Шымкент қаласында жаңа Конституцияны қолдауға арналған «Біз халықтық Конституцияны қолдаймыз» атты ауқымды спорттық-мәдени іс-шара ұйымдастырылды. Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы орталық стадион алаңында өткен кешке шамамен 20 мыңға жуық адам жиналды. Іс-шараның басты мақсаты – тұрғындарды 15 наурызда өтетін республикалық референдумға қатысуға шақыру және жаңа Қазақстан Республикасының Конституциясының мән-маңызы мен мазмұнын түсіндіру. Ұйымдастырушылардың айтуынша, жаңа Конституция елдің демократиялық негіздерін нығайтуға, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау тетіктерін күшейтуге бағытталған. Құжатта «Әділетті Қазақстан» және «Заң мен тәртіп» қағидаттарын дамытуға басымдық берілген. Іс-шараға Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков және Integra Construction KZ компаниясының меншік иесі Шахмұрат Муталип қатысты. Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков жиналған қауымды…
Автор: author
Шымкент қаласында Мемлекет басшысы бастамашылық еткен «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бағдарламасы аясында экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған іс-шаралар жүйелі түрде жалғасуда. Бұл бағыттағы кездесулер, ағартушылық-танымдық шаралар мен экологиялық сабақтар қаладағы мектептерде, колледждерде және жоғары оқу орындарында ұйымдастырылып, жастардың табиғатты қорғауға деген жауапкершілігін арттыруға ықпал етуде. Осы мақсатта бүгін Шымкент қаласындағы барлық мектептерде экологиялық сабақтар өткізілді. Солардың бірі қаладағы №24 IT мектеп-лицейінде «Таза қала» тақырыбында өткен ашық тәрбие сабағы болды. 9 «Б» сынып оқушылары қатысқан сабақ барысында қоршаған ортаны қорғау, табиғатты аялау және экологиялық мәдениетті қалыптастырудың маңызы кеңінен түсіндірілді. Биология пәнінің мұғалімі Динара Орынтаева оқушыларға табиғатты қорғаудың маңызын түсіндіріп, қаланы таза ұстау, тұрмыстық…
Жаңартылған Конституцияда отбасы институтын қолдау мәселесіне де айрықша мән берілген. Негізгі заңда отбасы қоғамның маңызды әлеуметтік тірегі ретінде қарастырылып, оны қорғау мен нығайтуға бағытталған қағидаттар айқындалған. Құжатта неке мен отбасының маңызын арттыру, ата-ана мен бала құқығын қорғау, сондай-ақ отбасы құндылықтарын сақтау мәселелері ескерілген. Бұл қоғамдағы тұрақтылықты қамтамасыз етуге және ұрпақ тәрбиесіне жауапкершілікпен қарауға негіз болады. Сонымен қатар, отбасы институтын қолдау мемлекет саясатының маңызды бағыттарының бірі ретінде қарастырылады. Осы арқылы қоғамдағы әлеуметтік тұрақтылықты нығайтуға және дәстүрлі құндылықтарды сақтауға мүмкіндік туады. Жалпы алғанда, жаңартылған Конституция отбасы институтын қорғауға және оның қоғамдағы рөлін күшейтуге бағытталған маңызды құқықтық негіз қалыптастырады.
Шымкент қаласындағы №12 мектепте жаңа Конституция жобасын түсіндіруге арналған Еңбекші ауданы тұрғындарымен кездесу өтті. Іс-шара барысында арнайы спикердің құжаттың негізгі бағыттары мен оның қоғам дамуына ықпалы жөнінде кеңінен ақпарат берді. Жиында қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Ақсақалдар кеңесінің мүшесі Досыбай Шерімқұлов сөз сөйлеп, Конституцияның қалыптасу кезеңдеріне тоқталды. Ол қолданыстағы Ата заң елдің қалыптасуы мен дамуының маңызды кезеңінде тарихи миссиясын абыроймен атқарғанын атап өтті. Сонымен қатар жаңа кезеңде заман талабына сай жаңартылған құқықтық негіздің қажеттілігі туындап отырғанын жеткізді. – Жаңа трансформациялық қоғамда бізге жаңа мазмұндағы Конституция қажет. Ғылым мен білім беру жүйесіне цифрландыру тетіктері енгізіліп жатқан кезеңде азаматтардың құқықтарын, жеке…
Шымкент қаласында мектеп оқушылары арасында дәстүрлі «Анаға хат – 2026» қалалық шығармашылық байқауы өтті. Байқаудың негізгі мақсаты – жас ұрпақтың анаға деген сүйіспеншілігі мен құрметін арттыру, ананың қоғамдағы айрықша рөлін терең сезіндіру және оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту. Биыл байқауға қаладағы 200-ге жуық мектептен оқушылар қатысып, өз шығармаларында аналарға деген шексіз махаббаттарын, ризашылық сезімдерін және жүрекжарды лебіздерін әсерлі жеткізді. Қатысушылардың хаттарында отбасы құндылықтары, ананың мейірімі мен қамқорлығы кеңінен көрініс тапты. Ұсынылған жұмыстарды арнайы комиссия саралап, үздік деп танылған авторларды анықтады. Нәтижесінде Бас жүлдені №57 жалпы орта білім беретін мектептің 9 «В» сынып оқушысы Ихсанова Ирода Исламовна иеленді. І орын №131…
Шымкент қаласында экологиялық қауіпсіздік пен инфрақұрылымдық мәселелер тұрақты бақылауда. Осы ретте «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалы жанындағы Экология мәселелері жөніндегі кеңестің Тоғыс тұрғын алабында көшпелі отырысы өтті. Жиынға «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалы атқарушы хатшысының орынбасары Ербол Байқонысов, Экологиялық кеңес төрағасы Жеңісбек Тұрғанов, Қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасы басшысының орынбасары Мұрат Абдрахманов, Төтенше жағдайлар департамент бастығының орынбасары, азаматтық қорғау полковнигі Огай Сергей, Төтенше жағдайлардың алдын алу басқармасының бастығы, азаматтық қорғау полковнигі Ирисмат Махмудов, Еңбекші ауданы әкімінің орынбасары Марлан Жолдахмет, «AMANAT» партиясы Еңбекші аудандық филиалының атқарушы хатшысы Мақсат Жолдасбеков және кеңес мүшелері қатысты. Кездесу барысында аталған аумақтан ағып өтетін Бадам өзенінің…
Шымкент қаласының «Достық үйі» ғимаратында қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясыжанындағы Ақсақалдар және Аналар кеңесінің бірлескен отырысы өтті. Іс-шара барысында Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының маңызы түсіндіріліп, мазмұнды баяндамалар жасалды. Жиынға кеңес мүшелері мен этномәдени бірлестіктердің өкілдері қатысты. Кездесуде Шымкент қаласы ҚХА жанындағы Аналар кеңесінің төрайымы Гүлжан Сүгірбаева жаңа Конституцияда дәстүрлі ұлттық құндылықтарды сақтау мен отбасы институтын нығайтуға бағытталған жүйелі өзгерістер қамтылғанын атап өтті. Оның айтуынша, құжаттың кіріспе бөлігі жаңартылып, Ұлы даланың тарихи сабақтастығына сүйене отырып, Ата Заңның негізгі мақсат-міндеттері айқындалған. Спикер сондай-ақ отбасы, неке, ұлттық бірлік секілді құндылықтарды қорғау, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын тең дәрежеде қамтамасыз ету мәселелеріне ерекше мән берілгенін…
Бүгін Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбектің қатысуымен Ж.Тәшенов университетінің жанындағы ғылыми-сарапшылық қауымдастық өкілдерімен дөңгелек үстел өтті. Басқосу барысында жаңа Конституцияның негізгі ережелері жан-жақты түсіндіріліп, құжатта айқындалған басты бағыттар мен енгізілетін өзгерістер кеңінен талқыланды. Кездесу аясында адам құқықтары мен бостандықтарының басымдығын күшейту, цифрлық қауіпсіздікті мемлекеттік деңгейде нақты бекіту, сондай-ақ билік тармақтары арасындағы институционалдық өзгерістердің мәні сараланды. Қатысушылар реформалардың елдің құқықтық жүйесін жаңғыртудағы рөліне тоқталып, оның қоғам тұрақтылығын қамтамасыз етудегі маңызын атап өтті. Талқылаудың негізгі өзегіне айналған тақырыптардың бірі – Қазақстан Республикасыдамуының стратегиялық басымдықтары. Конституцияда белгіленген бұл бағыттар адами капиталды дамытуға, білім мен ғылымды қолдауға, инновациялық әлеуетті арттыруға басымдық береді.…
Шымкентқаласындағы «Отбасын қолдау орталығында» қала тұрғындарымен кездесу өтті. Басқосуға қандастар, еңбек адамдары мен зейнеткерлер қатысып, жаңа Конституцияда көзделген әлеуметтік құқықтар мен кепілдіктер кеңінен түсіндірілді. Жиынға арнайы қатысқан заңгер-срапашы Ердәулет Тастанбек баяндама жасап, Ата заңды маңыздылығына тоқталды. Оның айтуынша, 1995 жылы қабылданған Конституция өз кезеңінің талаптарына толық жауап бергенімен, қазіргі жаһандық өзгерістер мен жаңа сын-қатерлер жағдайында құқықтық жүйені жетілдіру уақыт талабы болып отыр. – Әлем қарқынды өзгеруде. Заң қоғамның дамуына серпін беріп, азаматтардың мүмкіндіктерін кеңейтуге қызмет етуі тиіс. Уақыт өткен сайын жаңа талаптар туындайды. Сондықтан жаңа Конституция – бұл ең алдымен әділеттілік қағидатын нығайтып, әр азаматтың құқығын заманауи жағдайда тиімді…
Шымкентте конституциялық реформалардың мазмұнын түсіндіру бағытындағы жұмыстар еңбек ұжымдарында жүйелі түрде жалғасуда. Кезекті кездесу Шымкентқаласындағы «A.R.T. Сапалы Құрылыс»ЖШС қызметкерлерімен өтті. Басқосу барысында Конституцияға енгізілетін жаңашылдықтар мен тұжырымдамалық өзгерістер жан-жақты талқыланды. Алғашында түзетулер шамамен 40 бапты қамтиды деп жоспарланған болатын. Алайда қоғамдық талқылаулар мен ұсыныстар нәтижесінде өзгерістер ауқымы кеңейіп, саяси және әлеуметтік өмірдің түрлі салаларын қамтыды. Қазіргі таңда Конституцияның барлық бөлімдерін қамтитын 77 бапқа өзгеріс енгізу көзделіп отыр. Жиында баяндама жасаған М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетіхалықаралық қатынастар және халықаралық құқық кафедрасының доценті Ермек Бекбосынов Ата заңдағы негізгі тұжырымдамалық өзгерістердің мәніне тоқталды. Оның айтуынша, жаңартылған Конституция мемлекеттің адамға бағдарланған моделін күшейтуге,…
