Close Menu
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • AMANAT: ДЕПУТАТТАРДЫҢ АЛДА АТҚАРАТЫН ЖҰМЫСТАРЫ ПЫСЫҚТАЛДЫ
  • Шымкентте «Халықаралық волонтерлер жылы – 2026» аясында жастар кездесуі өтті
  • Шымкентте «Жас сақшы» жобасы жаңа деңгейге көтерілуде
  • Университет культуры и искусства и новый Театр оперы и балета: два масштабных проекта реализуют в Шымкенте
  • Шымкентте Мәдениет және өнер университеті құрылып, жаңа Опера және балет театры салынады
  • МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ӨЗБЕКСТАНҒА ЖҰМЫС САПАРЫМЕН БАРДЫ
  • 27 ШЫМКЕНТТІК ӘСКЕРГЕ АТТАНДЫ
  • Қауіпсіз мектеп: Шымкентте 500 оқушы полиция бастығымен кездесті
Facebook X (Twitter) Instagram
OITAMYZYQOITAMYZYQ
Demo
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский
OITAMYZYQOITAMYZYQ
Home » ЖОЛДАУДЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ – ӘР АЗАМАТТЫҢ ОРТАҚ МІНДЕТІ
ЖАҢАЛЫҚТАР

ЖОЛДАУДЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ – ӘР АЗАМАТТЫҢ ОРТАҚ МІНДЕТІ

authorBy author10 сентября, 2025Updated:29 сентября, 2025Комментариев нет5 Views
Facebook Twitter Pinterest LinkedIn WhatsApp Reddit Tumblr Email
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Шымкент қалалық әкімдігінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың биылғы Қазақстан халқына Жолдауын іске асыруға арналған кеңейтілген талқылау кеңесі өтті. Маңызды жиынның мақсаты – Жолдауда айқындалған стратегиялық міндеттердің орындалу тетіктерін нақтылап, қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуының жаңа бағыттарын айқындау. Кеңеске қала әкімі Ғабит Сыздықбеков, қалалық мәслихат депутаттары, қоғам қайраткерлері, зиялы қауым өкілдері мен сарапшылар қатысты.

Жиынның ашылуында сөз сөйлеген қала әкімі Президенттің әрбір Жолдауы – ел дамуының бағдаршамы екенін атап өтті. Оның айтуынша, Жолдау мемлекет саясатының басым бағыттарын көрсетіп қана қоймай, халықтың болашаққа деген сенімін нығайтып, елдің дамуына серпін береді.

– Мемлекет басшысы өз Жолдауында еліміздің экономикалық өсіміне, әлеуметтік тұрақтылығына, ғылым мен технологияны дамытуға, әділетті қоғам орнатуға бағытталған маңызды бастамаларды ұсынды. Президенттің алға қойған міндеттері – халқымыздың әл-ауқатын арттыруға және жаңа сапалы өмір сүру деңгейіне жетуге бағытталған. Жолдауда экономиканы әртараптандыру, инвестиция тарту, өндіріс секторын күшейту, жаңа жұмыс орындарын құру мәселелері нақты көрсетілді. Бұл стратегиялық міндеттер – еліміздің жаңа дәуірдегі дамуының берік іргетасы. Сол себепті әрқайсымыз ел игілігі жолында аянбай еңбек етуіміз қажет, – деді Ғабит Сыздықбеков.

Кеңес барысында қатысушылар Жолдаудың негізгі басымдықтарына кеңінен тоқталып, олардың жүзеге асу жолдарын талқылады. Шымкент қалалық мәслихатының төрағасы Бахадыр Нарымбетов Жолдаудағы саяси және экономикалық реформалардың маңыздылығын атап өтті. Заң ғылымдарының докторы Бекет Тұрғараев әділетті құқықтық қоғам құру үшін жаңа заңнамалық тетіктердің қажет екенін айтты. Қоғам қайраткері Оңалбай Аяшев пен саясаттанушы Сәуле Рысбаева да өз пікірлерімен бөлісіп, мемлекеттің стратегиялық дамуына қоғамның белсенді қатысуы аса маңызды екенін атап өтті.

Талқылау барысында жасанды интеллект пен цифрлық технологияларды енгізудің маңызына ерекше назар аударылды. Сарапшылардың пікірінше, білім мен ғылым саласын жаңа деңгейге көтеру, жастардың шығармашылық және инновациялық әлеуетін ашу – экономикалық және әлеуметтік дамудың негізгі факторларының бірі.

Сонымен қатар, қатысушылар Жолдауда көтерілген түйінді мәселелерге жан-жақты талдау жасап, оларды іске асыру бойынша нақты ұсыныстарын білдірді. Әсіресе өңірлік экономиканы қолдау, шағын және орта бизнесті дамыту, әлеуметтік инфрақұрылымды жақсарту және кадр даярлау ісін күшейту бағыттары ерекше атап өтілді.

Осылайша, кеңесте айтылған пікірлер мен ұсыныстар Жолдауды тиімді іске асыруға жол ашып, Шымкенттің дамуына жаңа серпін беретіні сөзсіз. Бұл ретте қоғамның әрбір мүшесі ортақ мақсат жолында бірігіп әрекет етуі маңызды екені тағы бір мәрте айтылды.

Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Telegram Email
author

Related Posts

ҒЫЛЫМ, БІЛІМ ЖӘНЕ ИННОВАЦИЯ – КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ БАСЫМДЫҚ

18 марта, 2026

ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ – ЕЛ БОЛАШАҒЫНЫҢ БАҒДАРЫ

18 марта, 2026

РЕФЕРЕНДУМ-2026: КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ РЕФОРМАЛАР ТАЛҚЫЛАНДЫ

10 марта, 2026
Leave A Reply Cancel Reply

© 2026 Designed by SamDev.kz
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.