Close Menu
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • Шымкентте «Халықаралық волонтерлер жылы – 2026» аясында жастар кездесуі өтті
  • Шымкентте «Жас сақшы» жобасы жаңа деңгейге көтерілуде
  • Университет культуры и искусства и новый Театр оперы и балета: два масштабных проекта реализуют в Шымкенте
  • Шымкентте Мәдениет және өнер университеті құрылып, жаңа Опера және балет театры салынады
  • МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ӨЗБЕКСТАНҒА ЖҰМЫС САПАРЫМЕН БАРДЫ
  • 27 ШЫМКЕНТТІК ӘСКЕРГЕ АТТАНДЫ
  • Қауіпсіз мектеп: Шымкентте 500 оқушы полиция бастығымен кездесті
  • Безопасная школа: в Шымкенте 500 школьников встретились с главой полиции
Facebook X (Twitter) Instagram
OITAMYZYQOITAMYZYQ
Demo
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский
OITAMYZYQOITAMYZYQ
Home » «AMANAT» ПАРТИЯСЫ: МӘЖІЛІС ДЕПУТАТЫ МЕКТЕПТІҢ ЖАЙ-КҮЙІМЕН ТАНЫСТЫ
Санатталмаған

«AMANAT» ПАРТИЯСЫ: МӘЖІЛІС ДЕПУТАТЫ МЕКТЕПТІҢ ЖАЙ-КҮЙІМЕН ТАНЫСТЫ

authorBy author8 января, 2026Комментариев нет6 Views
Facebook Twitter Pinterest LinkedIn WhatsApp Reddit Tumblr Email
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

 

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Болатбек Нажметдинұлы Шымкент қаласына жұмыс сапарымен келіп, бірқатар әлеуметтік нысандарды аралады. Іссапар барысында депутат А.Бөкейханов атындағы №2 жалпы орта мектебінің жағдайымен танысып, білім ордасындағы өзекті мәселелерге назар аударды.

Кездесуге Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек, «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалы атқарушы хатшысының орынбасары Ербол Байқонысов, фракция жетекшісі, мәслихат депутаты Байкен Әшірбаев және Білім басқармасының басшысы Қуаныш Ысқақов қатысты.

Басқосу барысында мектеп директоры Радагүл Ибраева ғимараттың әбден ескіргенін айтып, оны жаңарту қажеттігін көтерді. Оның сөзінше, арнайы мамандар мектеп ғимаратының жаңартуға жататыны жөнінде тиісті қорытынды берген.

Өз кезегінде қала әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек мектеп ғимаратының тозығы жеткенін атап өтті.
«Жаңа ғимарат салуға талапқа сай жер көлемінің жетіспеушілігі бар. Дегенмен, мектепті күрделі жөндеуден өткізуге толық мүмкіндік қарастырылып отыр», – деді ол.

Мәжіліс депутаты Болатбек Нажметдинұлы мәселені заң аясында қарау қажеттігін айтып, егер жаңа ғимарат салуға жер тапшылығы кедергі келтірсе, жөндеу жұмыстарын жүзеге асыру керектігін тапсырды.
«Ең бастысы – оқушылардың қауіпсіздігі мен сапалы білім алуына жағдай жасау. Сондықтан бұл мәселе кешенді түрде шешілуі тиіс», – деді депутат.

Айта кетейік, А.Бөкейханов атындағы №2 жалпы орта мектебінің іргетасы 1958 жылы қаланған. Соңғы рет 2011 жылы шатыр мен терезелері ауыстырылып, күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілген. Қазіргі таңда мектепте 700-ден астам оқушы білім алады. Ал ғимараттың жобалық қуаттылығы 530 орынға шақталған.

#AMANAT

Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Telegram Email
author

Related Posts

Шымкентте «Халықаралық волонтерлер жылы – 2026» аясында жастар кездесуі өтті

17 апреля, 2026

Шымкентте «Жас сақшы» жобасы жаңа деңгейге көтерілуде

17 апреля, 2026

Университет культуры и искусства и новый Театр оперы и балета: два масштабных проекта реализуют в Шымкенте

14 апреля, 2026
Leave A Reply Cancel Reply

© 2026 Designed by SamDev.kz
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.