Close Menu
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯДА БАРЛЫҚ ӨТПЕЛІ РӘСІМДЕР, МЕРЗІМДЕР МЕН РЕГЛАМЕНТТЕР НАҚТЫ ЖАЗЫЛАДЫ
  • СОТ ШЕШІМІНСІЗ БАСПАНАДАН ШЫҒАРУҒА ЖОЛ БЕРМЕУДІ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯСЫНДА БЕКІТУ ҰСЫНЫЛДЫ
  • ЖҮРГІЗІЛГЕН ЖҰМЫС ПЕН ТАЛҚЫЛАУДЫҢ КЕҢДІГІ ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ ЖОБАСЫН БҮКІЛХАЛЫҚТЫҚ РЕФЕРЕНДУМҒА ШЫҒАРУҒА МҮМКІНДІК БЕРЕДІ
  • КЕЛІП ТҮСКЕН ҰСЫНЫСТАР ЕСКЕРІЛІП, ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ ЖОБАСЫНА ҚОСЫМША НОРМАЛАР ЕНГІЗІЛДІ
  • МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ: ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ – МЕМЛЕКЕТТІҢ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫ КЕПІЛІ
  • Шымкент: Автокөлік саласының өкілдері жаңа Конституцияны қолдайды
  • Шымкентте медицина саласы өкілдері жаңа Конституция жобасын қолдау білдірді
  • Шымкентте этномәдени бірлестік өкілдері жаңа Конституция жобасына қолдау білдірді
Facebook X (Twitter) Instagram
OITAMYZYQOITAMYZYQ
Demo
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский
OITAMYZYQOITAMYZYQ
Home » ДЕНСАУЛЫҚ – ЕЛ БОЛАШАҒЫНЫҢ НЕГІЗІ
ЖАҢАЛЫҚТАР

ДЕНСАУЛЫҚ – ЕЛ БОЛАШАҒЫНЫҢ НЕГІЗІ

authorBy author10 сентября, 2025Updated:29 сентября, 2025Комментариев нет3 Views
Facebook Twitter Pinterest LinkedIn WhatsApp Reddit Tumblr Email
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Дәрігер ретінде мен 2025 жылғы Президент Жолдауын ерекше қызығушылықпен тыңдадым. Бұл құжатта еліміздің денсаулық сақтау жүйесін дамытуға арналған маңызды бағыттар айқындалған. Соңғы жылдары медицина саласы үлкен өзгерістер кезеңін бастан кешіруде, ал Жолдауда айтылған бастамалар бұл өзгерістерді жаңа деңгейге көтеруге мүмкіндік береді.

Президент атап өткендей, денсаулық сақтау саласы тек ауруды емдеумен шектелмеуі керек, оның басты мақсаты – халықтың өмір сүру сапасын арттыру, аурудың алдын алу және ұзақ өмір сүруге жағдай жасау. Бұл – біз дәрігерлер үшін негізгі ұстаным. Профилактикалық медицинаға көшу, скринингтік бағдарламаларды кеңейту және алғашқы медициналық көмекті күшейту – Жолдаудағы маңызды басымдықтардың бірі.

Сонымен қатар, медицина қызметкерлерінің әлеуметтік жағдайын жақсарту мәселесі де көтерілді. Бұл – біздің қоғамдағы мәртебемізді арттырып қана қоймай, жас мамандарды медицина саласына тартуға жол ашады. Жас дәрігерлердің кәсіби дамуына жағдай жасау, үздіксіз білім беру жүйесін жетілдіру – сапалы медициналық қызметтің кепілі.

Денсаулық сақтау саласында цифрлық технологияларды енгізу де аса маңызды. Электронды денсаулық карталары, телемедицина және жасанды интеллектті диагностикалауда пайдалану сияқты жаңашылдықтар науқастарға көмек көрсетуді жылдам әрі сапалы етуге мүмкіндік береді.

Мен дәрігер ретінде Жолдаудан үлкен үміт күттім және сенім алдым. Денсаулық – тек жеке адамның ғана емес, тұтас ұлттың капиталы. Сондықтан біздің міндетіміз – әрбір азаматқа сапалы медициналық көмек көрсету арқылы елдің болашағына үлес қосу. Президенттің айтқанындай, «Дені сау ұлт – қуатты мемлекеттің кепілі», ал біз дәрігерлер – осы міндеттің алдыңғы шебінде тұрған жандармыз.

Бұл ретте еліміздің үшінші мегаполисі – шырайлы Шымкенттің тәжірибесін ерекше атап өтуге болады. Соңғы жылдары қалада денсаулық сақтау жүйесін жаңғырту бағытында ауқымды жұмыстар атқарылуда. Жаңа ауруханалар мен емханалар бой көтеріп, заманауи медициналық орталықтар ашылуда. Қалалық клиникалық ауруханаларда жоғары технологиялы диагностикалық жабдықтар орнатылып, күрделі операциялар жергілікті жерде-ақ жасалуда. Бұл – тұрғындарға сапалы әрі қолжетімді көмек көрсетудің нақты нәтижесі.

Профилактикалық медицина да назардан тыс қалған жоқ. Шымкентте жыл сайын скринингтік тексерулердің ауқымы кеңейіп, халық арасында салауатты өмір салтын насихаттау жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуде. Балалар мен аналардың денсаулығын қорғау бағдарламалары кеңейіп, алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету мекемелерінің саны артуда.

Сонымен бірге, цифрлық денсаулық сақтау саласы қарқынды дамып келеді. Электронды емхана жүйесі, онлайн жазылу қызметтері және телемедицина платформалары енгізіліп, қала тұрғындарына медициналық қызметтерді үйден шықпай-ақ алуға мүмкіндік беруде. Бұл әсіресе шалғай аудандардағы халық үшін үлкен қолдау.

Дәрігерлердің әлеуметтік жағдайы мен кәсіби дамуына да ерекше мән берілуде. Жас мамандар үшін баспана бағдарламалары мен білім жетілдіру курстары қарастырылып, кадр тапшылығын шешуге бағытталған кешенді шаралар жүзеге асырылуда. Осындай бастамалардың арқасында медицина мамандығы жастар үшін тартымды әрі беделді салаға айналып келеді.

Шымкенттің осы бағыттағы жетістіктері бүкіл елге үлгі бола алады. Денсаулық сақтау саласының дамуы – тек медициналық мәселе ғана емес, ол халықтың өмір сапасына, әлеуметтік тұрақтылыққа және елдің жалпы өркендеуіне тікелей әсер етеді.

Біз дәрігерлер, мемлекет пен қоғам қолдауымен, әрбір азаматтың саулығын қорғауға, ұлт денсаулығын нығайтуға және Қазақстанның жарқын болашағын қалыптастыруға атсалысуымыз қажет. Себебі дені сау ұрпақ – мықты мемлекеттің іргетасы, ал халықтың амандығы – біздің ең басты миссиямыз.

Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Telegram Email
author

Related Posts

ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ ЖОБАСЫ – ЕЛ ДАМУЫНЫҢ БЕРІК НЕГІЗІ

5 февраля, 2026

Шымкент қаласының әкімдігінде жаңа Конституция жобасы талқыланды

2 февраля, 2026

ЖАСТАР ҚАУІПСІЗДІГІ – ОРТАҚ ЖАУАПКЕРШІЛІК

2 февраля, 2026
Leave A Reply Cancel Reply

© 2026 Designed by SamDev.kz
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.