Close Menu
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • «ЗАҢ МЕН ТӘРТІП»: ЕҢБЕКШІ АУДАНЫНДА «ҚҰҚЫҚТЫҚ ДӘРІХАНА» АКЦИЯСЫ ӨТКІЗІЛДІ
  • КАДРОВАЯ ПОЛИТИКА ШЫМКЕНТА ДО 2030 ГОДА: ПРИОРИТЕТЫ РАЗВИТИЯ И ПЕРСПЕКТИВЫ
  • 2030 ЖЫЛҒА ДЕЙІНГІ ШЫМКЕНТТІҢ КАДРЛЫҚ САЯСАТЫ: ДАМУ БАСЫМДЫҚТАРЫ МЕН БОЛАШАҚ МҮМКІНДІКТЕР
  • ДОСТЫҚ ЛАГЕРІ ТАЗАЛЫҚ АКЦИЯСЫМЕН ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ
  • «БІЗ БІРГЕМІЗ»: ШЫМКЕНТТЕ АССАМБЛЕЯ ЖАСТАРЫНЫҢ ДОСТЫҚ ЛАГЕРІ ӨТТІ
  • ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ ДӘУІРІНДЕГІ КАДРЛАР ДАЯРЛАУ: ШЫМКЕНТТІҢ ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕРІ
  • ПОДГОТОВКА КАДРОВ В ЭПОХУ ИСКУССТВЕННОГО ИНТЕЛЛЕКТА: НОВЫЕ ВОЗМОЖНОСТИ ДЛЯ ШЫМКЕНТА
  • ӨНЕРКӘСІП САЛАСЫ ҮШІН КАДР ДАЯРЛАУ: ШЫМКЕНТТІҢ ИНДУСТРИЯЛЫҚ ӘЛЕУЕТІН НЫҒАЙТУ
Facebook X (Twitter) Instagram
OITAMYZYQOITAMYZYQ
Demo
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский
OITAMYZYQOITAMYZYQ
Home » ШЫМКЕНТТЕ РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ ОРАЙ МЕМЛЕКЕТТІК ТУ САЛТАНАТТЫ ТҮРДЕ КӨТЕРІЛДІ
ЖАҢАЛЫҚТАР

ШЫМКЕНТТЕ РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ ОРАЙ МЕМЛЕКЕТТІК ТУ САЛТАНАТТЫ ТҮРДЕ КӨТЕРІЛДІ

authorBy author25 октября, 2025Updated:26 октября, 2025Комментариев нет8 Views
Facebook Twitter Pinterest LinkedIn WhatsApp Reddit Tumblr Email
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Шымкент қаласында 25 қазан — Республика күні мен Мемлекеттік егемендік туралы Декларацияның қабылданғанына 35 жыл толуына орай салтанатты іс-шара ұйымдастырылды.

Қаладағы Шымсити шағын ауданында орналасқан Ту тұғыры алаңында Мемлекеттік Туды көтеру рәсімі өтті. Бұл шара ел бірлігі мен тәуелсіздігін айшықтап, ерекше мерекелік рух сыйлады.

Салтанатты рәсім Қазақстан Республикасының Әнұранын орындаумен басталды. Сол сәтте көк байрақ қырандай қалықтап, биік тұғырда желбіреді. Бұл көрініс ел тәуелсіздігі мен бірлігінің, мемлекет мәртебесінің айқын символына айналды.

Іс-шараға Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков, зиялы қауым өкілдері мен ел ағалары, мәслихат депутаттары, мемлекеттік қызметшілер, құқық қорғау органдарының қызметкерлері, әскери қызметшілер, жастар, еріктілер және қала тұрғындары қатысты.

Жиын барысында шымкенттік өнерпаздар патриоттық әндер шырқап, мемлекеттік рәміздердің мәртебесін асқақтатты. Қатысушылардың жүзінен мақтаныш пен қуаныш сезімі байқалып, ұлттық рух ерекше көтерілді.

Сонымен қатар, қолдарына Мемлекеттік Туды ұстаған 300-ден астам белсенді жас қаланың орталық көшелерімен жүріп өтті. Шеру Бәйдібек би ескерткішінен басталып, Бәйдібек би даңғылы бойымен Алатау батыр көшесіне дейін жалғасып, Ту тұғыры алаңында түйінделді.

Республика күні – халқымыздың азаттық пен тәуелсіздікке деген мәңгі ұмтылысының нышаны. 1990 жылы қабылданған Егемендік туралы Декларация егемен ел болудың алғашқы қадамы әрі ұлттық мемлекеттіліктің бастауы болды. Бүгінгі ұрпақ сол тарихи құжаттың маңызын сезініп, ел тәуелсіздігін қастерлеуді басты парыз деп біледі.

Мерекелік шара Тудың биікке көтерілуімен елдік рухтың жаңғырып, ұлт бірлігінің бекемдігін паш етті. Көк байрақ астында бірігіп, азаттықты дәріптеген шымкенттіктер мерекелік көңіл күймен тарқасты.

Айта кетейік, бұған дейін Шымкент қаласындағы «Қызғалдақ» сарайында Республика күні мен Мемлекеттік егемендік туралы декларацияның 35 жылдығына арналған «Қыран елім – Қазақстаным» атты салтанатты жиын өткен болатын.

Аталған шарада қала әкімі Ғабит Сыздықбеков ел дамуына айрықша үлес қосқан азаматтарға мемлекеттік және салалық наградалар табыстап, барша қала тұрғындарын Ұлттық мерекемен шын жүректен құттықтаған болатын.

«Баршаңызды Ұлттық мерекеміз — Республика күнімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл мемлекетіміздің іргетасы қаланған, тәуелсіз Қазақстанның болашақ бағыты айқындалған айтулы мереке. Біз бүгін Мемлекеттік егемендік туралы декларацияның 35 жылдығын да атап өтудеміз. Қазіргі таңда Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бастамасымен елімізде саяси және экономикалық жаңару кезеңі жүріп жатыр», — деді шаһар басшысы өз құттықтауында.

Салтанатты жиын барысында ел игілігі үшін тер төгіп жүрген 40-тан астам азаматтың еңбегі лайықты бағаланып, оларға «Парасат», «Құрмет», ІІІ дәрежелі «Еңбек Даңқы» ордендері, сондай-ақ «Ерен еңбегі үшін» және «Шапағат» медальдары табыс етілді.

Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Telegram Email
author

Related Posts

ДОСТЫҚ ЛАГЕРІ ТАЗАЛЫҚ АКЦИЯСЫМЕН ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ

15 июня, 2026

«БІЗ БІРГЕМІЗ»: ШЫМКЕНТТЕ АССАМБЛЕЯ ЖАСТАРЫНЫҢ ДОСТЫҚ ЛАГЕРІ ӨТТІ

15 июня, 2026

ГҮЛГЕ ОРАНҒАН ҚАЛА: ТІК КӨГАЛДАНДЫРУ ШЫМКЕНТТЕ ЖАҢА ДЕҢГЕЙГЕ ШЫҚТЫ

29 мая, 2026
Leave A Reply Cancel Reply

© 2026 Designed by SamDev.kz
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.