Close Menu
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯДА БАРЛЫҚ ӨТПЕЛІ РӘСІМДЕР, МЕРЗІМДЕР МЕН РЕГЛАМЕНТТЕР НАҚТЫ ЖАЗЫЛАДЫ
  • СОТ ШЕШІМІНСІЗ БАСПАНАДАН ШЫҒАРУҒА ЖОЛ БЕРМЕУДІ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯСЫНДА БЕКІТУ ҰСЫНЫЛДЫ
  • ЖҮРГІЗІЛГЕН ЖҰМЫС ПЕН ТАЛҚЫЛАУДЫҢ КЕҢДІГІ ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ ЖОБАСЫН БҮКІЛХАЛЫҚТЫҚ РЕФЕРЕНДУМҒА ШЫҒАРУҒА МҮМКІНДІК БЕРЕДІ
  • КЕЛІП ТҮСКЕН ҰСЫНЫСТАР ЕСКЕРІЛІП, ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ ЖОБАСЫНА ҚОСЫМША НОРМАЛАР ЕНГІЗІЛДІ
  • МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ: ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ – МЕМЛЕКЕТТІҢ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫ КЕПІЛІ
  • Шымкент: Автокөлік саласының өкілдері жаңа Конституцияны қолдайды
  • Шымкентте медицина саласы өкілдері жаңа Конституция жобасын қолдау білдірді
  • Шымкентте этномәдени бірлестік өкілдері жаңа Конституция жобасына қолдау білдірді
Facebook X (Twitter) Instagram
OITAMYZYQOITAMYZYQ
Demo
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский
OITAMYZYQOITAMYZYQ
Home » Шымкентте Республика күні мен Егемендік декларациясының 35 жылдығына арналған салтанатты іс-шара өтті
ЖАҢАЛЫҚТАР

Шымкентте Республика күні мен Егемендік декларациясының 35 жылдығына арналған салтанатты іс-шара өтті

authorBy author24 октября, 2025Комментариев нет3 Views
Facebook Twitter Pinterest LinkedIn WhatsApp Reddit Tumblr Email
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Бүгін Шымкент қаласындағы «Қызғалдақ» сарайында Республика күні мен Мемлекеттік егемендік туралы декларацияның 35 жылдығына арналған «Қыран елім – Қазақстаным» атты мерекелік салтанатты іс-шара жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Шараға зиялы қауым өкілдері, ардагерлер, мәслихат депутаттары, қоғамдық кеңес мүшелері мен қала тұрғындары қатысты.

Бұл айтулы мереке — ел тәуелсіздігі мен бірлігін ұлықтап, халықтың жүрегінде отансүйгіштік рухты асқақтататын ерекше күн ретінде аталып өтті.

Салтанатты жиында Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков ел дамуына айрықша үлес қосқан бірқатар азаматқа мемлекеттік және салалық марапаттар табыстап, барша қала тұрғындарын Ұлттық мерекемен шын жүректен құттықтады.

Өз құттықтау сөзінде қала басшысы Республика күнінің тарихи маңыздылығына тоқталып, еліміздің өркендеу жолындағы еңбектің және бірліктің рөлін ерекше атап өтті.

«Баршаңызды Ұлттық мерекеміз — Республика күнімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл мемлекетіміздің іргетасы қаланған, тәуелсіз Қазақстанның болашақ бағыты айқындалған айтулы мереке. Біз бүгін Мемлекеттік егемендік туралы декларацияның 35 жылдығын да атап өтудеміз. Қазіргі таңда Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бастамасымен елімізде саяси және экономикалық жаңару кезеңі жүріп жатыр», — деді Ғабит Сыздықбеков.

Әкімнің айтуынша, соңғы жылдары Шымкент экономикасы айтарлықтай серпін алып, өндіріс, құрылыс және әлеуметтік салаларда нақты нәтижелерге қол жеткізілген.

«Шаһарымыз заманауи инфрақұрылымы бар, экономикасы өркендеген, жастарға жол ашқан жасампаз қалаға айналды. Мыңдаған жұмысшы, ұстаз, дәрігер, инженер мен кәсіпкер ел игілігі үшін аянбай еңбек етуде. Соңғы үш жылда қалаға 2 триллион теңгеге жуық инвестиция тартылып, 3 миллион шаршы метрден астам тұрғын үй пайдалануға берілді. Қаланың бюджеті алғаш рет 895 миллиард теңгеге жетіп, оның жартысы әлеуметтік саланы қолдауға бағытталды. Себебі халық атқарылып жатқан жұмыстардың нақты нәтижесін көруге тиіс», — деді қала әкімі.

Салтанатты шара барысында ел игілігі үшін тер төгіп жүрген 40-тан астам азаматтың еңбегі лайықты бағаланды. Оларға «Парасат», «Құрмет», ІІІ дәрежелі «Еңбек Даңқы» ордендері, сондай-ақ «Ерен еңбегі үшін» және «Шапағат» медальдары табыс етілді.

Сонымен қатар «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері», «Мемлекеттік қызмет ардагері» төсбелгілерімен, Президенттің Құрмет грамотасы мен Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бірлік» алтын медалімен марапатталған азаматтарға да құрмет көрсетілді.

Марапат иелерінің бірі – мемлекеттік қызметте 40 жылдан астам уақыт еңбек еткен Бұхарбай Парманов.

«Қызмет жолымыз елге адал қызмет етуге арналды. Бүгін сол еңбектің еленіп, «Құрмет» орденімен марапатталу – зор қуаныш. Республика күні – ел тәуелсіздігін нығайтып, береке-бірлікке үндейтін ең маңызды мереке», — деді ардагер.

Сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Сабыр Рахымов атындағы әскери колледжі қызметкері Гүлмира Оспанова «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды.

«Бұл марапат – менің ғана емес, бүкіл ұжымның еңбегінің бағалануы. Қазір Шымкент қаласында он қоғамдық бірлестіктің бірігуімен Ардагерлер комиссиясы құрылып, жастарға әскери-патриоттық тәрбие беру бағытында ауқымды жұмыстар атқарылуда», — деді ол.

Кеш соңында қатысушыларға рухты әндер мен отансүйгіштікке толы композициялар ұсынылып, салтанатты мереке ел тәуелсіздігін ұлықтаған көтеріңкі көңіл күймен түйінделді.

Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Telegram Email
author

Related Posts

ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ ЖОБАСЫ – ЕЛ ДАМУЫНЫҢ БЕРІК НЕГІЗІ

5 февраля, 2026

Шымкент қаласының әкімдігінде жаңа Конституция жобасы талқыланды

2 февраля, 2026

ЖАСТАР ҚАУІПСІЗДІГІ – ОРТАҚ ЖАУАПКЕРШІЛІК

2 февраля, 2026
Leave A Reply Cancel Reply

© 2026 Designed by SamDev.kz
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.