Close Menu
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • Шымкентте «Халықаралық волонтерлер жылы – 2026» аясында жастар кездесуі өтті
  • Шымкентте «Жас сақшы» жобасы жаңа деңгейге көтерілуде
  • Университет культуры и искусства и новый Театр оперы и балета: два масштабных проекта реализуют в Шымкенте
  • Шымкентте Мәдениет және өнер университеті құрылып, жаңа Опера және балет театры салынады
  • МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ӨЗБЕКСТАНҒА ЖҰМЫС САПАРЫМЕН БАРДЫ
  • 27 ШЫМКЕНТТІК ӘСКЕРГЕ АТТАНДЫ
  • Қауіпсіз мектеп: Шымкентте 500 оқушы полиция бастығымен кездесті
  • Безопасная школа: в Шымкенте 500 школьников встретились с главой полиции
Facebook X (Twitter) Instagram
OITAMYZYQOITAMYZYQ
Demo
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский
OITAMYZYQOITAMYZYQ
Home » Шымкентте Бірыңғай есеп беру күні өтті: мемлекет пен бизнес арасындағы ашық диалог алаңы
ЖАҢАЛЫҚТАР

Шымкентте Бірыңғай есеп беру күні өтті: мемлекет пен бизнес арасындағы ашық диалог алаңы

authorBy author24 сентября, 2025Updated:26 сентября, 2025Комментариев нет3 Views
Facebook Twitter Pinterest LinkedIn WhatsApp Reddit Tumblr Email
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Шымкент қаласында дәстүрлі Бірыңғай есеп беру күні өтіп, мемлекеттік органдар мен кәсіпкерлер қауымдастығының өкілдері бас қосты. Жиынға Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Айдын Кәрімов, қала прокурорының міндетін атқарушы Марлен Сламбеков, «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының директоры Сабира Адамбекова, аймақтық департаменттер мен бақылау-қадағалау органдарының басшылары және бизнес өкілдері қатысты.

2021 жылдан бері өткізіліп келе жатқан Бірыңғай есеп беру күнінің басты мақсаты – кәсіпкерлер мен мемлекеттік органдар арасындағы ашық диалог орнату, бақылау-қадағалау қызметін реформалау, заң талаптарын бұзудың алдын алу және қауіпсіз кәсіпкерлікті дамыту болып табылады.

Кәсіпкерлер палатасының директоры Сабира Адамбекова өз сөзінде бұл шараның бизнес үшін маңыздылығын атап өтті. Оның айтуынша, есеп беру күні кәсіпкерлерге бақылау органдарының жұмысы туралы ақпарат алуға, нәтижелерді бірлесе талқылауға және өз ұсыныстарын білдіруге мүмкіндік береді.

Қала әкімінің бірінші орынбасары Айдын Кәрімов өз сөзінде мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, кәсіпкерлікті қолдау мен қорғау мемлекеттік саясаттың басым бағыты екенін атап өтті. «Әрбір мемлекеттік органның жұмысы кәсіпкерлердің сенімін арттыруға, әкімшілік кедергілерді азайтуға және бақылау-қадағалауды заң аясында жүргізуге бағытталуы тиіс. Біз бұл кездесуде сіздердің ұсыныстарыңызды тыңдап, ортақ мәселелердің шешімін бірге қарастырамыз», – деді ол.

Прокурордың міндетін атқарушы Марлен Сламбеков кәсіпкерлердің құқығын қорғау бағытында атқарылған жұмыстарды баяндады. Биылғы жылы прокуратура органдарына түскен 51 хабарламаның нәтижесінде 16 мыңнан астам кәсіпкердің құқықтары қорғалған. Сонымен қатар, инвестициялық жобаларды жүзеге асыруда прокурорлық сүзгі жалғасып, инвесторлардың заңды құқықтарын қорғау бойынша бірқатар тексерулерге жол берілмеді.

«2025 жылдан бастап кәсіпкерлікке заңсыз араласқан мемлекеттік орган әкімшілік жауапкершілікке тартылатын болады. Бұл бизнеске қолдаудың жаңа деңгейін қалыптастырады», – деді Марлен Сламбеков.

Жиын барысында кәсіпкерлер өзекті мәселелерін көтеріп, мемлекеттік органдар өкілдеріне сұрақтар қойды. Мамандар ұсыныстарды назарға алып, алдағы уақытта оларды шешу жолдарын қарастыруға уәде берді.

Бірыңғай есеп беру күні – тек есеп беру алаңы ғана емес, сонымен бірге мемлекет пен бизнес арасындағы серіктестікті нығайтудың маңызды құралы. Бұл шара бизнес ортасын жақсартуға, кәсіпкерліктің дамуына және әкімшілік қысымды азайтуға нақты серпін беріп отыр.

Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Telegram Email
author

Related Posts

ҒЫЛЫМ, БІЛІМ ЖӘНЕ ИННОВАЦИЯ – КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ БАСЫМДЫҚ

18 марта, 2026

ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ – ЕЛ БОЛАШАҒЫНЫҢ БАҒДАРЫ

18 марта, 2026

РЕФЕРЕНДУМ-2026: КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ РЕФОРМАЛАР ТАЛҚЫЛАНДЫ

10 марта, 2026
Leave A Reply Cancel Reply

© 2026 Designed by SamDev.kz
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.