қатар жүретінін терең түсінеді. – «Көрер көзге жеңіл көрінгенімен, бұл нағыз…
Еңбек адам – әлеуметтік құрылымдардың ең маңызды бөлшегі. Қай сала болмасын, жасампаз тұлғалардың еңбекқорлығының арқасында өрлеу мен өркендеу салтанат құрады. Міне, осындай еңбек адамы белгілі бір мекемені ғана емес, елдің дамуына орасан үлес қоспақ. Шымкенттік ұстаз Хатира Мырзабаева өскелең ұрпақтың сапалы білім мен саналы тәрбие беру ісінде 30 жылдан бері талмай еңбек етіп келеді. Бүгінде «Нұртас» зияткерлік мектебінде бастауыш сыныптар бойынша директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқарып отырған Хатира Ноғайбекқызы ұзақ жылдық тәжірибесіне сүйеніп, оқушыға білімнен бұрын тәрбие маңызды екенін алға тартты. – Әбу Насыр әл-Фараби: «Тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның өміріне қауіп әкеледі»…
Еңбек адамы – ел мақтанышы. Қоғамның сан түрлі саласында еңбек етіп, сол бағытты алға жылжытуға үлес қосып жүрген жандарға құрмет ерекше. Жалпы, еңбек адамы деп адал кәсіппен адал нәсіп тауып жүрген жанды айтсақ, қателеспейміз. Сондай жанның бірі, «Шымкент қалалық мүгедектер» қоғамдық бірлестігінде инватакси қызметінде жүргізуші болып жұмыс істейтін Нұрболат Жаңбыров. Біз тамыздың алғашқы жексенбісіндегі кәсіби мереке – Көлік қызметкерлерінің күні қарсаңында Нұрболатпен әңгімелескен болатынбыз. – Бұрын білмейтін едік, қалада мүгедек көп екенін осы жұмысқа кірген соң көрдім. Әрқайсының мінезі әртүрлі, кейде сіркесі су көтермей қалады. Ептеп түсіндіруге тырысамын, бірақ көбіне үндемей құтыламын. Үндемесең тез басылады. Науқас балалардың ата-анасына да оңай…
Бүгінде Қазақстанда «еңбек адамдары» қатарына кәсіпкерлер де қосылды. Олар өз еңбегі мен табанды жұмысының арқасында экономиканың маңызды қозғаушы күштерінің бірі ретінде танылып отыр. Кәсіпкерлер өз ісін дамыта отырып, жаңа жұмыс орындарын ашып, ел экономикасының тұрақты дамуына үлкен үлес қосуда. Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігіне қарасты Ұлттық статистика бюросының мәліметтері бойынша, елімізде бүгінде 2,2 миллион адам (экономикада жұмыспен қамтылғандардың жалпы санының 24,1%) өзін-өзі жұмыспен қамтып отыр. Кәсіпкерліктің дамуы орта және шағын бизнестің өркендеуіне ықпал етеді, бұл өз кезегінде халықты жұмыспен қамтуға және өндірістің дамуына септігін тигізеді. Қазақстанда Еңбек күні қыркүйек айының соңғы жексенбісі күні тойланады. Биыл елімізде еңбек күнін…
Бүгінгі күннің шындығы – арзан атақ пен жеңіл ақшаның насихатының кең таралуы. Адамдар түрлі алаяқтардың құрығына түсіп, күмәнді схемаларға ілігуде, ал әлеуметтік желілерде «хайп» жасап танымал болуға тырысқан жастар уақытын босқа сарп етуде. Осындай жағдайда еңбек адамының бейнесін насихаттау – тек сөз жүзінде емес, шынайы өмірде де өзекті мәселе. Еңбек адамы – бұл адал еңбегімен елдің дамуына үлес қосатын, өз ісіне жауапкершілікпен қарайтын жандар. Бұл ұғым ауыл шаруашылығы, мал шаруашылығы, өнер, ғылым, медицина, бизнес сияқты әр түрлі салада еңбек ететін адамдарды қамтиды. Жазушы, актер, инженер, дәрігер немесе кәсіпкер – бәрі де өз кәсібінде шынайы сүйіспеншілікпен жұмыс істеген жағдайда еңбек адамына…
Еңбек адамы ұғымы кең мағынада, адамдардың адал еңбегімен қоғамның дамуына қосқан үлесін сипаттайды. Бүгінде Қазақстанда 9,2 миллион адам экономиканың түрлі салаларында еңбек етуде, олардың ішінде 7 миллион адам жалдамалы жұмыста. Бұл жандардың өз еңбегіне сай жалақысын алып, күнкөрісін қамтамасыз етуі – мемлекеттің маңызды міндеттерінің бірі. Дегенмен, еңбек адамының еңбегіне лайықты бағасын беру, олардың құқықтарын қорғау – еліміздің әлеуметтік саясатының басты бағыттарының бірі. Қазақстан экономикасының дамуында еңбек адамының рөлі зор. Жастарды еңбекке баулу, олардың кәсіби дағдыларын дамыту – бүгінгі қоғамның басты мақсаттарының бірі. Түркістан облысында да еңбек адамының бейнесі насихатталып, жастарға үлгі ретінде ұсынылуда. Мысалы, биылғы жылдың 2 тоқсанында Түркістан облысындағы…
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Жолдауында кәсіби маманның қадірін түсініп, еңбекқорлықты мемлекет дамуының негізі ретінде анықтады. Оның сөздерінде: «Елімізде еңбекқор адам, кәсіби маман ең сыйлы адам болуға тиіс» деген пікір айқын көрініс тапқан. Бұл мемлекетіміздің әрбір азаматы үшін еңбек және кәсібилік құндылықтарының қаншалықты маңызды екенін көрсетеді. Президенттің айтуынша, қоғамдағы әрбір азаматтың кәсіби біліктілігі мен еңбекке деген құрметі біздің елдің экономикалық дамуына тікелей әсер етеді. Еңбек адамы, кәсіби маман қоғамның тірегі, олар өз саласында білікті және жауапты болуы керек. Бүгінде Қазақстанда жастардың белгілі бір мамандықты терең меңгеруге, өздерінің кәсіби шеберліктерін арттыруға ынтасы жоғары. Президент бұл тұрғыда…
