Close Menu
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • ПЕРВЫЙ ЗАМЕСТИТЕЛЬ ПРЕМЬЕР-МИНИСТРА НУРЛЫБЕК НАЛИБАЕВ ПРИНЯЛ УЧАСТИЕ В ОТКРЫТИИ CITY PARK В ШЫМКЕНТЕ
  • ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІНІҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ НҰРЛЫБЕК НӘЛІБАЕВ ШЫМКЕНТТЕГІ CITY PARK САЯБАҒЫНЫҢ АШЫЛУ САЛТАНАТЫНА ҚАТЫСТЫ
  • В ШЫМКЕНТЕ ОТКРЫЛИ КРУПНЕЙШИЙ ЭКОПАРК НА МЕСТЕ БЫВШЕГО ПОЛИГОНА
  • ШЫМКЕНТТЕ БҰРЫНҒЫ ҚОҚЫС ПОЛИГОНЫНЫҢ ОРНЫНДА АУҚЫМДЫ ІРІ ЭКОПАРК АШЫЛДЫ
  • «ЗАҢ МЕН ТӘРТІП»: ЕҢБЕКШІ АУДАНЫНДА «ҚҰҚЫҚТЫҚ ДӘРІХАНА» АКЦИЯСЫ ӨТКІЗІЛДІ
  • КАДРОВАЯ ПОЛИТИКА ШЫМКЕНТА ДО 2030 ГОДА: ПРИОРИТЕТЫ РАЗВИТИЯ И ПЕРСПЕКТИВЫ
  • 2030 ЖЫЛҒА ДЕЙІНГІ ШЫМКЕНТТІҢ КАДРЛЫҚ САЯСАТЫ: ДАМУ БАСЫМДЫҚТАРЫ МЕН БОЛАШАҚ МҮМКІНДІКТЕР
  • ДОСТЫҚ ЛАГЕРІ ТАЗАЛЫҚ АКЦИЯСЫМЕН ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ
Facebook X (Twitter) Instagram
OITAMYZYQOITAMYZYQ
Demo
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский
OITAMYZYQOITAMYZYQ
Home » ОТЫРАР АУДАНЫНДА БИЫЛ «ЖАЙЛЫ МЕКТЕП» ПЕН МӘДЕНИЕТ ҮЙІ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ
Қоғам

ОТЫРАР АУДАНЫНДА БИЫЛ «ЖАЙЛЫ МЕКТЕП» ПЕН МӘДЕНИЕТ ҮЙІ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ

authorBy author25 июля, 2024Комментариев нет2 Views
Facebook Twitter Pinterest LinkedIn WhatsApp Reddit Tumblr Email
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email
Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Отырар ауданына жұмыс сапарымен барып, әлеуметтік маңызы бар нысандардың құрылыс барысын пысықтады.
Алдымен, өңір басшысы Шәуілдір ауылында бой көтеріп жатқан 600 орындық жайлы мектептің құрылыс алаңында болды. Құрылыс компаниясының басшысымен кездесіп, жұмыс барысын бақылады.
– «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы тікелей Мемлекет басшысының тапсырмасымен жүзеге асып жатыр. Құрылыс сапасы белгіленген стандартқа сай болуы тиіс. Біз тек жоспарланған мерзімде сапалы жұмыс істеуді талап етеміз. Кедергілер болса, дер кезінде айтыңыздар. Әкімдік тарапынан көмек көрсетіледі. «Жайлы мектеп» жобасы арқылы салынып жатқан мектептердің құрылыс үлгісін өзге білім ұяларына да қолдануды қарастыру қажет – деді Дархан Амангелдіұлы.
«Samruk-kazyna Construction» АҚ тапсырысымен салынып жатқан заманауи үлгідегі ғимаратта оқушылардың сапалы білім алуы үшін қолайлы жағдай қарастырылады. Жоба құны – 5,5 млрд теңге. «Inteqra Construction» ЖШС құрылыс жұмыстарын өткен жылдың маусым айында бастаған. Нысанды осы жылдың қараша айына дейін пайдалануға тапсыру жоспарланып отыр. Жердің жалпы ауданы 3,0 гектар жерді құраса, ғимараттың ауданы – 8 419,71 м2.
Сонымен қатар ауданда «Отырар ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ-ның тапсырысымен ауданға қарасты М.Шойманов ауылында 200 орындық мәдениет үйі құрылысы жүріп жатыр. Құрылыс барысын бақылаған облыс әкімі жауапты тұлғаларға жұмыс барысында туындаған мәселелерді назарға алуды тапсырды.
Өткен жылдың тамыз айында құрылысы басталған ғимаратты биыл тамыз айында ел игілігіне пайдалануға беру көзделіп отыр. Жалпы алаңы – 858,4 шаршы метр. Құрылыс жұмыстарын «КДСМ» ЖШС атқаруда.
Өңірде салынып жатқан әлеуметтік нысандардың құрылыс сапасы тікелей өңір басшысының бақылауында тұр. Оның ішінде Отырар ауданының инфрақұрылымын жақсарту жұмыстары жалғасады.
Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Telegram Email
author

Related Posts

ДОСТЫҚ ЛАГЕРІ ТАЗАЛЫҚ АКЦИЯСЫМЕН ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ

15 июня, 2026

«БІЗ БІРГЕМІЗ»: ШЫМКЕНТТЕ АССАМБЛЕЯ ЖАСТАРЫНЫҢ ДОСТЫҚ ЛАГЕРІ ӨТТІ

15 июня, 2026

ГҮЛГЕ ОРАНҒАН ҚАЛА: ТІК КӨГАЛДАНДЫРУ ШЫМКЕНТТЕ ЖАҢА ДЕҢГЕЙГЕ ШЫҚТЫ

29 мая, 2026
Leave A Reply Cancel Reply

© 2026 Designed by SamDev.kz
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.