Close Menu
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯДА БАРЛЫҚ ӨТПЕЛІ РӘСІМДЕР, МЕРЗІМДЕР МЕН РЕГЛАМЕНТТЕР НАҚТЫ ЖАЗЫЛАДЫ
  • СОТ ШЕШІМІНСІЗ БАСПАНАДАН ШЫҒАРУҒА ЖОЛ БЕРМЕУДІ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯСЫНДА БЕКІТУ ҰСЫНЫЛДЫ
  • ЖҮРГІЗІЛГЕН ЖҰМЫС ПЕН ТАЛҚЫЛАУДЫҢ КЕҢДІГІ ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ ЖОБАСЫН БҮКІЛХАЛЫҚТЫҚ РЕФЕРЕНДУМҒА ШЫҒАРУҒА МҮМКІНДІК БЕРЕДІ
  • КЕЛІП ТҮСКЕН ҰСЫНЫСТАР ЕСКЕРІЛІП, ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ ЖОБАСЫНА ҚОСЫМША НОРМАЛАР ЕНГІЗІЛДІ
  • МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ: ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ – МЕМЛЕКЕТТІҢ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫ КЕПІЛІ
  • Шымкент: Автокөлік саласының өкілдері жаңа Конституцияны қолдайды
  • Шымкентте медицина саласы өкілдері жаңа Конституция жобасын қолдау білдірді
  • Шымкентте этномәдени бірлестік өкілдері жаңа Конституция жобасына қолдау білдірді
Facebook X (Twitter) Instagram
OITAMYZYQOITAMYZYQ
Demo
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский
OITAMYZYQOITAMYZYQ
Home » ҰЙҒЫР ЭТНОСЫНЫҢ ТІЛІ МЕН ӨНЕРІ — РУХАНИ БІРЛІКТІҢ КӨРІНІСІ
ЖАҢАЛЫҚТАР

ҰЙҒЫР ЭТНОСЫНЫҢ ТІЛІ МЕН ӨНЕРІ — РУХАНИ БІРЛІКТІҢ КӨРІНІСІ

authorBy author19 октября, 2025Updated:24 октября, 2025Комментариев нет0 Views
Facebook Twitter Pinterest LinkedIn WhatsApp Reddit Tumblr Email
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына арналған іс-шаралар шеңберінде Шымкент қаласында «Ұйғыр тілі, мәдениеті және салт-дәстүрі күні» атты мерекелік кеш жоғары деңгейде өтті. Бұл шараның басты мақсаты – ұйғыр этносының бай мәдени мұрасын насихаттау, Қазақстан халқының бірлігін, достығы мен өзара түсіністігін нығайту болды. Мерекені Шымкент қалалық ұйғырлар қауымдастығы ұйымдастырды.

Салтанатты іс-шараға Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқарма басшысының міндетін атқарушы Заңғарбек Үсіпахметов, «Қоғамдық келісім» КММ басшысы Нүркен Әлімқұлов, сондай-ақ этномәдени бірлестіктердің төрағалары мен өкілдері қатысты. Бұған қоса, қала тұрғындары мен жастар, мәдениет және өнер саласының қызметкерлері де атсалысты.

Мереке қатысушылары алдымен ұйғыр халқының тұрмыс-тіршілігін бейнелейтін көрмені тамашалады. Мұнда ұлттық тағамдар мен дәстүрлі қолөнер бұйымдары ұсынылды. Ұйғыр халқының зергерлік өнері, киім-кешек үлгілері мен тұрмыстық бұйымдары этностың бай мәдениеті мен тарихын айқын көрсетті. Қолөнер бұйымдары мен ұлттық тағамдардың иісі, көрменің ерекше безендірілуі қонақтарға жылы әсер қалдырды.

Іс-шараның ашылуында сөз алған Заңғарбек Үсіпахметов:
*«Қазақстан халқы Ассамблеясы – татулық пен тұрақтылықтың тірегі. Біздің ең басты байлығымыз – ел ішіндегі бірлік пен өзара құрмет. Осындай мәдени шаралар арқылы біз халықтар арасындағы рухани байланысты күшейтеміз. Бір-біріміздің тілін, мәдениетін және дәстүрін танып, сыйлау – ортақ болашағымыздың кепілі»*, – деді ол.

Салтанатты бөлім «Умай» би ансамблінің орындауындағы ұлттық «Кербез сылқым» биімен ашылды. Кеш барысында ұйғыр этносының өнерпаздары мен жас таланттар сахнада өз өнерлерін паш етті. Әсем әндер мен ұлттық билер көрермендердің көңілінен шықты. Ұлттық киімдер, нәзік қимылдар мен ұйғыр музыкасының ырғақтары көрермендерді ұйғыр мәдениетінің байлығы мен тереңдігіне жетеледі.

Сахна төрінде Т.Молдағалиевтің сөзіне, С.Байтерековтің әніне жазылған «Жан досым» әні шырқалып, достық пен бейбітшіліктің үнін жеткізді. Сондай-ақ, Алматы облысы Шелек ауданынан арнайы келген «Дастан» әншілер тобының орындауындағы ұлттық әуендер көрермендердің ыстық ықыласына бөленді.

Мереке соңында ұйымдастырушылар мен қонақтар ұйғыр халқының тілі мен мәдениетінің Қазақстан қоғамындағы ерекше орнын атап өтті. Бұл мереке тек өнер мен дәстүрдің көрінісі емес, елдегі этностардың арасындағы достық пен өзара сыйластықтың нақты дәлелі болды.

Осындай рухани іс-шаралар халықтар арасындағы мәдени көпірді нығайтып, бірлік пен татулықтың ұйытқысына айналуда. Ұйғыр этносының мәдениеті – Қазақстанның ортақ рухани қазынасының ажырамас бөлігі. Ол ұлттық бірегейлікті сақтауға, жас ұрпақты толеранттылық пен өзге ұлт мәдениетіне құрмет рухында тәрбиелеуге ықпал етеді.

Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Telegram Email
author

Related Posts

ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ ЖОБАСЫ – ЕЛ ДАМУЫНЫҢ БЕРІК НЕГІЗІ

5 февраля, 2026

Шымкент қаласының әкімдігінде жаңа Конституция жобасы талқыланды

2 февраля, 2026

ЖАСТАР ҚАУІПСІЗДІГІ – ОРТАҚ ЖАУАПКЕРШІЛІК

2 февраля, 2026
Leave A Reply Cancel Reply

© 2026 Designed by SamDev.kz
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.