Close Menu
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • «ЗАҢ МЕН ТӘРТІП»: ЕҢБЕКШІ АУДАНЫНДА «ҚҰҚЫҚТЫҚ ДӘРІХАНА» АКЦИЯСЫ ӨТКІЗІЛДІ
  • КАДРОВАЯ ПОЛИТИКА ШЫМКЕНТА ДО 2030 ГОДА: ПРИОРИТЕТЫ РАЗВИТИЯ И ПЕРСПЕКТИВЫ
  • 2030 ЖЫЛҒА ДЕЙІНГІ ШЫМКЕНТТІҢ КАДРЛЫҚ САЯСАТЫ: ДАМУ БАСЫМДЫҚТАРЫ МЕН БОЛАШАҚ МҮМКІНДІКТЕР
  • ДОСТЫҚ ЛАГЕРІ ТАЗАЛЫҚ АКЦИЯСЫМЕН ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ
  • «БІЗ БІРГЕМІЗ»: ШЫМКЕНТТЕ АССАМБЛЕЯ ЖАСТАРЫНЫҢ ДОСТЫҚ ЛАГЕРІ ӨТТІ
  • ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ ДӘУІРІНДЕГІ КАДРЛАР ДАЯРЛАУ: ШЫМКЕНТТІҢ ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕРІ
  • ПОДГОТОВКА КАДРОВ В ЭПОХУ ИСКУССТВЕННОГО ИНТЕЛЛЕКТА: НОВЫЕ ВОЗМОЖНОСТИ ДЛЯ ШЫМКЕНТА
  • ӨНЕРКӘСІП САЛАСЫ ҮШІН КАДР ДАЯРЛАУ: ШЫМКЕНТТІҢ ИНДУСТРИЯЛЫҚ ӘЛЕУЕТІН НЫҒАЙТУ
Facebook X (Twitter) Instagram
OITAMYZYQOITAMYZYQ
Demo
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский
OITAMYZYQOITAMYZYQ
Home » ТҮРКІСТАНДЫҚ «JANA LEP!» ӨНЕР ҰЖЫМЫ АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНДА АЛҒАШ РЕТ СПЕКТАКЛЬ САХНАЛАДЫ
Қоғам

ТҮРКІСТАНДЫҚ «JANA LEP!» ӨНЕР ҰЖЫМЫ АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНДА АЛҒАШ РЕТ СПЕКТАКЛЬ САХНАЛАДЫ

authorBy author29 мая, 2024Updated:30 мая, 2024Комментариев нет8 Views
Facebook Twitter Pinterest LinkedIn WhatsApp Reddit Tumblr Email
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email
Алматы қаласындағы Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрында «Конгресс Холл» кешенінің «Jana Lep» өнер ұжымы «Көктемдегі кездесу» музыкалық-поэтикалық спектаклін алғаш рет сахналады.
Қойылымды Дариға Тұранқұлова, Ғалым Доскен, Тұрсынжан Шапай, Гүлнар Салықбай, Еркін Жуасбек, Бақыт Беделхан, Қайрат Жолдыбайұлы, Ерлан Біләл, Жалғас Толғанбай, Мейрамбек Беспаев, Айгүл Қосанова, Жанболат пен Жазира және тағы басқа зиялы қауым өкілдері, облыстық мәдениет және туризм басқармасының басшысы Әзімхан Қойлыбаев тамашалады.
Екі сеансқа қойылған туындыны көруге келгендер қатары көп болды. Театр ғимараты алдында «Алқоңыр» тобы қонақтарды қарсы алды. Содан соң кіре берісінде облыстық Бейнелеу өнері музейінің арнайы жасақталған көрмесі арқылы өңірдің тыныс-тіршілігімен танысты. Кеш барысында көркемдік жетекші Сержан Молдасанұлы өнер ұжымының құрылуы мен қалыптасуы жайында баяндап, келген көрерменге алғысын білдірді.
Шабыт пен сезімге толы бұл қойылымда қазақ поэзиясының классиктері мен қазіргі жас ақындардың өлеңдері алма-кезек оқылды. Сонымен қатар қазақ әнінің «алтын ғасырын» жасаған композиторлар мен бүгінгі жас композиторлардың әндері шырқалып, композициялық қойылым режиссерлік және хореографиялық шешімдер арқылы өрнектеле түсті. Өнерпаздар көрерменді ананы құрметтеу, махаббатты аялай білуге шақырды.
Қоюшы режиссері – Фархад Молдағали, саунд-дизайнер – Серікжан Атқали, инсценировка – Арайлым Мұраталиева, хормейстер – Ұлжан Амангелді, костюм бойынша суретші – Гаухар Ғалымжанқызы.
Айта кетейік, Түркістан қаласында өткен көктемгі мерекелік іс-шарада аталған қойылымның алғашқы нұсқасы көпшілік назарына ұсынылған болатын. Одан соң премьерасы өткізіліп, көрерменнің жүрегінен орын ала білді. Үлкен аудиторияға таныстырылған бұл туынды жақында үшінші мегаполис саналатын Шымкент қаласында сахналанған болатын. Мұндай іссапарлар бұдан әрі де жалғаса бермек.
Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Telegram Email
author

Related Posts

ДОСТЫҚ ЛАГЕРІ ТАЗАЛЫҚ АКЦИЯСЫМЕН ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ

15 июня, 2026

«БІЗ БІРГЕМІЗ»: ШЫМКЕНТТЕ АССАМБЛЕЯ ЖАСТАРЫНЫҢ ДОСТЫҚ ЛАГЕРІ ӨТТІ

15 июня, 2026

ГҮЛГЕ ОРАНҒАН ҚАЛА: ТІК КӨГАЛДАНДЫРУ ШЫМКЕНТТЕ ЖАҢА ДЕҢГЕЙГЕ ШЫҚТЫ

29 мая, 2026
Leave A Reply Cancel Reply

© 2026 Designed by SamDev.kz
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.