Close Menu
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • Шымкентте «Халықаралық волонтерлер жылы – 2026» аясында жастар кездесуі өтті
  • Шымкентте «Жас сақшы» жобасы жаңа деңгейге көтерілуде
  • Университет культуры и искусства и новый Театр оперы и балета: два масштабных проекта реализуют в Шымкенте
  • Шымкентте Мәдениет және өнер университеті құрылып, жаңа Опера және балет театры салынады
  • МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ӨЗБЕКСТАНҒА ЖҰМЫС САПАРЫМЕН БАРДЫ
  • 27 ШЫМКЕНТТІК ӘСКЕРГЕ АТТАНДЫ
  • Қауіпсіз мектеп: Шымкентте 500 оқушы полиция бастығымен кездесті
  • Безопасная школа: в Шымкенте 500 школьников встретились с главой полиции
Facebook X (Twitter) Instagram
OITAMYZYQOITAMYZYQ
Demo
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский
OITAMYZYQOITAMYZYQ
Home » Республикалық пікірсайыс турнирі өз мәресіне жетті
ЖАҢАЛЫҚТАР

Республикалық пікірсайыс турнирі өз мәресіне жетті

authorBy author20 октября, 2025Updated:24 октября, 2025Комментариев нет3 Views
Facebook Twitter Pinterest LinkedIn WhatsApp Reddit Tumblr Email
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Екі күн бұрын Шымкент қаласында басталған республикалық пікірсайыс турнирі өз мәресіне жетіп, жеңімпаздар салтанатты түрде марапатталды. Республика күні мен Қазақстан Республикасының мемлекеттік егемендігі туралы декларацияның қабылданғанына 35 жыл толуына арналған «Терең тарихтан – жарқын болашаққа!» атты бұл зияткерлік дода жастардың азаматтық белсенділігі мен ой еркіндігін айқындаған маңызды шара болды.

Турнирге еліміздің барлық өңірінен 120-дан астам команда қатысып, олар екі лига бойынша бақ сынады. Қатысушылардың арасында жоғары оқу орындарының студенттерімен қатар, колледж жастары мен түрлі жастар ұйымдарының өкілдері де болды. Пікір мен дәлел, логика мен шешендік қабілет сынға түскен дода тартысты өтті. Әр команда өз ұстанымын ғылыми дәйектермен қорғап, өзекті қоғамдық мәселелерге қатысты көзқарастарын білдірді.

Екі күн бойы жалғасқан пікірталастар барысында еліміздің әлеуметтік, экономикалық және мәдени салаларына қатысты маңызды тақырыптар талқыланды. Әсіресе жастар саясаты, білім беру сапасы, экологиялық мәдениет және цифрлық даму бағыттарындағы ұсыныстар көпшілік назарына ұсынылды. Қатысушылар түрлі көзқарастарды талдап, қоғам үшін өзекті шешімдер ұсынуға тырысты.

Турнирдің ашылу рәсімінде және марапаттау салтанатында сөз сөйлеген Шымкент қалалық Жастар ресурстық орталығының басшысы Жансерік Жұман пікірсайыс қозғалысының жастар өміріндегі маңызын ерекше атап өтті:
– Бүгінгі турнир – Республика күні мен Егемендік декларациясының 35 жылдығына арналған ерекше іс-шара. Бұл дода тек пікірталас алаңы емес, азаматтық жауапкершілік пен отансүйгіштік сезімді қалыптастыратын орта. Мұндай республикалық деңгейдегі турнирлер жастардың сыни ойлау қабілетін, шешендік өнерін және көшбасшылық қасиеттерін дамытуға үлкен серпін береді, – деді ол.

Финалдық кезеңде Алматы қаласы мен Түркістан облысының үздік пікірсайысшылары кездесті. Олардың арасында тартысты ой мен әсерлі дәлелдерге толы ойын өрбіді. Финал нәтижесінде жастардың жоғары деңгейдегі дайындықтары мен білім тереңдігі көрініс тапты.

Турнир қатысушысы Ақдәулет Сейсенбаев пікірсайыс барысында қозғалған тақырыптардың өзектілігіне тоқталды. Оның айтуынша, пікірталас кезінде әр өңірдің өзіндік ерекшелігі мен көзқарасы айқын байқалды. – Біз Шымкент қаласындағы білім көші-қоны және жастардың әлеуетін арттыру мәселесін талқыладық. Егер жергілікті әкімдік пен жоғары оқу орындары бірігіп, білім мигранттарына нақты мүмкіндік ұсынса, қаланың білім орталығы ретіндегі мәртебесі одан әрі нығая түсер еді, – деді ол.

Ал Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің түлегі Ағабек Бақтиярұлы турнирдің тек жарыс емес, рухани және интеллектуалды тәжірибе алаңы болғанын айтты. Оның пікірінше, мұндай пікірсайыстар жастардың мәдени коммуникациясын арттырып, өз ойын ашық айтуға және қоғамдық процестерге белсенді араласуға мүмкіндік береді.

Турнир соңында жеңімпаздар мен жүлдегерлер арнайы дипломдармен және кубоктармен марапатталды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, алдағы уақытта мұндай пікірсайыс турнирлері тұрақты түрде өткізіліп, республикалық деңгейден халықаралық деңгейге дейін кеңейтілмек.

«Терең тарихтан – жарқын болашаққа!» турнирі жастардың білімге, ой еркіндігіне және ел болашағына деген жауапкершілігін арттырған маңызды жоба ретінде есте қалды. Осындай зияткерлік бастамалар еліміздің рухани дамуына, демократиялық мәдениеттің нығаюына және жас буынның жаңа көзқарасын қалыптастыруға жол ашады.

Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Telegram Email
author

Related Posts

ҒЫЛЫМ, БІЛІМ ЖӘНЕ ИННОВАЦИЯ – КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ БАСЫМДЫҚ

18 марта, 2026

ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ – ЕЛ БОЛАШАҒЫНЫҢ БАҒДАРЫ

18 марта, 2026

РЕФЕРЕНДУМ-2026: КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ РЕФОРМАЛАР ТАЛҚЫЛАНДЫ

10 марта, 2026
Leave A Reply Cancel Reply

© 2026 Designed by SamDev.kz
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.