Close Menu
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • Шымкентте «Халықаралық волонтерлер жылы – 2026» аясында жастар кездесуі өтті
  • Шымкентте «Жас сақшы» жобасы жаңа деңгейге көтерілуде
  • Университет культуры и искусства и новый Театр оперы и балета: два масштабных проекта реализуют в Шымкенте
  • Шымкентте Мәдениет және өнер университеті құрылып, жаңа Опера және балет театры салынады
  • МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ӨЗБЕКСТАНҒА ЖҰМЫС САПАРЫМЕН БАРДЫ
  • 27 ШЫМКЕНТТІК ӘСКЕРГЕ АТТАНДЫ
  • Қауіпсіз мектеп: Шымкентте 500 оқушы полиция бастығымен кездесті
  • Безопасная школа: в Шымкенте 500 школьников встретились с главой полиции
Facebook X (Twitter) Instagram
OITAMYZYQOITAMYZYQ
Demo
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский
OITAMYZYQOITAMYZYQ
Home » Шымкент қалалық Қоғамдық кеңесі Жаңа Конституция жобасын қолдайды
Санатталмаған

Шымкент қалалық Қоғамдық кеңесі Жаңа Конституция жобасын қолдайды

authorBy author2 февраля, 2026Комментариев нет3 Views
Facebook Twitter Pinterest LinkedIn WhatsApp Reddit Tumblr Email
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

 

Шымкент қалалық Қоғамдық кеңесінің мүшелері Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы жобасын талқылап, оның ел дамуы үшін стратегиялық маңызын атап өтті. Кеңес мүшелерінің пікірінше, қолданыста болған Конституцияның 84 пайызына өзгерістер мен толықтырулар енгізілуіне байланысты Мемлекеттің басты заңдық құжатын «Жаңа Конституция» деп атауға толық негіз бар. Сонымен қатар, көпшілік талқысына ұсынылған құжат жобасына қатысты бірқатар ұсыныстар мен пікірлер ортаға салынды.

Жиынды Шымкент қалалық Қоғамдық кеңесінің төрағасы Бұхарбай Парманов жүргізді. Басқосуға Шымкент қалалық мәслихатының төрағасы, Конституциялық реформа жөніндегі комиссия мүшесі Бахадыр Нарымбетов қатысып, Жаңа Конституция жобасында қамтылған негізгі бағыттарға жан-жақты тоқталды.

Бахадыр Нарымбетовтің айтуынша, Конституция жобасын әзірлеу барысында қазақстандықтардан түскен 2000-нан астам ұсыныс пен пікір ескерілген. Құжат бүгінгі заман талаптары мен озық халықаралық тәжірибелерге сүйене отырып дайындалған.

– Жаңа Конституцияның кіріспесі мен алғашқы үш бабында-ақ оның саяси бағыты мен мәні айқын көрінеді. Мемлекеттік мүдде, тәуелсіздігіміздің беріктігі және қоғам пікірі толық қамтылған. Бұл – еліміздің болашағына бағытталған маңызды қадам, – деді ол.

Сондай-ақ, мәслихат төрағасы Конституциялық реформа жөніндегі комиссия отырыстарында қаралған мәселелерді Қоғамдық кеңес мүшелеріне егжей-тегжейлі түсіндіріп, жаңа құқықтық нормалар қоғамдық келісім мен тұрақтылықты нығайтуға негіз болатынын атап өтті.

Жиын барысында Жаңа Конституция жобасында адам құқықтарын қорғау тетіктері жаңа деңгейге көтерілгені, бір палаталы Парламент жағдайында заң шығару үдерісінің жеделдеп, Парламент пен Үкіметтің жұмыс тиімділігі артатыны айтылды.

Осы мазмұнда пікір білдірген Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек Жаңа Конституцияның маңызын ерекше атап өтті.

– Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы – бұл тек құқықтық құжат емес, халқымыздың тарихи жолын, бүгінгі болмысын және болашаққа деген айқын бағдарын айқындайтын іргелі негіз. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың саяси жүйені жаңғырту жөніндегі бастамалары аясында бір палаталы Парламент құру арқылы мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттыру көзделіп отыр, – деді ол.

Сәрсен Құранбектің айтуынша, Конституция жобасының кіріспесінде қазақ мемлекеттілігінің тарихи сабақтастығы, егемендік, тәуелсіздік пен аумақтық тұтастықтың мызғымастығы нақты бекітілген. Негізгі заң «Әділетті Қазақстан» және «Заң мен тәртіп» қағидаттарына сүйене отырып, адам құқықтары мен бостандықтарының басымдығын қамтамасыз етеді.

Сонымен қатар, Конституцияның екінші бөлімінде азаматтардың негізгі құқықтары мен міндеттері теңгерімді түрде айқындалған. Парламент кәсіби әрі ықпалды өкілді орган ретінде жаңартылып, билік тармақтарының тепе-теңдігін қамтамасыз етуге бағытталған тетіктер күшейтіледі.

Конституциялық соттың, адвокатура институтының және Қазақстан Халық Кеңесінің конституциялық деңгейде бекітілуі азаматтардың құқықтарын қорғауды күшейтіп, халық пен билік арасындағы тұрақты диалогты нығайтуға мүмкіндік береді. Конституцияға енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар тек жалпыхалықтық референдум арқылы қабылданады.

Жиын қорытындысында Шымкент қалалық Қоғамдық кеңесінің мүшелері Жаңа Конституция жобасында көтерілген бастамаларға толық қолдау білдіріп, оны елдің тұрақты дамуына, әділ қоғам қалыптастыруға және болашақ ұрпақ игілігіне бағытталған маңызды тарихи қадам ретінде бағалады.

Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Telegram Email
author

Related Posts

Шымкентте «Халықаралық волонтерлер жылы – 2026» аясында жастар кездесуі өтті

17 апреля, 2026

Шымкентте «Жас сақшы» жобасы жаңа деңгейге көтерілуде

17 апреля, 2026

Университет культуры и искусства и новый Театр оперы и балета: два масштабных проекта реализуют в Шымкенте

14 апреля, 2026
Leave A Reply Cancel Reply

© 2026 Designed by SamDev.kz
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.