Close Menu
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯДА БАРЛЫҚ ӨТПЕЛІ РӘСІМДЕР, МЕРЗІМДЕР МЕН РЕГЛАМЕНТТЕР НАҚТЫ ЖАЗЫЛАДЫ
  • СОТ ШЕШІМІНСІЗ БАСПАНАДАН ШЫҒАРУҒА ЖОЛ БЕРМЕУДІ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯСЫНДА БЕКІТУ ҰСЫНЫЛДЫ
  • ЖҮРГІЗІЛГЕН ЖҰМЫС ПЕН ТАЛҚЫЛАУДЫҢ КЕҢДІГІ ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ ЖОБАСЫН БҮКІЛХАЛЫҚТЫҚ РЕФЕРЕНДУМҒА ШЫҒАРУҒА МҮМКІНДІК БЕРЕДІ
  • КЕЛІП ТҮСКЕН ҰСЫНЫСТАР ЕСКЕРІЛІП, ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ ЖОБАСЫНА ҚОСЫМША НОРМАЛАР ЕНГІЗІЛДІ
  • МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ: ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ – МЕМЛЕКЕТТІҢ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫ КЕПІЛІ
  • Шымкент: Автокөлік саласының өкілдері жаңа Конституцияны қолдайды
  • Шымкентте медицина саласы өкілдері жаңа Конституция жобасын қолдау білдірді
  • Шымкентте этномәдени бірлестік өкілдері жаңа Конституция жобасына қолдау білдірді
Facebook X (Twitter) Instagram
OITAMYZYQOITAMYZYQ
Demo
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский
OITAMYZYQOITAMYZYQ
Home » Отбасына қолдау мен цифрлық шешімдер: FSM Social мыңдаған шымкенттікке көмектесуде
ЖАҢАЛЫҚТАР

Отбасына қолдау мен цифрлық шешімдер: FSM Social мыңдаған шымкенттікке көмектесуде

authorBy author26 сентября, 2025Updated:28 сентября, 2025Комментариев нет4 Views
Facebook Twitter Pinterest LinkedIn WhatsApp Reddit Tumblr Email
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Шымкент қаласында отбасы институтын қорғау мен әлеуметтік әл-ауқатты арттыру – жергілікті биліктің басты басымдықтарының бірі. Осы бағытта маңызды рөл атқарып отырған мекемелердің бірі – қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасына қарасты «Отбасын қолдау орталығы». 2025 жылдың басынан бастап орталықтың қызметі жаңа FSM Social ақпараттық жүйесімен біріктіріліп, отбасыларға көмек көрсету сапасы жаңа деңгейге көтерілді.

Бұл жүйенің басты артықшылығы – дағдарысқа ұшыраған отбасылардың мәселесіне жедел әрекет ету және оларға дер кезінде көмек көрсету мүмкіндігі. Осы мақсатта денсаулық сақтау, білім, ішкі істер және пробация қызметкерлерінен құралған мобильді топ жасақталып, құрамына 200-ден астам маман кірді. Сонымен қатар, 552 қызметкер арнайы оқытудан өтті. Қазіргі таңда FSM Social жүйесінде 242 мемлекеттік мекемеден 1 310 маман тіркеліп, белсенді жұмыс істеп отыр.

Жоба іске қосылған сегіз ай ішінде орталық 6 917 отбасына жалпы 10 501 қызмет түрін көрсеткен. Оның ішінде 2 304 отбасы тікелей FSM Social арқылы тіркелсе, 455 отбасы туралы ақпарат мемлекеттік мекемелерден түскен. Бүгінгі күні жүйеде 2 220 дерек тіркелген, 1 849 отбасы орталыққа өздері келіп әлеуметтік көмек алса, 203 отбасы қажетті қолдауға ие болған.

Орталықтың маңызды бағыттарының бірі – психологиялық көмек көрсету. Жыл басынан бері 460 адам кәсіби психологтармен жеке терапиялық кездесулер өткізіп, отбасындағы қарым-қатынас пен тұлғалық даму бойынша нақты кеңес алды. Сонымен қатар, 213 азаматқа неке бұзу, алимент өндіру, балаға қамқорлық жасау, тұрғын үй алу және әлеуметтік төлемдер бойынша заңгерлік кеңестер берілді.

Аналар мен әйелдерге қолдау көрсету де басты назарда. Жыл басынан бері 141 іс-шара ұйымдастырылып, 1 380 ана қатысты. «Отбасы банк» және тұрғын үй басқармасымен бірлесіп, 2 127 анаға тұрғын үй алу тәртібі түсіндірілді. Нәтижесінде, 1 131 ана құжаттарын kezekte.kz порталына тіркеп, 27 ана мемлекеттік бағдарлама арқылы пәтерге қол жеткізді.

Мамандардың айтуынша, FSM Social жүйесінің енгізілуі отбасындағы дағдарыстарға ерте әрекет етуге мүмкіндік беріп, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, аналар мен балалардың құқығын қорғау саласында нақты нәтиже беріп отыр. Дегенмен, мәселені толық шешу үшін мамандардың кәсіби біліктілігін арттыру мен жүйені одан әрі жетілдіру қажет.

Осылайша, «Отбасын қолдау орталығы» тек әлеуметтік көмек беретін мекеме ғана емес, адамдарға үміт сыйлап, олардың жаңа өмірге сеніммен қадам басуына жол көрсететін сенімді серіктеске айналды. Жаңа цифрлық жүйе отбасы институтын нығайтып, қоғамдағы тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге зор үлес қосып келеді.

Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Telegram Email
author

Related Posts

ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ ЖОБАСЫ – ЕЛ ДАМУЫНЫҢ БЕРІК НЕГІЗІ

5 февраля, 2026

Шымкент қаласының әкімдігінде жаңа Конституция жобасы талқыланды

2 февраля, 2026

ЖАСТАР ҚАУІПСІЗДІГІ – ОРТАҚ ЖАУАПКЕРШІЛІК

2 февраля, 2026
Leave A Reply Cancel Reply

© 2026 Designed by SamDev.kz
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.