Close Menu
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • ПЕРВЫЙ ЗАМЕСТИТЕЛЬ ПРЕМЬЕР-МИНИСТРА НУРЛЫБЕК НАЛИБАЕВ ПРИНЯЛ УЧАСТИЕ В ОТКРЫТИИ CITY PARK В ШЫМКЕНТЕ
  • ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІНІҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ НҰРЛЫБЕК НӘЛІБАЕВ ШЫМКЕНТТЕГІ CITY PARK САЯБАҒЫНЫҢ АШЫЛУ САЛТАНАТЫНА ҚАТЫСТЫ
  • В ШЫМКЕНТЕ ОТКРЫЛИ КРУПНЕЙШИЙ ЭКОПАРК НА МЕСТЕ БЫВШЕГО ПОЛИГОНА
  • ШЫМКЕНТТЕ БҰРЫНҒЫ ҚОҚЫС ПОЛИГОНЫНЫҢ ОРНЫНДА АУҚЫМДЫ ІРІ ЭКОПАРК АШЫЛДЫ
  • «ЗАҢ МЕН ТӘРТІП»: ЕҢБЕКШІ АУДАНЫНДА «ҚҰҚЫҚТЫҚ ДӘРІХАНА» АКЦИЯСЫ ӨТКІЗІЛДІ
  • КАДРОВАЯ ПОЛИТИКА ШЫМКЕНТА ДО 2030 ГОДА: ПРИОРИТЕТЫ РАЗВИТИЯ И ПЕРСПЕКТИВЫ
  • 2030 ЖЫЛҒА ДЕЙІНГІ ШЫМКЕНТТІҢ КАДРЛЫҚ САЯСАТЫ: ДАМУ БАСЫМДЫҚТАРЫ МЕН БОЛАШАҚ МҮМКІНДІКТЕР
  • ДОСТЫҚ ЛАГЕРІ ТАЗАЛЫҚ АКЦИЯСЫМЕН ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ
Facebook X (Twitter) Instagram
OITAMYZYQOITAMYZYQ
Demo
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский
OITAMYZYQOITAMYZYQ
Home » «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: партиялық талқылау мен жаңа міндеттер»
ЖАҢАЛЫҚТАР

«Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: партиялық талқылау мен жаңа міндеттер»

authorBy author19 сентября, 2025Updated:27 сентября, 2025Комментариев нет6 Views
Facebook Twitter Pinterest LinkedIn WhatsApp Reddit Tumblr Email
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Шымкентте AMANAT партиясы қалалық филиалының Партиялық бақылау комиссиясының ұйымдастыруымен Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Жолдауына арналған кеңейтілген отырыс өтті.

Кеңеске партияның қалалық филиалының төрағасы Мұрат Жолдыхожаев, орынбасары Ербол Байқонысов, Партиялық бақылау комиссиясының төрағасы Ғани Ташқараев, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңес төрағасы Берген Ержаппар, аудандық филиал жетекшілері, мәслихат депутаттары, бастауыш партия ұйымдары мен БАҚ өкілдері қатысты.

Отырыстың басты мақсаты – Президент Жолдауында айқындалған басымдықтарды талқылап, оны қоғам арасында кеңінен насихаттау. Партия төрағасы Мұрат Жолдыхожаев өз сөзінде: «AMANAT – Президент саясатының қоғамдық тірегі. Бұл Жолдау елдің даму бағытын нақты көрсетіп, жүйелі өзгерістердің жалғасы болмақ. Ендігі міндет – осы тапсырмаларды тиімді орындап, нәтижесін халықтың игілігіне айналдыру», – деді.

Ербол Байқонысов жасанды интеллекттің экономикалық болашағына тоқталып: «Жасанды интеллект – болашақ экономикасының іргетасы. Оны тиімді енгізу мемлекеттік басқаруды жетілдіріп, әлеуметтік-экономикалық дамуды жаңа деңгейге көтереді. Партия бұл бастамаларды қолдап, қоғам арасында түсіндіру жұмыстарын күшейтеді», – деді.

Жиында сөз алғандар ел дамуы тек Президент пен партияның емес, бүкіл қоғамның ортақ жауапкершілігі екенін атап өтті. Жасанды интеллект дәуірінде білімді, кәсіби әрі жауапты азаматтардың рөлі арта түспек. Сонымен қатар жұмысшы мамандығының мәртебесін көтеру – ұлттық экономиканың берік негізін қалыптастырудағы маңызды қадам екені де айтылды.

Президенттің стратегиялық бастамалары да кеңінен талқыланды. Жаңа Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің құрылуы – елдің толыққанды цифрлық мемлекетке айналуына бағытталған маңызды шешім. Алдағы үш жылда Қазақстан жаңа цифрлық дәуірге аяқ баспақ. Әділетті қоғам орнату жолында отансүйгіштік пен мемлекетшілдікті сөзбен емес, нақты іспен дәлелдеу қажеттігі де ерекше айтылды.

Кеңес соңында Мұрат Жолдыхожаев партияның жаңа кадрларын таныстырды. AMANAT партиясы қалалық филиалы атқарушы хатшысының кеңесшісі болып Бегайдар Тулегенов, ал орынбасары қызметіне Талғат Балтабаев тағайындалды.

Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Telegram Email
author

Related Posts

ДОСТЫҚ ЛАГЕРІ ТАЗАЛЫҚ АКЦИЯСЫМЕН ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ

15 июня, 2026

«БІЗ БІРГЕМІЗ»: ШЫМКЕНТТЕ АССАМБЛЕЯ ЖАСТАРЫНЫҢ ДОСТЫҚ ЛАГЕРІ ӨТТІ

15 июня, 2026

ГҮЛГЕ ОРАНҒАН ҚАЛА: ТІК КӨГАЛДАНДЫРУ ШЫМКЕНТТЕ ЖАҢА ДЕҢГЕЙГЕ ШЫҚТЫ

29 мая, 2026
Leave A Reply Cancel Reply

© 2026 Designed by SamDev.kz
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.