Close Menu
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • ПЕРВЫЙ ЗАМЕСТИТЕЛЬ ПРЕМЬЕР-МИНИСТРА НУРЛЫБЕК НАЛИБАЕВ ПРИНЯЛ УЧАСТИЕ В ОТКРЫТИИ CITY PARK В ШЫМКЕНТЕ
  • ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІНІҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ НҰРЛЫБЕК НӘЛІБАЕВ ШЫМКЕНТТЕГІ CITY PARK САЯБАҒЫНЫҢ АШЫЛУ САЛТАНАТЫНА ҚАТЫСТЫ
  • В ШЫМКЕНТЕ ОТКРЫЛИ КРУПНЕЙШИЙ ЭКОПАРК НА МЕСТЕ БЫВШЕГО ПОЛИГОНА
  • ШЫМКЕНТТЕ БҰРЫНҒЫ ҚОҚЫС ПОЛИГОНЫНЫҢ ОРНЫНДА АУҚЫМДЫ ІРІ ЭКОПАРК АШЫЛДЫ
  • «ЗАҢ МЕН ТӘРТІП»: ЕҢБЕКШІ АУДАНЫНДА «ҚҰҚЫҚТЫҚ ДӘРІХАНА» АКЦИЯСЫ ӨТКІЗІЛДІ
  • КАДРОВАЯ ПОЛИТИКА ШЫМКЕНТА ДО 2030 ГОДА: ПРИОРИТЕТЫ РАЗВИТИЯ И ПЕРСПЕКТИВЫ
  • 2030 ЖЫЛҒА ДЕЙІНГІ ШЫМКЕНТТІҢ КАДРЛЫҚ САЯСАТЫ: ДАМУ БАСЫМДЫҚТАРЫ МЕН БОЛАШАҚ МҮМКІНДІКТЕР
  • ДОСТЫҚ ЛАГЕРІ ТАЗАЛЫҚ АКЦИЯСЫМЕН ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ
Facebook X (Twitter) Instagram
OITAMYZYQOITAMYZYQ
Demo
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский
OITAMYZYQOITAMYZYQ
Home » ТҮРКІСТАН: ЖАРТЫ ЖЫЛДА АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНДА 216,9 МЛРД ТЕҢГЕНІҢ ӨНІМІ ӨНДІРІЛДІ
Қоғам

ТҮРКІСТАН: ЖАРТЫ ЖЫЛДА АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНДА 216,9 МЛРД ТЕҢГЕНІҢ ӨНІМІ ӨНДІРІЛДІ

authorBy author24 июля, 2024Updated:25 июля, 2024Комментариев нет0 Views
Facebook Twitter Pinterest LinkedIn WhatsApp Reddit Tumblr Email
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email
Түркістан облысының қолайлы ауа-райы ауыл шарушашылығы өнімдерін жыл бойы өсіруге мүмкіндік береді. Өңір халқы да ауыл шаруағашылығына машықтанған. 2024 жылдың 6 айдағы көрсеткіші бойынша ауыл шаруашылығы саласында оң өсім байқалады. Түркістан облысында жыл басынан бері өнім көлемі 216,9 млрд теңгені құрап, өсім 107,1%-ға жетті. Бұл – республикада жоғарғы көрсеткіш.
578,5 мың тонна ет және сүт өнімі жиналды. Нәтижесінде мал шаруашылығының өнім көлемі 171,2 млрд теңгені құрап, өсім 106,9% көрсетті. Оның ішінде, 139% – Сайрам ауданының, 132% – Қазығұрт ауданының, 125% – Кентау қаласының үлесінде.
Облысқа қарасты елді мекендерде егін алқаптарының аумағы ұлғайып келеді. Өнім көлемі де артқан. Биыл 23,6 мың тонна бидай, арпа және бақша өнімі жиналды (105,5%). Егін шаруашылығының көлемі 41,4 млрд теңгеге жетіп, өсім қарқыны 109%-ға артты. Оның ішінде, Бәйдібек ауданында өсім қарғыны 11,6 есе артса, Қазығұртта – 117%, Шардарада – 112,2%-ға жетті.
Өңір басшысы Дархан Сатыбалды кезекті мәжілісте жауапты сала басшысы мен аудан, қала әкімдеріне өнімділікті арттыруды тапсырды. Кемшіліктерге жол бермеуді, жаңа технологияларды ендіру бойынша жұмысты күшейтуді жүктеді.
Айта кетейік, Мемлекет басшысының тапсырмасымен елімізде ауыл шаруашылығында су үнемдеу әдістері мен технологияларына кешенді көшу шаралары қабылдануда. Өңірде егін алқаптарына су үнемдеу технологиясын ендіру жұмыстарынан бөлек, осы технологияларды шығару қолға алынған. Атап айтқанда, Түркістан облысында су үнемдеу технологияларын шығаратын жергілікті кәсіпорындар ашылуда. Жыл басында «BNK Group LTD» ЖШС-нің «Жылына 1000 дана жаңбырлатып суғару машиналарын шығару» зауыты іске қосылды. Бұдан бөлек, тамшылатып суғару жүйесін шығаратын 2 кәсіпорынды іске қосу бойынша жұмыстар жүргізілуде.
Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Telegram Email
author

Related Posts

ДОСТЫҚ ЛАГЕРІ ТАЗАЛЫҚ АКЦИЯСЫМЕН ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ

15 июня, 2026

«БІЗ БІРГЕМІЗ»: ШЫМКЕНТТЕ АССАМБЛЕЯ ЖАСТАРЫНЫҢ ДОСТЫҚ ЛАГЕРІ ӨТТІ

15 июня, 2026

ГҮЛГЕ ОРАНҒАН ҚАЛА: ТІК КӨГАЛДАНДЫРУ ШЫМКЕНТТЕ ЖАҢА ДЕҢГЕЙГЕ ШЫҚТЫ

29 мая, 2026
Leave A Reply Cancel Reply

© 2026 Designed by SamDev.kz
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.