Close Menu
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • AMANAT: ДЕПУТАТТАРДЫҢ АЛДА АТҚАРАТЫН ЖҰМЫСТАРЫ ПЫСЫҚТАЛДЫ
  • Шымкентте «Халықаралық волонтерлер жылы – 2026» аясында жастар кездесуі өтті
  • Шымкентте «Жас сақшы» жобасы жаңа деңгейге көтерілуде
  • Университет культуры и искусства и новый Театр оперы и балета: два масштабных проекта реализуют в Шымкенте
  • Шымкентте Мәдениет және өнер университеті құрылып, жаңа Опера және балет театры салынады
  • МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ӨЗБЕКСТАНҒА ЖҰМЫС САПАРЫМЕН БАРДЫ
  • 27 ШЫМКЕНТТІК ӘСКЕРГЕ АТТАНДЫ
  • Қауіпсіз мектеп: Шымкентте 500 оқушы полиция бастығымен кездесті
Facebook X (Twitter) Instagram
OITAMYZYQOITAMYZYQ
Demo
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский
OITAMYZYQOITAMYZYQ
Home » ШЫМКЕНТ: ЖЕТІ ҚАЛАҒА ТІКЕЛЕЙ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ӘУЕ РЕЙСТЕРІ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ
ЖАҢАЛЫҚТАР

ШЫМКЕНТ: ЖЕТІ ҚАЛАҒА ТІКЕЛЕЙ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ӘУЕ РЕЙСТЕРІ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

authorBy author12 сентября, 2025Updated:2 октября, 2025Комментариев нет5 Views
Facebook Twitter Pinterest LinkedIn WhatsApp Reddit Tumblr Email
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

«Жергілікті атқарушы органдар әрдайым туризм инфрақұрылымын жан-жақты дамытуға баса мән беріп, осы жұмысқа жауапты болады», – делінген Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2025 жылғы 8 қыркүйектегі Жолдауында. Бұл тапсырма еліміздің барлық аймақтарына, соның ішінде Шымкент қаласына да тікелей қатысты. Туризм – экономиканың серпінді дамуына, халықаралық ынтымақтастықтың артуына және қаланың инвестициялық тартымдылығын күшейтуге зор ықпал ететін маңызды сала.

Осы бағытта жүзеге асырылып жатқан ірі жобалардың бірі – Шымкент халықаралық әуежайынан жаңа тікелей халықаралық әуе рейстерінің ашылуы. Бүгінгі таңда мегаполистен бес мемлекеттің жеті қаласына, атап айтқанда, Мажарстанның Будапешт, Германияның Мюнхен, Кореяның Сеул, Қытайдың Бейжің және Шанхай, сондай-ақ Египеттің Каир қалаларына тікелей әуе қатынасы жолға қойылды. Бұл – аймақтың көлік әлеуетін арттырып қана қоймай, туризм мен іскерлік байланыстардың дамуына да жол ашатын маңызды қадам.

Алғашқы сапарлар Мюнхен мен Будапешт қалаларына бағыт алды. Бұл оқиға жергілікті тұрғындар үшін ғана емес, бүкіл өңір үшін үлкен маңызға ие. Себебі халықаралық бағыттардың көбеюі арқылы шымкенттіктер енді алыс және жақын шетелдерге ешқандай аралық аялдаусыз тікелей ұшуға мүмкіндік алды. Сонымен қатар, шетелдік туристер мен инвесторлардың қаламызға келуі де айтарлықтай жеңілдей түсті.

Қазіргі уақытта еліміздің ірі әуе тасымалдаушыларының бірі – SCAT әуекомпаниясының әуе паркінде 37 ұшақ бар. Оның 22-сі ішкі бағыттарда, ал 15-і халықаралық бағыттарда тұрақты түрде қызмет көрсетеді. Компания ұшақтардың санын ғана емес, олардың сапасын да арттыруға ерекше көңіл бөліп отыр. Жаңа буындағы әуе кемелері жолаушылардың қауіпсіздігі мен жайлылығын қамтамасыз етіп, халықаралық стандарттарға толық сәйкес келеді.

Халықаралық рейстердің көбеюі тек туризм саласын ғана емес, жалпы қаланың экономикасын дамытуға да зор серпін береді. Әуежайдың өткізу қабілеті артып, жаңа жұмыс орындары ашылады, қызмет көрсету сапасы жақсарады. Сондай-ақ, шетелдік бизнесмендер мен инвесторлар үшін Шымкентке тікелей келіп, аймақтың өндірістік және инвестициялық әлеуетімен танысу мүмкіндігі кеңейеді. Бұл өз кезегінде жаңа серіктестіктер мен іскерлік жобалардың жүзеге асуына ықпал етеді.

Туризм саласындағы мамандардың пікірінше, халықаралық бағыттардың ашылуы жыл сайын қалаға келетін шетелдік туристер санын кем дегенде 20–30 пайызға арттыруы мүмкін. Бұл – қонақүй бизнесінің, қоғамдық тамақтану саласының, көлік қызметтерінің және мәдени-сауықтыру индустриясының дамуына зор мүмкіндік береді. Сонымен қатар, жергілікті тұрғындардың да шетелге саяхат жасау мүмкіндігі артып, халықтың өмір сапасы жаңа деңгейге көтеріледі.

Қорытындылай келе, жаңа халықаралық әуе рейстерінің іске қосылуы – Шымкенттің өңірлік және жаһандық деңгейдегі беделін арттыруға бағытталған маңызды стратегиялық қадам. Бұл жоба қаланың көлік және туризм саласының әлеуетін еселеп қана қоймай, мегаполистің инвестициялық тартымдылығын арттырып, оны Орталық Азиядағы ірі транзиттік және туристік орталықтардың біріне айналдыруға мүмкіндік береді.

 

Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Telegram Email
author

Related Posts

ҒЫЛЫМ, БІЛІМ ЖӘНЕ ИННОВАЦИЯ – КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ БАСЫМДЫҚ

18 марта, 2026

ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ – ЕЛ БОЛАШАҒЫНЫҢ БАҒДАРЫ

18 марта, 2026

РЕФЕРЕНДУМ-2026: КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ РЕФОРМАЛАР ТАЛҚЫЛАНДЫ

10 марта, 2026
Leave A Reply Cancel Reply

© 2026 Designed by SamDev.kz
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.