Close Menu
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • ПЕРВЫЙ ЗАМЕСТИТЕЛЬ ПРЕМЬЕР-МИНИСТРА НУРЛЫБЕК НАЛИБАЕВ ПРИНЯЛ УЧАСТИЕ В ОТКРЫТИИ CITY PARK В ШЫМКЕНТЕ
  • ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІНІҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ НҰРЛЫБЕК НӘЛІБАЕВ ШЫМКЕНТТЕГІ CITY PARK САЯБАҒЫНЫҢ АШЫЛУ САЛТАНАТЫНА ҚАТЫСТЫ
  • В ШЫМКЕНТЕ ОТКРЫЛИ КРУПНЕЙШИЙ ЭКОПАРК НА МЕСТЕ БЫВШЕГО ПОЛИГОНА
  • ШЫМКЕНТТЕ БҰРЫНҒЫ ҚОҚЫС ПОЛИГОНЫНЫҢ ОРНЫНДА АУҚЫМДЫ ІРІ ЭКОПАРК АШЫЛДЫ
  • «ЗАҢ МЕН ТӘРТІП»: ЕҢБЕКШІ АУДАНЫНДА «ҚҰҚЫҚТЫҚ ДӘРІХАНА» АКЦИЯСЫ ӨТКІЗІЛДІ
  • КАДРОВАЯ ПОЛИТИКА ШЫМКЕНТА ДО 2030 ГОДА: ПРИОРИТЕТЫ РАЗВИТИЯ И ПЕРСПЕКТИВЫ
  • 2030 ЖЫЛҒА ДЕЙІНГІ ШЫМКЕНТТІҢ КАДРЛЫҚ САЯСАТЫ: ДАМУ БАСЫМДЫҚТАРЫ МЕН БОЛАШАҚ МҮМКІНДІКТЕР
  • ДОСТЫҚ ЛАГЕРІ ТАЗАЛЫҚ АКЦИЯСЫМЕН ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ
Facebook X (Twitter) Instagram
OITAMYZYQOITAMYZYQ
Demo
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский
OITAMYZYQOITAMYZYQ
Home » Өндірісті дәріптеген ауқымды диалог
ЖАҢАЛЫҚТАР

Өндірісті дәріптеген ауқымды диалог

authorBy author21 ноября, 2025Updated:24 ноября, 2025Комментариев нет7 Views
Facebook Twitter Pinterest LinkedIn WhatsApp Reddit Tumblr Email
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Бүгін AMANAT партиясының Шымкент қалалық филиалы, партия жанындағы «Жастар Рухы» жастар қанаты және «ПетроҚазақстан Ойл Продактс» ЖШС – Шымкент мұнай өңдеу зауытының ұйымдастыруымен «Жұмысшы жастар» форумы өтті. Іс-шараға «Жастар Рухы» жастар қанатының төрағасы Акерке Искандерова, AMANAT партиясының қалалық филиал төрағасы Мұрат Жолдыхожаев, зауыт президенті Цзян Жиюань, бірінші вице-президент Бақыт Тасқынұлы, қала әкімдігі өкілдері, жас мамандар, студенттер, депутаттар мен спортшылар қатысты.

Форум қатысушылары алдымен зауытқа экскурсия жасап, технологиялық үдерістермен және жас мамандарға арналған мүмкіндіктермен танысты. Кәсіпорындар бос жұмыс орындарын ұсынып, кәсіби бағдар беру бағытында еркін кездесу ұйымдастырды.
Пленарлық отырыс барысында Акерке Искандерова форумның Мемлекет басшысының 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жариялауына орай өткізіліп отырғанын атап өтті. Оның айтуынша, еңбекқор, жаңашыл жастарды біріктіріп, олардың пікірін тыңдайтын алаң қалыптастыру маңызды.
AMANAT партиясы қалалық филиалының төрағасы Мұрат Жолдыхожаев жұмысшы жастарды қолдау бағытындағы жобаларға тоқталды. «Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында іске асып жатқан бастамалардың жастарға жаңа мүмкіндіктер ашатынын, сондай-ақ шымкенттік жастардың қоғамдық өмірге белсенді араласып келе жатқанын айтты. Оның айтуынша, қалада 331 мыңға жуық жас болса, соның 8 мыңнан астамы жастар ұйымдарының мүшесі.
«ПетроҚазақстан Ойл Продактс» ЖШС президенті Цзян Жиюань зауыттағы жаңғырту жұмыстарының жүйелі жүріп жатқанын жеткізді. Ол өндірістің дамуы білікті мамандарға, әсіресе жаңа технологияларды меңгерген жастарға тікелей байланысты екенін айтты. «Жас мамандарға инвестиция – компания болашағына салынған инвестиция», деді ол.
Қырық жылдан астам еңбек өтілі бар цех бастығы Болат Қалдыкөзов жас мамандарға еңбек сүйгіштік, қызығушылық, ұжыммен жұмыс жасау, қателіктен қорықпау және өмір бойы үйренуден жалықпау жөнінде кеңес берді. Мұнай-газ саласының ел экономикасындағы стратегиялық маңызын атап өтті. Зауыттың жас маманы Нұркен Байтенов те механик мамандығының жауапкершілігі мен өндірістегі қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі рөлін айтты. «Қай салада еңбек етсек те, бәрімізді елге қызмет ету ниеті біріктіреді», деді ол.
Зауыттың бірінші вице-президенті Бақыт Тасқынұлы кадр тапшылығы бар екенін, электр инженерлері, механиктер, операторлар мен цифрлық басқару мамандарына сұраныс артып отырғанын атап өтті. Компания өндірістік қуаттылықты 6 млн тоннадан 12 млн тоннаға дейін арттыруды жоспарлап отыр. Бұл жаңа жобалар үшін көптеп маман қажет екенін айтты.
Бұдан кейін форум аясында зауыттың 40 жылдық мерейтойына орай бірқатар қатысушыға мерейтойлық медаль табысталды. Іс-шара жұмысшы жастардың кәсіби әлеуетін арттыруға, өндіріс саласындағы жаңа буын мамандарын қолдауға арналған маңызды диалог алаңы ретінде бағаланды.

Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Telegram Email
author

Related Posts

ДОСТЫҚ ЛАГЕРІ ТАЗАЛЫҚ АКЦИЯСЫМЕН ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ

15 июня, 2026

«БІЗ БІРГЕМІЗ»: ШЫМКЕНТТЕ АССАМБЛЕЯ ЖАСТАРЫНЫҢ ДОСТЫҚ ЛАГЕРІ ӨТТІ

15 июня, 2026

ГҮЛГЕ ОРАНҒАН ҚАЛА: ТІК КӨГАЛДАНДЫРУ ШЫМКЕНТТЕ ЖАҢА ДЕҢГЕЙГЕ ШЫҚТЫ

29 мая, 2026
Leave A Reply Cancel Reply

© 2026 Designed by SamDev.kz
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.