Close Menu
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • Шымкентте «Халықаралық волонтерлер жылы – 2026» аясында жастар кездесуі өтті
  • Шымкентте «Жас сақшы» жобасы жаңа деңгейге көтерілуде
  • Университет культуры и искусства и новый Театр оперы и балета: два масштабных проекта реализуют в Шымкенте
  • Шымкентте Мәдениет және өнер университеті құрылып, жаңа Опера және балет театры салынады
  • МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ӨЗБЕКСТАНҒА ЖҰМЫС САПАРЫМЕН БАРДЫ
  • 27 ШЫМКЕНТТІК ӘСКЕРГЕ АТТАНДЫ
  • Қауіпсіз мектеп: Шымкентте 500 оқушы полиция бастығымен кездесті
  • Безопасная школа: в Шымкенте 500 школьников встретились с главой полиции
Facebook X (Twitter) Instagram
OITAMYZYQOITAMYZYQ
Demo
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский
OITAMYZYQOITAMYZYQ
Home » «ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУ ҮШІН ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТТІ ПАЙДАЛАНУ» ТАҚЫРЫБЫНДА ҒЫЛЫМИ ІС-ШАРА ӨТУДЕ
ЖАҢАЛЫҚТАР

«ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУ ҮШІН ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТТІ ПАЙДАЛАНУ» ТАҚЫРЫБЫНДА ҒЫЛЫМИ ІС-ШАРА ӨТУДЕ

authorBy author23 октября, 2025Updated:4 ноября, 2025Комментариев нет3 Views
Facebook Twitter Pinterest LinkedIn WhatsApp Reddit Tumblr Email
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email
Өзбекәлі Жәнібеков атындағы ОҚПУ-да Орталық Азия Өңірлік Экономикалық Ынтымақтастық (CAREC) институтымен бірлескен «Инклюзивті білім беру үшін жасанды интеллектті пайдалану: CAREC өңірі үшін масштабталатын модель» тақырыбында халықаралық іс-шара өтуде. Бірлескен халықаралық ғылыми конференцияға жасанды интеллект және инклюзивті білім беру саласындағы халықаралық (АҚШ, Хорватия, Чехия, Орталық Азия өңірі университеттерінің ректорлары, проректорлары, профессор-оқытушылар құрамы) және отандық сарапшылар қатысып жатыр.
Іс-шараның мақсаты – жасанды интеллект технологияларын инклюзивті білім беруге бейімдеу, аймақ елдері арасында тәжірибе алмасу және білім беру саясатын жетілдіруге бағытталған ұсыныстар әзірлеу. Халықаралық жиын барысында сарапшылар Өзбекәлі Жәнібеков орталығын, инклюзивті аудиторияларды, кітапхананы және ғылыми көрмелерді аралап, университеттің цифрлық бастамаларына жоғары баға берді.
Іс-шарада ЖИ технологияларын білім беру үдерісіне енгізудің болашағы мен халықаралық ғылыми ынтымақтастықты дамыту жолдары талқыланады. Бұл халықаралық іс-шара инклюзивті білім мен жасанды интеллекті біріктіру арқылы CAREC өңірінде сапалы білімге тең қолжетімділікті қамтамасыз етуге бағытталған маңызды қадам. Жәнібеков университеті осындай бастамалар арқылы аймақтық және жаһандық білім кеңістігінде инновациялық көшбасы ретінде танылып келеді.
Бүгінге жоспарланған ғылыми конференцияны ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитеті төрағасының міндетін атқарушы Гүлжан Жарасова ашып берді. Одан әрі отандық және халықаралық сарапшылар баяндама жасап, өз зерттеулерін таныстырды.
Атап айтқанда, Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ-дің жасанды интеллект технологиясы кафедрасының оқытушысы Нұрзада Амангелді зерттеу жұмыстарының барысын баяндап берді. Нұрзада Амангелді «Қазақ ым тілін автоматты түрде сурдоаудармалаудың жаңа үлгілері мен әдістерін әзірлеу» жобаларына жетекшілік етеді. Бұл жобаларды табысты жүзеге асыру арқылы ол инклюзивті инновациялар саласында елеулі үлес қосты.
Сондай-ақ, Стэнфорд университеті, информатика пәнінің оқытушысы Юнес Бенсуда Мурри, Тимишоара политехникалық университеті, Цифрлық білім беру және қашықтан оқыту департаментінің директоры Диана-Мариа Андоне, Хорватия Білім беруді дамыту институтының сарапшысы Ана Скледар Матиевич, Назарбаев Университеті, Смарт жүйелер және жасанды интеллект институтының (ISSAI) бас директоры Хусейн Атакан Варол баяндама жасады. Ертең семинар, қорытындылау және сертификаттар беру іс-шаралары өтеді.
Айта кетсек, қазіргі таңда университетте инклюзивті білім берудің жаңа моделін ескере отырып, жаңартылған білім беру бағдарламалары әзірленіп, іске асырылуда. Осы бағытта оқытушылардың біліктілігін арттыру бойынша жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Университетте ерекше білім беру қажеттіліктері бар 89 студент білім алып жатыр.
Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Telegram Email
author

Related Posts

ҒЫЛЫМ, БІЛІМ ЖӘНЕ ИННОВАЦИЯ – КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ БАСЫМДЫҚ

18 марта, 2026

ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ – ЕЛ БОЛАШАҒЫНЫҢ БАҒДАРЫ

18 марта, 2026

РЕФЕРЕНДУМ-2026: КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ РЕФОРМАЛАР ТАЛҚЫЛАНДЫ

10 марта, 2026
Leave A Reply Cancel Reply

© 2026 Designed by SamDev.kz
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.