Close Menu
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • Шымкентте «Халықаралық волонтерлер жылы – 2026» аясында жастар кездесуі өтті
  • Шымкентте «Жас сақшы» жобасы жаңа деңгейге көтерілуде
  • Университет культуры и искусства и новый Театр оперы и балета: два масштабных проекта реализуют в Шымкенте
  • Шымкентте Мәдениет және өнер университеті құрылып, жаңа Опера және балет театры салынады
  • МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ӨЗБЕКСТАНҒА ЖҰМЫС САПАРЫМЕН БАРДЫ
  • 27 ШЫМКЕНТТІК ӘСКЕРГЕ АТТАНДЫ
  • Қауіпсіз мектеп: Шымкентте 500 оқушы полиция бастығымен кездесті
  • Безопасная школа: в Шымкенте 500 школьников встретились с главой полиции
Facebook X (Twitter) Instagram
OITAMYZYQOITAMYZYQ
Demo
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский
OITAMYZYQOITAMYZYQ
Home » ШЫМКЕНТТЕ ПАРАЛИМПИАДАЛЫҚ ЖӘНЕ СУРДЛИМПИАДАЛЫҚ СПОРТ КЕШЕНІ САЛЫНАДЫ
Санатталмаған

ШЫМКЕНТТЕ ПАРАЛИМПИАДАЛЫҚ ЖӘНЕ СУРДЛИМПИАДАЛЫҚ СПОРТ КЕШЕНІ САЛЫНАДЫ

authorBy author30 января, 2026Комментариев нет6 Views
Facebook Twitter Pinterest LinkedIn WhatsApp Reddit Tumblr Email
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

 

Шымкент қаласында әлеуметтік маңызы зор ірі жоба – паралимпиадалық және сурдлимпиадалық спорт түрлеріне арналған заманауи спорт кешенінің құрылысы басталды. Болашақ нысанның орнында символикалық капсула салу рәсіміне қала әкімі Ғабит Сыздықбеков қатысты.

Іс-шара барысында мегаполис басшысы инклюзивті спорт инфрақұрылымын дамытудың және қала тұрғындары үшін тең мүмкіндіктер қалыптастырудың маңыздылығын атап өтті.

«Бұл кешен спорт нысаны ғана емес, ерекше қажеттіліктері бар жандар үшін мүмкіндіктер кеңістігіне айналады. Біздің міндетіміз – қолжетімді орта қалыптастырып, белсенді өмір салтын ұстануды қолдау және Шымкент пен еліміздің атын халықаралық аренада абыроймен қорғайтын спортшыларды даярлауға жағдай жасау», – деп атап өтті Ғабит Сыздықбеков.

Айта кетейік, спорт кешенінің жалпы аумағы 16 800 шаршы метрден асады. Нысан аумағында футбол алаңы, екі әмбебап спорт залы, жекпе-жек спорт түрлеріне, спорттық билерге, үстел ойындарына, армрестлинг пен пауэрлифтингке арналған арнайы залдар, сондай-ақ, жүзу бассейні мен автотұрақ қарастырылған.

Сонымен қатар, жоба аясында воркаут алаңы, жүгіру және велосипед жолақтары болады. Бұл кешен аумағын жаттығулар мен белсенді демалысқа арналған көпфункционалды кеңістік ретінде пайдалануға мүмкіндік береді.

Жоба Мемлекет басшысының тапсырмалары аясында жүзеге асырылып, инклюзивті спортты дамытуға, салауатты өмір салтын насихаттауға және жайлы қалалық орта қалыптастыруға бағытталған. Жаңа спорт кешені өңірдегі бейімделген жетекші спорт орталықтарының біріне айналады деп күтілуде.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Telegram Email
author

Related Posts

Шымкентте «Халықаралық волонтерлер жылы – 2026» аясында жастар кездесуі өтті

17 апреля, 2026

Шымкентте «Жас сақшы» жобасы жаңа деңгейге көтерілуде

17 апреля, 2026

Университет культуры и искусства и новый Театр оперы и балета: два масштабных проекта реализуют в Шымкенте

14 апреля, 2026
Leave A Reply Cancel Reply

© 2026 Designed by SamDev.kz
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.