Close Menu
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯДА БАРЛЫҚ ӨТПЕЛІ РӘСІМДЕР, МЕРЗІМДЕР МЕН РЕГЛАМЕНТТЕР НАҚТЫ ЖАЗЫЛАДЫ
  • СОТ ШЕШІМІНСІЗ БАСПАНАДАН ШЫҒАРУҒА ЖОЛ БЕРМЕУДІ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯСЫНДА БЕКІТУ ҰСЫНЫЛДЫ
  • ЖҮРГІЗІЛГЕН ЖҰМЫС ПЕН ТАЛҚЫЛАУДЫҢ КЕҢДІГІ ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ ЖОБАСЫН БҮКІЛХАЛЫҚТЫҚ РЕФЕРЕНДУМҒА ШЫҒАРУҒА МҮМКІНДІК БЕРЕДІ
  • КЕЛІП ТҮСКЕН ҰСЫНЫСТАР ЕСКЕРІЛІП, ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ ЖОБАСЫНА ҚОСЫМША НОРМАЛАР ЕНГІЗІЛДІ
  • МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ: ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ – МЕМЛЕКЕТТІҢ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫ КЕПІЛІ
  • Шымкент: Автокөлік саласының өкілдері жаңа Конституцияны қолдайды
  • Шымкентте медицина саласы өкілдері жаңа Конституция жобасын қолдау білдірді
  • Шымкентте этномәдени бірлестік өкілдері жаңа Конституция жобасына қолдау білдірді
Facebook X (Twitter) Instagram
OITAMYZYQOITAMYZYQ
Demo
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский
OITAMYZYQOITAMYZYQ
Home » ЕҢБЕК АДАМЫ – ЕЛ МАҚТАНЫШЫ
ЖАҢАЛЫҚТАР

ЕҢБЕК АДАМЫ – ЕЛ МАҚТАНЫШЫ

authorBy author18 октября, 2024Updated:29 октября, 2024Комментариев нет6 Views
Facebook Twitter Pinterest LinkedIn WhatsApp Reddit Tumblr Email
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Еңбек адамы – ел мақтанышы. Қоғамның сан түрлі саласында еңбек етіп, сол бағытты алға жылжытуға үлес қосып жүрген жандарға құрмет ерекше. Жалпы, еңбек адамы деп адал кәсіппен адал нәсіп тауып жүрген жанды айтсақ, қателеспейміз.

Сондай жанның бірі, «Шымкент қалалық мүгедектер» қоғамдық бірлестігінде инватакси қызметінде жүргізуші болып жұмыс істейтін Нұрболат Жаңбыров. Біз тамыздың алғашқы жексенбісіндегі кәсіби мереке – Көлік қызметкерлерінің күні қарсаңында Нұрболатпен әңгімелескен болатынбыз.

– Бұрын білмейтін едік, қалада мүгедек көп екенін осы жұмысқа кірген соң көрдім. Әрқайсының мінезі әртүрлі, кейде сіркесі су көтермей қалады. Ептеп түсіндіруге тырысамын, бірақ көбіне үндемей құтыламын. Үндемесең тез басылады. Науқас балалардың ата-анасына да оңай емес, – дейді ол, мүгедектерді тасымалдауға арналған көліктің автоматты пандусын түсіріп тұрып.

Нұрболат 1991 жылы Шымкент қаласында дүниеге келген. 2007 жылы Мардан Сапарбаев атындағы университетіне оқуға түсіп, 2011 жылы «Қазақ тілі және әдебиеті пәні мұғалімі» мамандығын игеріп шықты. Мүмкін, осы әдебиетке жақындығынан болар, жаны таза, жүрегі мейірімді. Мейірімділік оның ерекше жандармен жұмыс істеп келе жатқан жылдардағы серігі. Отбасылы, 5 бала тәрбиелеп отырған көпбалалы әке.

Нұрболат алғашқы еңбек жолын 2011 жылы «Жастар практикасы» мемлекеттік бағдарламасы арқылы «Шымкент қалалық мүгедектер» қоғамдық бірлестігіне инватакси қызметіне көмекші болып орналасқан. 2016 жылға дейін ерекше жандарды көлікке отырғызып-түсіру, көпқабатты пәтерлерге дейін көтеріп шығару секілді қызметтерді атқарған. 2016 жылы кейіпкеріміз «ВС» санаттағы жүргізуші куәлігін алғаннан кейін ерекше жандарға арналған көлікті тізгіндеді. Қазіргі уақытта инватакси жүргізушісі қызметін атқарып жүр.

– Инватаксиде ерекше жандарды жұмысқа, студент болса – оқуға тасымалдаудың өзіндік қиындығы мен қызығы бар. Біріншіден, түрлі диагнозы бар жандар болғандықтан, барынша сабырлы болуды қажет етеді. Дегенмен, ол қиындық әр ерекше жаннан алғыс алғанда ұмтылады. Ең бастысы, жұмысым өзіме ұнайды. Әр қызмет алушы менің бауырымдай болып кеткен, – дейді Нұрболат Мұратұлы.

 Нұрболаттың міндеті – тек көлік жүргізу ғана емес, мүгедек жандардың өмірін жеңілдету, оларды қоғамға интеграциялау. Ол әр күн сайын мүгедектерді жұмыс орындарына, оқу орындарына және басқа да қажетті жерлерге жеткізіп, олардың өмір сапасын жақсартуға тырысады.

– Олармен жұмыс істегенде, мен тек жүргізуші емес, сонымен қатар психолог, кеңесші, тіпті дос боламын. Олардың қиыншылықтарын түсіну және оларға көмектесу – менің міндетім, – дейді ол.

 Нұрболаттың қызметі тек көлікпен шектелмейді. Ол мүгедек жандарға әлеуметтік қолдау көрсету, олардың құқықтарын қорғау және қоғамда белсенді өмір сүруіне мүмкіндік жасауға тырысады.

– Менің жұмысым – мүгедек жандардың өмірінде кішкентай да болса өзгеріс жасау.

Нұрболаттың еңбегі – жастарға үлгі. Ол тек еңбекқор ғана емес, сонымен қатар жауапты, адамгершілігі жоғары азамат. Оның мейірімділігі мен адалдығы бүгінгі жастардың бойында кәсіптік және азаматтық жауапкершілікті дамытуға көмектеседі. Еңбек адамының өмірі – еңбекқорлық, адалдық және мейірімділік секілді құндылықтарды насихаттайтын маңызды сабақ.

Нұрболат Жаңбыров – еліміздің еңбек адамы, азаматтық қоғамның белсенді мүшесі. Оның еңбегі елдің болашағына, қоғамның дамуына және мүгедек жандардың өмір сүру сапасын арттыруға зор үлес қосып отыр. Еңбек адамының қадір-қасиеті, оның еліне, халқына жасаған қызметі – қоғамның дамуының негізі.

Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Telegram Email
author

Related Posts

ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ ЖОБАСЫ – ЕЛ ДАМУЫНЫҢ БЕРІК НЕГІЗІ

5 февраля, 2026

Шымкент қаласының әкімдігінде жаңа Конституция жобасы талқыланды

2 февраля, 2026

ЖАСТАР ҚАУІПСІЗДІГІ – ОРТАҚ ЖАУАПКЕРШІЛІК

2 февраля, 2026
Leave A Reply Cancel Reply

© 2026 Designed by SamDev.kz
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.