Close Menu
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯДА БАРЛЫҚ ӨТПЕЛІ РӘСІМДЕР, МЕРЗІМДЕР МЕН РЕГЛАМЕНТТЕР НАҚТЫ ЖАЗЫЛАДЫ
  • СОТ ШЕШІМІНСІЗ БАСПАНАДАН ШЫҒАРУҒА ЖОЛ БЕРМЕУДІ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯСЫНДА БЕКІТУ ҰСЫНЫЛДЫ
  • ЖҮРГІЗІЛГЕН ЖҰМЫС ПЕН ТАЛҚЫЛАУДЫҢ КЕҢДІГІ ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ ЖОБАСЫН БҮКІЛХАЛЫҚТЫҚ РЕФЕРЕНДУМҒА ШЫҒАРУҒА МҮМКІНДІК БЕРЕДІ
  • КЕЛІП ТҮСКЕН ҰСЫНЫСТАР ЕСКЕРІЛІП, ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ ЖОБАСЫНА ҚОСЫМША НОРМАЛАР ЕНГІЗІЛДІ
  • МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ: ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ – МЕМЛЕКЕТТІҢ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫ КЕПІЛІ
  • Шымкент: Автокөлік саласының өкілдері жаңа Конституцияны қолдайды
  • Шымкентте медицина саласы өкілдері жаңа Конституция жобасын қолдау білдірді
  • Шымкентте этномәдени бірлестік өкілдері жаңа Конституция жобасына қолдау білдірді
Facebook X (Twitter) Instagram
OITAMYZYQOITAMYZYQ
Demo
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский
OITAMYZYQOITAMYZYQ
Home » Шымкентте Жаңа Конституция жобасы кітапханашылар қатысуымен талқыланды
Санатталмаған

Шымкентте Жаңа Конституция жобасы кітапханашылар қатысуымен талқыланды

authorBy author9 февраля, 2026Комментариев нет2 Views
Facebook Twitter Pinterest LinkedIn WhatsApp Reddit Tumblr Email
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

 

Шымкент қаласындағы әл-Фараби атындағы қалалық ғылыми-әмбебап кітапхана бүгінде тек кітап пен білімнің ғана емес, қоғамдық ой мен азаматтық пікірдің ашық алаңына айналып келеді. Мұнда әдеби-мәдени іс-шаралармен қатар, ел өміріндегі өзекті мәселелер кеңінен талқыланып, қоғамдық сананы қалыптастыруға бағытталған бастамалар жүзеге асуда.

Осы бағыттағы маңызды шаралардың бірі ретінде кітапхана қабырғасында Қазақстан Республикасының Жаңа Конституциясының жобасын талқылауға арналған келелі кеңес өтті. Жиынға кітапхана ұжымы қатысып, ел болашағын айқындайтын басты құжатқа қатысты өз ой-пікірлерін ортаға салды.

Руханият ордасында өткен басқосуда айтылған әрбір пікірдің салмағы бөлек болды. Мемлекет тағдыры мен ұлттың ертеңі сөз болған жиында кітапханашылардың азаматтық ұстанымы айқын көрінді.

Кітапхана директоры Анар Жаппарқұлова өз сөзінде Ата Заңның тарихи маңызына тоқталып, жаңа Конституцияның басты ерекшеліктерін атап өтті.

– Конституциямыздың ана тілімізде жазылуы – үлкен рухани жетістік. Ең бастысы, бұл құжат халықтың тікелей қатысуымен талқыланып, ел болып қабылдануда. Әр азаматтың ұсынысы ескеріліп, пікірі тыңдалуы – шынайы демократиялық үдерістің көрінісі, – деді ол.

Сондай-ақ, жаңартылған Ата Заңның тек құқықтық нормалар жиынтығы емес, мемлекеттің алдағы даму бағытын айқындайтын стратегиялық құжат екенін атап өтті. Осыған орай, оны талқылауға қоғамның барлық өкілінің белсенді қатысуы аса маңызды екеніне назар аударды.

Жиын барысында Конституцияның жаңа редакциясындағы негізгі өзгерістер мен басым бағыттар қолданыстағы нұсқамен салыстырыла отырып таныстырылды. Мемлекеттің дамуына негіз болатын мызғымас қағидаттар мен құндылықтардың нақты айқындалғаны айтылды. Әсіресе, егемендік пен тәуелсіздікті қорғау мәселесіне ерекше мән берілді.

Кітапхана директорының орынбасары Гүлмира Алпысбаева Конституциядағы өзгерістер қоғамдағы тұрақтылық пен қоғамдық келісімді нығайтуға бағытталғанын жеткізді.

– Тәуелсіздікті қорғау – әр азаматтың қасиетті парызы. Жаңа Конституция осы жауапкершілікті заңдық деңгейде бекітіп отыр. Бұл мемлекет пен халық арасындағы сенімді арттыратын маңызды қадам, – деді ол.

Пікірталас барысында көрмелік-бұқаралық жұмыс секторының маманы Мейіржан Жақып та сөз алып, Ата Заңның ағартушылық маңызына тоқталды. Оның айтуынша, Конституция азаматтардың құқықтық мәдениетін арттырып, қоғамның саяси белсенділігін күшейтуге ықпал етеді.

– Конституция – әр азамат білуге тиіс, күнделікті өмірде басшылыққа алатын басты құжат. Жаңа Ата Заңды тек заңгерлердің ісі деп емес, халықпен бірге талқылау – оны шынайы халықтық құжатқа айналдырады, – деді ол.

Сарапшылардың пікірінше, 2026 жылғы конституциялық реформа Қазақстанның тәуелсіздігін сақтау мен нығайтуға бағытталған құқықтық тетіктерді жүйелеп, мемлекеттің ұзақ мерзімді дамуына берік негіз қалайды. Жаңартылған Конституция елдің орнықты дамуын, ұлттық бірегейлігі мен мемлекеттік тұтастығын қорғауға қызмет ететін стратегиялық бағдар болмақ.

Кітапхана қабырғасында өткен бұл жиын бір шындықты айқын көрсетті: Ата Заң – тек мемлекеттік биліктің құжаты емес, бүкіл халықтың ортақ келісімінің нәтижесі. Ал оны талқылау – азаматтық сананың, ел болашағына деген жауапкершіліктің жарқын көрінісі.

Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Telegram Email
author

Related Posts

ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯДА БАРЛЫҚ ӨТПЕЛІ РӘСІМДЕР, МЕРЗІМДЕР МЕН РЕГЛАМЕНТТЕР НАҚТЫ ЖАЗЫЛАДЫ

11 февраля, 2026

СОТ ШЕШІМІНСІЗ БАСПАНАДАН ШЫҒАРУҒА ЖОЛ БЕРМЕУДІ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯСЫНДА БЕКІТУ ҰСЫНЫЛДЫ

11 февраля, 2026

ЖҮРГІЗІЛГЕН ЖҰМЫС ПЕН ТАЛҚЫЛАУДЫҢ КЕҢДІГІ ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ ЖОБАСЫН БҮКІЛХАЛЫҚТЫҚ РЕФЕРЕНДУМҒА ШЫҒАРУҒА МҮМКІНДІК БЕРЕДІ

11 февраля, 2026
Leave A Reply Cancel Reply

© 2026 Designed by SamDev.kz
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.