Close Menu
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯДА БАРЛЫҚ ӨТПЕЛІ РӘСІМДЕР, МЕРЗІМДЕР МЕН РЕГЛАМЕНТТЕР НАҚТЫ ЖАЗЫЛАДЫ
  • СОТ ШЕШІМІНСІЗ БАСПАНАДАН ШЫҒАРУҒА ЖОЛ БЕРМЕУДІ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯСЫНДА БЕКІТУ ҰСЫНЫЛДЫ
  • ЖҮРГІЗІЛГЕН ЖҰМЫС ПЕН ТАЛҚЫЛАУДЫҢ КЕҢДІГІ ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ ЖОБАСЫН БҮКІЛХАЛЫҚТЫҚ РЕФЕРЕНДУМҒА ШЫҒАРУҒА МҮМКІНДІК БЕРЕДІ
  • КЕЛІП ТҮСКЕН ҰСЫНЫСТАР ЕСКЕРІЛІП, ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ ЖОБАСЫНА ҚОСЫМША НОРМАЛАР ЕНГІЗІЛДІ
  • МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ: ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ – МЕМЛЕКЕТТІҢ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫ КЕПІЛІ
  • Шымкент: Автокөлік саласының өкілдері жаңа Конституцияны қолдайды
  • Шымкентте медицина саласы өкілдері жаңа Конституция жобасын қолдау білдірді
  • Шымкентте этномәдени бірлестік өкілдері жаңа Конституция жобасына қолдау білдірді
Facebook X (Twitter) Instagram
OITAMYZYQOITAMYZYQ
Demo
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский
OITAMYZYQOITAMYZYQ
Home » «Таза Қазақстан»: Шымкентте қала тұрғындары мен жастар кең ауқымды экологиялық акцияға белсене қатысты
ЖАҢАЛЫҚТАР

«Таза Қазақстан»: Шымкентте қала тұрғындары мен жастар кең ауқымды экологиялық акцияға белсене қатысты

authorBy author17 октября, 2025Updated:18 октября, 2025Комментариев нет3 Views
Facebook Twitter Pinterest LinkedIn WhatsApp Reddit Tumblr Email
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Шымкент қаласында республикалық «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында ауқымды экологиялық акция өтті. Қаланың барлық ауданын қамтыған сенбілікке қала тұрғындары, жастар, еріктілер, коммуналдық қызмет өкілдері мен білім беру мекемелерінің оқушылары белсене атсалысты.

Абай ауданы: Қызылжар аумағы мен Сарыкөл көшесі тазартылды
Тұрғыны тығыз шоғырланған Қызылжар шағын ауданында «Таза мекен» акциясы ұйымдастырылып, көшелердің бойы, арық-атыздар мен ирригациялық жүйелер күл-қоқыстан тазартылды. Қураған ағаштар мен бұталар кесіліп, абаттандыру жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, Сарыкөл көшесінің бойы инертті қалдықтардан тазартылып, ретке келтірілді.
Акцияға «Amanat» партиясының Шымкент қалалық филиалынан 50 адам, 100-ден астам тұрғын және 40 коммуналдық қызметкер жұмылдырылып, нәтижесінде 5 жүк көлігімен 12 тонна қоқыс шығарылды.
Қоғам белсендісі Бастархан Байжановтың айтуынша, «Таза Қазақстан» бағдарламасы тек сенбілікпен шектелмейді. Бұл бастама қоғамда экологиялық сананы қалыптастыруға, табиғатқа жанашырлықпен қарауға, сондай-ақ жас ұрпаққа үлгі көрсетуге бағытталған кешенді шара болып табылады.

Әл-Фараби ауданы: №16 шағын аудан мен тұрғын үй аулалары тазартылды
№16 шағын аудандағы №3 және №4 көп қабатты үйлердің ауласында сенбілік жұмыстары өтті. Қураған бұталар кесіліп, ирригациялық жүйелер тазартылды. Бұл шараға Әл-Фараби ауданының тұрғындары қатысып, арнайы 4 техника көмегімен 30 тоннадай қоқыс шығарылды.

Еңбекші ауданы: Қалмырзаев көшесі тазартылып, көше сумен жуылды
Қалмырзаев көшесінде өткен тазалық жұмыстары барысында жол жиегі шөптен, қоқыстан тазартылып, асфальт беті сумен жуылды. Аудан әкімдігі өкілдерінің айтуынша, мұндай шаралар тұрғындардың экологиялық жауапкершілігін арттырады. Сенбілікке 100-ге жуық адам қатысып, 2 тоннаға жуық қоқыс жиналды. 4 арнайы техника жұмылдырылды.

Қаратау ауданы: Мирас шағынауданы мен Шым Сая шатқалында сенбілік
Мирас шағын ауданындағы Ғұн елі, Кеме қалған, Алтын адам көшелері мен Шым Сая шатқалында сенбілік өтіп, қоғамдық орындар мен жаяу жүргіншілер жолы қоқыстан тазартылды. Тазалық жұмыстарына 12 арнайы техника мен шағын аудан тұрғындары және түрлі мекемелердің қызметкерлері қатысты.

Тұран ауданы: Жаңаталапта ауқымды тазалық жұмысы жүргізілді
Қаланың шетінде орналасқан Жаңаталап шағын ауданындағы іс-шараға тұрғындар, ардагерлер және коммуналдық мекеме қызметкерлері белсенді қатысты. Көшелер мен арықтар тазаланып, қураған ағаштар кесілді. Жұмысқа бір тиегіш техника, екі жүк көлігі және үш ағаш кесу құрылғысы жұмылдырылды. Барлығы 100-ден астам азамат атсалысты.

Қала жастары: «Таза Шым» акциясы Абай саябағында өтті
Шымкент қалалық Жастар ресурстық орталығы мен Қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасының ұйымдастыруымен Абай саябағында «Таза Шым» атты тазалық акциясы өтті. Оған 50-ге жуық ерікті жас қатысып, саябақ аумағын қоқыстан тазалап, 112 кг қалдық жиналды. Бұл шара жастар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыруға және туған қаланың тазалығына үлес қосуға бағытталды.

Мектептерде экологиялық тәрбие күшейтілді
Қаланың барлық білім беру ұйымдарында «Таза қала» тақырыбында экологиялық сынып сағаттары мен дәрістер өтті. Мысалы, №5, №15 және №45 мектептерде ашық сабақтар ұйымдастырылып, оқушыларға қоршаған ортаны қорғау, тұрмыстық қалдықтарды дұрыс сұрыптау туралы жан-жақты ақпарат берілді.

Жүйелі жұмыс, нақты нәтиже
«Таза Қазақстан» акциясы – бұл тек бір реттік сенбілік емес, тұрғындардың экологиялық мәдениетін қалыптастыруға, туған жерге жанашырлық танытуға бағытталған тұрақты жоба. Қала тұрғындары бұл бастаманың елдің экологиялық қауіпсіздігі мен өмір сүру сапасын арттырудағы маңызын жақсы түсіне бастады.
Мұндай кең ауқымды тазалық шаралары қала аумағын таза ұстау ғана емес, тұрғындар арасындағы ынтымақ пен бірлікті нығайтуға да өз үлесін қосып отыр. «Таза қала – таза қоғамның айнасы» қағидасын ұстанған шымкенттіктер бұл бағыттағы жұмыстарды алдағы уақытта да жалғастыруға ниетті.

Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Telegram Email
author

Related Posts

ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ ЖОБАСЫ – ЕЛ ДАМУЫНЫҢ БЕРІК НЕГІЗІ

5 февраля, 2026

Шымкент қаласының әкімдігінде жаңа Конституция жобасы талқыланды

2 февраля, 2026

ЖАСТАР ҚАУІПСІЗДІГІ – ОРТАҚ ЖАУАПКЕРШІЛІК

2 февраля, 2026
Leave A Reply Cancel Reply

© 2026 Designed by SamDev.kz
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.