Close Menu
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯДА БАРЛЫҚ ӨТПЕЛІ РӘСІМДЕР, МЕРЗІМДЕР МЕН РЕГЛАМЕНТТЕР НАҚТЫ ЖАЗЫЛАДЫ
  • СОТ ШЕШІМІНСІЗ БАСПАНАДАН ШЫҒАРУҒА ЖОЛ БЕРМЕУДІ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯСЫНДА БЕКІТУ ҰСЫНЫЛДЫ
  • ЖҮРГІЗІЛГЕН ЖҰМЫС ПЕН ТАЛҚЫЛАУДЫҢ КЕҢДІГІ ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ ЖОБАСЫН БҮКІЛХАЛЫҚТЫҚ РЕФЕРЕНДУМҒА ШЫҒАРУҒА МҮМКІНДІК БЕРЕДІ
  • КЕЛІП ТҮСКЕН ҰСЫНЫСТАР ЕСКЕРІЛІП, ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ ЖОБАСЫНА ҚОСЫМША НОРМАЛАР ЕНГІЗІЛДІ
  • МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ: ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ – МЕМЛЕКЕТТІҢ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫ КЕПІЛІ
  • Шымкент: Автокөлік саласының өкілдері жаңа Конституцияны қолдайды
  • Шымкентте медицина саласы өкілдері жаңа Конституция жобасын қолдау білдірді
  • Шымкентте этномәдени бірлестік өкілдері жаңа Конституция жобасына қолдау білдірді
Facebook X (Twitter) Instagram
OITAMYZYQOITAMYZYQ
Demo
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский
OITAMYZYQOITAMYZYQ
Home » ҚЫЗМЕТ – ХАЛЫҚҚА ҚЫЗМЕТ ЕТУДЕН БАСТАЛАДЫ
ЖАҢАЛЫҚТАР

ҚЫЗМЕТ – ХАЛЫҚҚА ҚЫЗМЕТ ЕТУДЕН БАСТАЛАДЫ

authorBy author10 сентября, 2025Updated:29 сентября, 2025Комментариев нет3 Views
Facebook Twitter Pinterest LinkedIn WhatsApp Reddit Tumblr Email
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Мемлекеттік қызметкер ретінде мен 2025 жылғы 8 қыркүйекте Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауын аса жауапкершілікпен тыңдадым. Бұл құжат – елдің даму бағытын айқындайтын маңызды стратегиялық бағдар ғана емес, сонымен бірге әрбір мемлекеттік қызметші үшін нақты міндет пен үлкен сенім. Жолдауда айтылған негізгі идея – мемлекеттің басты мақсаты халықтың әл-ауқатын арттыру және әділ қоғам құру екені.

Президент атап өткендей, мемлекеттік аппараттың тиімділігі мен ашықтығы – мемлекеттің беделін айқындайтын басты факторлардың бірі. Біз, мемлекеттік қызметкерлер, халықтың сенімін ақтау үшін бюрократиялық кедергілерді азайтып, азаматтардың сұранысына жылдам әрі сапалы жауап беруді үйренуіміз қажет. «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы – біздің күнделікті жұмысымыздың темірқазығы болуы тиіс.

Сонымен қатар, Жолдауда мемлекеттік басқару жүйесін цифрландыру, жасанды интеллект элементтерін енгізу және шешім қабылдау процесін автоматтандыру мәселелері де қозғалды. Бұл – тиімділікті арттырумен қатар, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтуға бағытталған нақты қадамдар. Мемлекеттік аппарат заманауи технологияларға сүйеніп жұмыс істегенде ғана халыққа жақын әрі тиімді болмақ.

Кадр саясаты да басты назарда. Президенттің жастарды мемлекеттік қызметке тарту, олардың кәсіби дамуына жағдай жасау туралы бастамалары біз үшін үлкен мүмкіндік. Жас буынның жаңа көзқарасы мен инновациялық ойлау қабілеті мемлекеттік басқару жүйесін жаңа деңгейге көтеретіні сөзсіз.

Мемлекеттік қызметкер үшін басты құндылық – халыққа қызмет ету. Әрбір өтініш, әрбір мәселе артында нақты адамның тағдыры тұрғанын ұмытпауымыз керек. Президенттің Жолдауы бізге осы жауапкершілікті тағы да еске салып, жаңа мақсаттарға жетеледі. Біз енді тек тапсырманы орындаушы емес, ел дамуының қозғаушы күшіне айналуымыз қажет.

Осы орайда, еліміздің үшінші мегаполисі – Шымкенттің үлгісі ерекше. Шырайлы шаһар бүгінде жаңарып, жасарып келеді. Жаңа әкімшілік ғимараттар мен заманауи тұрғын үй кешендері, цифрлық қызмет көрсету орталықтары мен қоғамдық кеңістіктер – бәрі де халықтың өмір сапасын арттыру жолында атқарылып жатқан жұмыстардың нәтижесі. Шымкент – елдегі ең қарқынды дамып келе жатқан қалалардың бірі ретінде мемлекеттік саясаттың тиімділігін нақты іспен дәлелдеп отыр.

Мұнда «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидаты тек қағаз жүзінде емес, күнделікті тәжірибеде жүзеге асуда. Әрбір аудан әкімдігі тұрғындармен тікелей байланыс орнатып, мәселелерді жедел шешуге ұмтылуда. Қаланың әлеуметтік инфрақұрылымы, медицина мен білім беру саласы, көлік және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы жүйелі түрде жетілдірілуде. Цифрлық шешімдер енгізіліп, жасанды интеллект арқылы қоғамдық көлік қозғалысы реттеліп, тұрғындарға арналған онлайн-платформалар іске қосылып жатыр.

Бұл – тек қала әкімдігінің емес, бүкіл мемлекеттік қызмет жүйесінің тиімділігін арттыру жолындағы нақты қадам. Шымкенттің тәжірибесі көрсеткендей, халыққа шынайы қызмет ету – сенімнің, тұрақтылықтың және өркендеудің кепілі.

Сондықтан біз, мемлекеттік қызметкерлер, осы үлгіден үйреніп, оны бүкіл ел аумағында кеңінен таратуымыз керек. Елдің әр аймағы, әрбір өңірі Шымкент сияқты дамуға, халықпен ашық диалог орнатуға және заман талабына сай қызмет көрсетуге ұмтылуы тиіс. Өйткені шынайы қызмет – тек міндет емес, ол – Отанға деген сүйіспеншіліктің, азамат алдындағы борыштың көрінісі.

 

Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Telegram Email
author

Related Posts

ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ ЖОБАСЫ – ЕЛ ДАМУЫНЫҢ БЕРІК НЕГІЗІ

5 февраля, 2026

Шымкент қаласының әкімдігінде жаңа Конституция жобасы талқыланды

2 февраля, 2026

ЖАСТАР ҚАУІПСІЗДІГІ – ОРТАҚ ЖАУАПКЕРШІЛІК

2 февраля, 2026
Leave A Reply Cancel Reply

© 2026 Designed by SamDev.kz
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.