Close Menu
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯДА БАРЛЫҚ ӨТПЕЛІ РӘСІМДЕР, МЕРЗІМДЕР МЕН РЕГЛАМЕНТТЕР НАҚТЫ ЖАЗЫЛАДЫ
  • СОТ ШЕШІМІНСІЗ БАСПАНАДАН ШЫҒАРУҒА ЖОЛ БЕРМЕУДІ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯСЫНДА БЕКІТУ ҰСЫНЫЛДЫ
  • ЖҮРГІЗІЛГЕН ЖҰМЫС ПЕН ТАЛҚЫЛАУДЫҢ КЕҢДІГІ ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ ЖОБАСЫН БҮКІЛХАЛЫҚТЫҚ РЕФЕРЕНДУМҒА ШЫҒАРУҒА МҮМКІНДІК БЕРЕДІ
  • КЕЛІП ТҮСКЕН ҰСЫНЫСТАР ЕСКЕРІЛІП, ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ ЖОБАСЫНА ҚОСЫМША НОРМАЛАР ЕНГІЗІЛДІ
  • МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ: ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ – МЕМЛЕКЕТТІҢ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫ КЕПІЛІ
  • Шымкент: Автокөлік саласының өкілдері жаңа Конституцияны қолдайды
  • Шымкентте медицина саласы өкілдері жаңа Конституция жобасын қолдау білдірді
  • Шымкентте этномәдени бірлестік өкілдері жаңа Конституция жобасына қолдау білдірді
Facebook X (Twitter) Instagram
OITAMYZYQOITAMYZYQ
Demo
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский
OITAMYZYQOITAMYZYQ
Home » ЕҢБЕК АДАМЫ: 80-ГЕ ЖУЫҚ СПОРТ ШЕБЕРІН ДАЙЫНДАҒАН БАПКЕР — ЖАНГЕЛДІ ЖҰМАБАЕВ
ЖАҢАЛЫҚТАР

ЕҢБЕК АДАМЫ: 80-ГЕ ЖУЫҚ СПОРТ ШЕБЕРІН ДАЙЫНДАҒАН БАПКЕР — ЖАНГЕЛДІ ЖҰМАБАЕВ

authorBy author18 октября, 2024Updated:29 октября, 2024Комментариев нет2 Views
Facebook Twitter Pinterest LinkedIn WhatsApp Reddit Tumblr Email
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Спорт — бұл тек дене шынықтыру ғана емес, сонымен қатар тәрбие, еңбек, жігер мен еңбекқорлық. Қазақстанда спорттың еркін күрес түрі бойынша көптеген жетістікке жеткен бапкерлердің бірі — Жангелді Жұмабаев. Ол 35 жылдан астам уақыт бойы жастарды тәрбиелеп, оларға күрестің қыр-сырымен таныстырып, 80-ге жуық спорт шеберін даярлады.

2016 жылдың сәуір айында «Қошқар ата» өзенінің жағалауында жаттығып жатқан жас балуандарды бақылап, Жангелді Жұмабаевтың жетекшілігімен жұмыс істеп жатқан шәкірттердің ерекше белсенділігіне куә болдым. Олардың денсаулықтарын шынықтыру үшін таңғы 4-те жаттығуларға келгендері, кешке дейін жүгіргендері, тіпті темір жақтауды пайдаланулары — Жангелді ағаның балаларға спорт арқылы тәрбие берудегі ұстанымының нәтижесі.

Жангелді Жұмабаев — еркін күрестен облыстың аға бапкері. 2000-2001 жылы туған балуандардың Түсіпхан Сайхановты еске алу халықаралық турниріне дайындалғанын өз көзімізбен көрдік. Сол жаттығу барысында ерекше көзге түскен 16 жасар Сержан Елеусізов бүгінде халықаралық дәрежедегі спорт шебері атанған. Шілде айында Испанияда өткен Гран-При турнирінде 92 келі салмақ дәрежесінде күміс жүлдегер атануы — Жангелді ағаның шәкірттерінің еңбегі мен табандылығының айқын дәлелі.

2023 жыл Жангелді Жұмабаев үшін жемісті жыл болып отыр. Оның шәкірті Сержан Елеусізов ТМД ойындарында 92 келіде күресіп, үлкен жетістікке жетті. Бұдан бөлек, Марлен Құрылысбек аса ауыр салмақта жастар арасында әлем чемпионатында белдескен.

– «Біз шәкірт тәрбиелеп, ел намысын қорғайтын азаматтарды шығару жолында еңбек етеміз. Бір ғана спорт мектебінде бапкерлік қызмет атқарып жүргеніме 35 жыл болды. Алғашқыда Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы мектепте, кейін №8 мектепте, қазір қалалық №1 спорт мектебінде қызмет атқарамын», – дейді Жангелді аға.

Бапкерлік жолын 1986 жылы осы мектептен бастаған ол, әскерден оралғаннан кейін қайтадан жаттықтырушы болып жұмыс істей бастады. Өз ісіне деген адалдығы мен еңбекқорлығы арқасында Жангелді аға бүгінгі күні шәкірттерінің жетістіктерін мақтан тұтуда.

Спорт мектебінде жұмыс істей жүріп, ауыл-ауылдарды аралап, дарынды жастарды іздеу — Жангелді ағаның басты міндеті. Балаларға күрестің негіздерін үйретіп, оларға қажетті білім мен дағдыларды сіңіру — оның басты мақсаты. Бүгінде 80-ге жуық спорт шеберін тәрбиелеп, шәкірттерінің басым бөлігі спорт мектептерінің басшысы атанғаны — оның еңбегінің жемісі.

 Жангелді ағаның бапкерлік философиясы жастардың психологиялық, физикалық дамуын бірлесе қамтамасыз етуге бағытталған. Ол балуандардың әрбірі жеке тұлға екенін түсініп, олардың әлеуетін барынша аша білу үшін түрлі тәсілдер мен әдістерді қолданады. Оның әр шәкіртіне деген қарым-қатынасы, оларға үнемі қолдау көрсетуі — балуандардың нәтижелеріне тікелей әсер ететін факторлар.

– «Мен әр шәкіртімнің қолынан келетінін сезінемін. Олардың жетістіктері — менің жетістігім. Біз бір команда болып, әр қиындықты бірге жеңуге тырысамыз. Спортта жеңіс — бұл тек физикалық дайындық емес, сонымен қатар мықты психологиялық дайындығын да қажет етеді», – дейді Жангелді аға.

 Жангелді Жұмабаев — спорт әлемінде шын мәнінде үлгі алатын еңбек адамы. Оның жанқиярлық еңбегі, шәкірттеріне деген адал қарым-қатынасы, және спортты дамытуға қосқан үлесі — бәрі де бүгінгі спорттың гүлденуіне ықпал етіп келеді. Жангелді аға мен оның шәкірттері алдағы уақытта да еліміздің абыройын асқақтатып, спорт әлемінде жаңа белестерді бағындыруға бел буды.

Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Telegram Email
author

Related Posts

ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ ЖОБАСЫ – ЕЛ ДАМУЫНЫҢ БЕРІК НЕГІЗІ

5 февраля, 2026

Шымкент қаласының әкімдігінде жаңа Конституция жобасы талқыланды

2 февраля, 2026

ЖАСТАР ҚАУІПСІЗДІГІ – ОРТАҚ ЖАУАПКЕРШІЛІК

2 февраля, 2026
Leave A Reply Cancel Reply

© 2026 Designed by SamDev.kz
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.