Close Menu
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • В ШЫМКЕНТЕ ОТКРЫЛИ КРУПНЕЙШИЙ ЭКОПАРК НА МЕСТЕ БЫВШЕГО ПОЛИГОНА
  • ШЫМКЕНТТЕ БҰРЫНҒЫ ҚОҚЫС ПОЛИГОНЫНЫҢ ОРНЫНДА АУҚЫМДЫ ІРІ ЭКОПАРК АШЫЛДЫ
  • «ЗАҢ МЕН ТӘРТІП»: ЕҢБЕКШІ АУДАНЫНДА «ҚҰҚЫҚТЫҚ ДӘРІХАНА» АКЦИЯСЫ ӨТКІЗІЛДІ
  • КАДРОВАЯ ПОЛИТИКА ШЫМКЕНТА ДО 2030 ГОДА: ПРИОРИТЕТЫ РАЗВИТИЯ И ПЕРСПЕКТИВЫ
  • 2030 ЖЫЛҒА ДЕЙІНГІ ШЫМКЕНТТІҢ КАДРЛЫҚ САЯСАТЫ: ДАМУ БАСЫМДЫҚТАРЫ МЕН БОЛАШАҚ МҮМКІНДІКТЕР
  • ДОСТЫҚ ЛАГЕРІ ТАЗАЛЫҚ АКЦИЯСЫМЕН ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ
  • «БІЗ БІРГЕМІЗ»: ШЫМКЕНТТЕ АССАМБЛЕЯ ЖАСТАРЫНЫҢ ДОСТЫҚ ЛАГЕРІ ӨТТІ
  • ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ ДӘУІРІНДЕГІ КАДРЛАР ДАЯРЛАУ: ШЫМКЕНТТІҢ ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕРІ
Facebook X (Twitter) Instagram
OITAMYZYQOITAMYZYQ
Demo
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский
OITAMYZYQOITAMYZYQ
Home » Қала әкімінің кубогі үшін республикалық пікірсайыс турнирі басталды
ЖАҢАЛЫҚТАР

Қала әкімінің кубогі үшін республикалық пікірсайыс турнирі басталды

authorBy author18 октября, 2025Updated:28 октября, 2025Комментариев нет6 Views
Facebook Twitter Pinterest LinkedIn WhatsApp Reddit Tumblr Email
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Бүгін Шымкент қаласында Республика күні мен Мемлекеттік егемендік туралы Декларацияның 35 жылдығын мерекелеу аясында «Терең тарихтан – жарқын болашаққа!» атты республикалық пікірсайыс турнирінің салтанатты ашылуы өтті. Биылғы турнир Шымкент қаласы әкімінің кубогі үшін ұйымдастырылып отыр.
Іс-шараны құттықтау сөзімен Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек ашып: «Тәуелсіздік бізге оңай келген жоқ. Ата-бабаларымыз азаттық жолында жанын қиып, ел болашағы үшін күресті. Бүгінгі азаттығымыз сол бабалар арманын орындаған ұрпақтың еңбегі екенін ешқашан естен шығаруға болмайды», деді. Ол өз сөзінде жастардың ел болашағы алдындағы жауапкершілігін ерекше атап өтті.
Оның айтуынша, биылғы турнирге еліміздің 9 аймағынан, соның ішінде Астана, Алматы қалалары мен Қызылорда, Ақтөбе, Қарағанды, Түркістан, Тараз және Орал өңірлерінен 200-ден астам спикер қатысып отыр.
«Пікірсайыс – өткеннің тәжірибесін зерделеп, бүгінгі мәселелерді талқылап, ертеңге жол сілтейтін ерекше алаң. Осы турнирде сіздер тарихтан тағылым алып, заманауи ойлармен тоғыстырып, болашаққа бағыт көрсетесіздер деген ойдамын. Шымкент – қазақ халқының көне тарихының куәсі болған қасиетті шаһар. Бүгінде бұл еліміздің ең жасампаз әрі қарқынды дамып келе жатқан жастары бар қала. Турнирдің дәл осы жерде өтуі «Терең тарихтан – жарқын болашаққа» ұранымен үндесіп тұр. Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың: «Біз, ең алдымен, жастарды кітап оқуға баулуымыз керек. Сонда жаппай кітап оқитын ұлтқа айналамыз» деген сөзі осы турнирдің мән-маңызымен толық үндеседі. Себебі пікірсайысқа қатысу тек ойды дамыту ғана емес, білімнен нәр алып, сол білімді ортаға салудың да жарқын көрінісі. Сіздер өз ойларыңызды еркін айтып, ел ертеңіне үлес қосуға мүмкіндік аласыздар. Барша қатысушыға сәттілік тілеймін. Республика күні құтты болсын!» деді Сәрсен Абайұлы.
Турнирдің ашылу салтанатында Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің әлеуметтік және тәрбие жөніндегі проректоры Ғани Бесбаев та сөз сөйлеп, пікірсайыс мәдениетінің жастарды тәрбиелеудегі маңызына тоқталды. Оның айтуынша, бұл турнир білім мен біліктің, ой мен сөздің додасына айналса, құба құп. Мұнда жастардың интеллектуалды әлеуеті дамып, азаматтық ұстанымы қалыптасады. «Республика күні тәуелсіздіктің символы, елдік пен бірліктің мерекесі екені анық. Осындай тарихи дата аясында өтіп отырған турнир ел жастарының қоғам өміріне бейжай қарамайтынын дәлелдейді», деді ол.
Биылғы пікірсайысқа еліміздің тоғыз өңірінен үш жүзге жуық қатысушы, соның ішінде жүзден астам команда мен 120-дан астам фракция жиналып отыр. Олардың қатарында жоғары оқу орындарының студенттерімен бірге мектеп түлектері мен дебат қозғалысына ерте араласқан жас пікірсайысшылар да бар.Турнирдің бас төрешісі Азамат Шәкірдің айтуынша, төрешілік құрамға Шымкенттегі бірнеше жоғары оқу орнының тәжірибелі маманы кірген.
«Барлығы елуге жуық төреші арнайы дайындықтан өтті. Бұл әділ және кәсіби бағалауды қамтамасыз ету мақсатында қолға алынған қадам. Сонымен қатар, пікірсайыс қозғалысының ардагерлері жастарға шеберлік сабақтарын өткізді. Соның өзі тәжірибе мен дәстүр сабақтастығының көрінісі», деді ол. Ал пікірсайыс тақырыптары заман талабына сай өзекті мәселелерді қамтиды. Атап айтқанда, цифрлық қоғам және оның болашағы, мемлекеттік даму стратегиялары, жастар арасындағы буллинг мәселесі, білім көші-қоны және шетелге кету үрдісі, тәжірибе алмасу мәдениеті сынды бағыттар талқыланбақ. Сөз жарыстың басты мақсаты жастардың сыни және аналитикалық ойлау қабілетін дамыту, шешендік өнер мен азаматтық белсенділікті арттыру болып отыр.
Турнир қорытындысында жеңімпаздар мен жүлдегерлерге құнды сыйлықтар мен арнайы марапаттар табысталмақ. Мәселен, бірінші орын иегерлері ноутбукпен, екінші орын иегерлері планшетпен, үшінші және төртінші орын алғандар естелік сыйлықтармен марапатталады. Сонымен қатар, «Үздік спикер», «Үздік төреші», «Үздік талпыныс» сынды арнайы номинациялар да қарастырылған. Айта кету керек, турнир екі күнге жоспарланған. Бүгін басталған сөз бен ой жарысының жеңімпаздары ертең белгілі болады.

Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Telegram Email
author

Related Posts

ДОСТЫҚ ЛАГЕРІ ТАЗАЛЫҚ АКЦИЯСЫМЕН ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ

15 июня, 2026

«БІЗ БІРГЕМІЗ»: ШЫМКЕНТТЕ АССАМБЛЕЯ ЖАСТАРЫНЫҢ ДОСТЫҚ ЛАГЕРІ ӨТТІ

15 июня, 2026

ГҮЛГЕ ОРАНҒАН ҚАЛА: ТІК КӨГАЛДАНДЫРУ ШЫМКЕНТТЕ ЖАҢА ДЕҢГЕЙГЕ ШЫҚТЫ

29 мая, 2026
Leave A Reply Cancel Reply

© 2026 Designed by SamDev.kz
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.