Close Menu
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯДА БАРЛЫҚ ӨТПЕЛІ РӘСІМДЕР, МЕРЗІМДЕР МЕН РЕГЛАМЕНТТЕР НАҚТЫ ЖАЗЫЛАДЫ
  • СОТ ШЕШІМІНСІЗ БАСПАНАДАН ШЫҒАРУҒА ЖОЛ БЕРМЕУДІ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯСЫНДА БЕКІТУ ҰСЫНЫЛДЫ
  • ЖҮРГІЗІЛГЕН ЖҰМЫС ПЕН ТАЛҚЫЛАУДЫҢ КЕҢДІГІ ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ ЖОБАСЫН БҮКІЛХАЛЫҚТЫҚ РЕФЕРЕНДУМҒА ШЫҒАРУҒА МҮМКІНДІК БЕРЕДІ
  • КЕЛІП ТҮСКЕН ҰСЫНЫСТАР ЕСКЕРІЛІП, ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ ЖОБАСЫНА ҚОСЫМША НОРМАЛАР ЕНГІЗІЛДІ
  • МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ: ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ – МЕМЛЕКЕТТІҢ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫ КЕПІЛІ
  • Шымкент: Автокөлік саласының өкілдері жаңа Конституцияны қолдайды
  • Шымкентте медицина саласы өкілдері жаңа Конституция жобасын қолдау білдірді
  • Шымкентте этномәдени бірлестік өкілдері жаңа Конституция жобасына қолдау білдірді
Facebook X (Twitter) Instagram
OITAMYZYQOITAMYZYQ
Demo
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский
OITAMYZYQOITAMYZYQ
Home » «AMANAT» ПАРТИЯСЫ: МӘЖІЛІС ДЕПУТАТЫ ШЫМКЕНТКЕ ІС-САПАРМЕН КЕЛДІ
Санатталмаған

«AMANAT» ПАРТИЯСЫ: МӘЖІЛІС ДЕПУТАТЫ ШЫМКЕНТКЕ ІС-САПАРМЕН КЕЛДІ

authorBy author5 января, 2026Updated:8 января, 2026Комментариев нет2 Views
Facebook Twitter Pinterest LinkedIn WhatsApp Reddit Tumblr Email
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Данабек Исабек Шымкент қаласына арнайы жұмыс сапарымен келді. Іссапардың алғашқы күні халық қалаулысы мегаполистегі бірқатар нысандарды аралап, атқарылып жатқан жұмыстардың барысымен танысты. Сапар аясындағы алғашқы нысандардың бірі – қаладағы дендрологиялық саябақ болды.

Жалпы аумағы 117 гектардан асатын дендросаябақ – Шымкенттің экологиялық тепе-теңдігін сақтауда маңызды рөл атқаратын жасыл аймақтардың бірі. Мекеме директоры Есдәулет Достияровтың айтуынша, соңғы жылдары саябақтағы өсімдіктердің гендік қорын арттыру бағытында жүйелі жұмыстар жүргізіліп келеді. Нәтижесінде былтыр гендік қор 214 түрден 330 түрге дейін көбейтілген.

– Дендросаябақты дамыту мақсатында Өзбекстан, Қырғызстан және Грузия елдерінің ботаникалық бақтарымен, сондай-ақ Астана, Алматы, Щучинск қалаларындағы ботаникалық бақтармен меморандумдар жасалды. Соның негізінде саябақта бұрын болмаған интродукциялық ағаш-бұта тұқымдары, көшеттер мен жасыл қаламшалар әкелінді. Қазіргі таңда бұл материалдар жылыжай жағдайында өсіріліп жатыр, – деді Есдәулет Достияров.

Саябақ аумағын суғару жұмыстары тұрақты түрде табиғи ағын сумен жүзеге асырылуда. Бұдан бөлек, аумақта орналасқан үш су ұңғымасы да кейбір учаскелерді суғару үшін пайдаланылып келеді. Сонымен қатар, су тапшылығы байқалатын аймақтарды толық қамту мақсатында ұзындығы 4 мың метрді құрайтын су құбырларын жүргізу жұмыстары қолға алынған. Алдағы уақытта саябақты су жүйесімен қамту деңгейін 100 пайызға жеткізу жоспарланып отыр.

Жұмыс сапары барысында Мәжіліс депутаты дендросаябақты дамыту шаралары «AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасында көрініс тапқанын атап өтті.

– «AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасында қаланың жасыл аймақтарын сақтау, экологиялық мәдениетті қалыптастыру және тұрғындарға қолайлы орта құру мәселелеріне ерекше басымдық берілген. Бүгінде дендросаябақта атқарылып жатқан жұмыстар осы бағдарламалық міндеттердің нақты жүзеге асып жатқанын көрсетеді. Бұл – партия, жергілікті атқарушы органдар және жауапты мекемелердің бірлескен, жүйелі жұмысының нәтижесі, – деді Данабек Исабек.

Сонымен қатар, депутат демеушілер есебінен жүзеге асырылып жатқан абаттандыру жұмыстарына да оң бағасын берді. Атап айтқанда, саябақ аумағында бірқатар инфрақұрылымдық жобалар жүзеге асқан. Кіру қақпасы маңындағы 2200 шаршы метр аумақта тас төсеніштер (брусчатка) толық жаңартылып, саябақтағы төрт спорт алаңшасы қазіргі заман талаптарына сай қайта жөнделді. Бұдан бөлек, мүгедектігі бар балаларға арналған төрт арнайы ойын алаңшасы салынған. Келушілердің демалуына қолайлы жағдай жасау мақсатында 30 орындық орнатылып, жарықтандыру бағаналары қойылды.

Халық қалаулысының айтуынша, дендрологиялық саябақта атқарылып жатқан кешенді жұмыстар қаланың экологиялық ахуалын жақсартып қана қоймай, тұрғындар үшін қауіпсіз әрі жайлы демалыс кеңістігін қалыптастыруға мүмкіндік береді. Бұл бағыттағы бастамалар алдағы уақытта да партиялық бақылауда болып, жоспарлы түрде жалғасын табады.

#AMANAT

Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Telegram Email
author

Related Posts

ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯДА БАРЛЫҚ ӨТПЕЛІ РӘСІМДЕР, МЕРЗІМДЕР МЕН РЕГЛАМЕНТТЕР НАҚТЫ ЖАЗЫЛАДЫ

11 февраля, 2026

СОТ ШЕШІМІНСІЗ БАСПАНАДАН ШЫҒАРУҒА ЖОЛ БЕРМЕУДІ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯСЫНДА БЕКІТУ ҰСЫНЫЛДЫ

11 февраля, 2026

ЖҮРГІЗІЛГЕН ЖҰМЫС ПЕН ТАЛҚЫЛАУДЫҢ КЕҢДІГІ ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ ЖОБАСЫН БҮКІЛХАЛЫҚТЫҚ РЕФЕРЕНДУМҒА ШЫҒАРУҒА МҮМКІНДІК БЕРЕДІ

11 февраля, 2026
Leave A Reply Cancel Reply

© 2026 Designed by SamDev.kz
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.