Close Menu
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯДА БАРЛЫҚ ӨТПЕЛІ РӘСІМДЕР, МЕРЗІМДЕР МЕН РЕГЛАМЕНТТЕР НАҚТЫ ЖАЗЫЛАДЫ
  • СОТ ШЕШІМІНСІЗ БАСПАНАДАН ШЫҒАРУҒА ЖОЛ БЕРМЕУДІ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯСЫНДА БЕКІТУ ҰСЫНЫЛДЫ
  • ЖҮРГІЗІЛГЕН ЖҰМЫС ПЕН ТАЛҚЫЛАУДЫҢ КЕҢДІГІ ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ ЖОБАСЫН БҮКІЛХАЛЫҚТЫҚ РЕФЕРЕНДУМҒА ШЫҒАРУҒА МҮМКІНДІК БЕРЕДІ
  • КЕЛІП ТҮСКЕН ҰСЫНЫСТАР ЕСКЕРІЛІП, ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ ЖОБАСЫНА ҚОСЫМША НОРМАЛАР ЕНГІЗІЛДІ
  • МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ: ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ – МЕМЛЕКЕТТІҢ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫ КЕПІЛІ
  • Шымкент: Автокөлік саласының өкілдері жаңа Конституцияны қолдайды
  • Шымкентте медицина саласы өкілдері жаңа Конституция жобасын қолдау білдірді
  • Шымкентте этномәдени бірлестік өкілдері жаңа Конституция жобасына қолдау білдірді
Facebook X (Twitter) Instagram
OITAMYZYQOITAMYZYQ
Demo
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский
OITAMYZYQOITAMYZYQ
Home » Тәуелсіздік бізге бабалардан берілген аманат
ЖАҢАЛЫҚТАР

Тәуелсіздік бізге бабалардан берілген аманат

authorBy author25 октября, 2025Комментариев нет3 Views
Facebook Twitter Pinterest LinkedIn WhatsApp Reddit Tumblr Email
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email
Биыл біз үшін ерекше тарихи белес. Өйткені Егемендік туралы декларациямыздың қабылданғанына 35 жыл және Республика күні мерекесі қатар келіп отыр. Бұл күн елдіктің еңсесін тіктеген, ұлт рухын қайта түлеткен, тарихтың алтын парағына жазылған ұлы кезең десек, қателеспейміз.
1990 жылдың 25 қазанында қабылданған Егемендік туралы декларация қазақ халқының ғасырлар бойғы арманының орындалуына жол ашқан тарихи құжат. Бұл біздің азаттыққа бастар алғашқы нақты қадамымыз, ел тағдырындағы бетбұрыс сәт еді. Дәл осы декларация арқылы Қазақстан өз жерінің, табиғи байлығының, мемлекеттік билігінің иесі екенін ресми түрде мәлімдеді. Қазақ халқы ұзақ күткен осы құжат ұлттың ұйытқысы, тәуелсіз ой мен дербес саясатқа бастау болған рухани серпіліс әкелді.
Мен спортшы ретінде ел егемендігінің қадірін ерекше сезінемін. Себебі тәуелсіздік бізге өз Туымызды көтеріп, Әнұранымызды шырқап, өз Елтаңбамыздың астында әлем аренасына шығуға мүмкіндік берді. Бұл бұрын ата-бабамыз арман еткен, бізге аманат болған бақ. Әрбір жарысқа шыққанда көкірегімде Отанның рухы, жүрегімде елдің үміті, бойымда қазақтың намысы тұратын. Сол намыс тәуелсіздіктің киесі деп білемін. Себебі егемендік – жай ғана саяси ұғым емес, бұл рухани еркіндік пен ұлттық болмысымыздың жаңғыруы екені анық. Егемен ел болу өз тағдырыңды өзің шешу, өз құндылығыңды өзің дәріптеу деген сөз. Соңғы 35 жылда Қазақстан әлем картасында өз орнын айқын анықтап, бейбітшілікті ту еткен, экономикасы мен мәдениеті өркендеген мемлекетке айналды. Бұл жетістіктердің бәрінің бастауы дәл сол 1990 жылғы Декларацияда жатыр.
Бүгінде егемендіктің қадірін сезіну әр азаматтың парызы екені ақиқат. Тәуелсіздік бізге оңай келген жоқ. Бұл бабалардың қаны мен аналардың көз жасымен келген қасиетті ұғым. Сондықтан оны қорғау, дамыту, ұрпаққа аман жеткізу әрбәріміздің қасиетті міндетіміз, қастерлі борышымыз.
Спорт та елдіктің айнасы. Рингтегі әрбір жеңіс еліміздің беделін, намысын қорғау екені белгілі. Спортшы үшін ең үлкен мәртебе осы көк Тудың көтерілуі мен Әнұранның шырқалуы. Ал сол сәттерді сыйлаған егемен елдің мәртебесі. Тәуелсіздік болмаса, біз өз есімімізбен, өз Туымызбен, өз даңқымызбен танылмас едік.
Тәуелсіздік елдің ең ұлы байлығы деуіміздің сыры осында. Оны сақтау үшін тек батырлық емес, бірлік пен еңбексүйгіштік, білім мен жауапкершілік, рух пен намыс қажет. Әрбір жастың бойында осы қасиеттер болса, егемендіктің еңсесі ешқашан түспейді.
Бүгінгі ұрпақ егемен дәуірінде ержеткен буын. Олардың көзінде сенім, жүрегінде мақтаныш, ойында елге қызмет ету ниеті бар. Біз, аға буын, сол жастарға өнеге болуға, елдің тарихын, тілін, дәстүрін қастерлеуге шақыруымыз керек. Тәуелсіздіктің рухы осындай тек мереке күндері емес, әрбір ісімізде, әрбір таңдаумызда, әр қадамымызда сезілуге тиіс.
Біздің мақсатымыз ел бірлігін сақтау, ұлт намысын биіктету, Мәңгілік Ел идеясын жүзеге асыруға негізделу керек. Егемендік осының бәрінің іргетасы.
Сол үшін Республика күні — Тәуелсіз Қазақстанның жаңа тарихындағы ең қасиетті мерекелердің бірі. Бұл күн халқымыздың болашаққа деген сенімінің, елдік пен ерліктің символына айналды. Сол сенімді сақтап, тәуелсіздік ұғымының қадіріне жеткеніміз жөн.
Тәуелсіз еліміздің көк байрағы мәңгі биікте желбірей берсін!
Еліміз аман, жұртымыз тыныш, рухымыз асқақ болсын!
Мұхтархан Ділдәбеков, Олимпиада жүлдегері, ҚР еңбек сіңірген спорт шебері:
Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Telegram Email
author

Related Posts

ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ ЖОБАСЫ – ЕЛ ДАМУЫНЫҢ БЕРІК НЕГІЗІ

5 февраля, 2026

Шымкент қаласының әкімдігінде жаңа Конституция жобасы талқыланды

2 февраля, 2026

ЖАСТАР ҚАУІПСІЗДІГІ – ОРТАҚ ЖАУАПКЕРШІЛІК

2 февраля, 2026
Leave A Reply Cancel Reply

© 2026 Designed by SamDev.kz
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.