Close Menu
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • AMANAT: ДЕПУТАТТАРДЫҢ АЛДА АТҚАРАТЫН ЖҰМЫСТАРЫ ПЫСЫҚТАЛДЫ
  • Шымкентте «Халықаралық волонтерлер жылы – 2026» аясында жастар кездесуі өтті
  • Шымкентте «Жас сақшы» жобасы жаңа деңгейге көтерілуде
  • Университет культуры и искусства и новый Театр оперы и балета: два масштабных проекта реализуют в Шымкенте
  • Шымкентте Мәдениет және өнер университеті құрылып, жаңа Опера және балет театры салынады
  • МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ӨЗБЕКСТАНҒА ЖҰМЫС САПАРЫМЕН БАРДЫ
  • 27 ШЫМКЕНТТІК ӘСКЕРГЕ АТТАНДЫ
  • Қауіпсіз мектеп: Шымкентте 500 оқушы полиция бастығымен кездесті
Facebook X (Twitter) Instagram
OITAMYZYQOITAMYZYQ
Demo
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский
OITAMYZYQOITAMYZYQ
Home » ШЫМКЕНТ: 2025 ЖЫЛЫ ИНВЕСТИЦИЯ КӨЛЕМІ АРТТЫ
ЖАҢАЛЫҚТАР

ШЫМКЕНТ: 2025 ЖЫЛЫ ИНВЕСТИЦИЯ КӨЛЕМІ АРТТЫ

authorBy author12 сентября, 2025Updated:26 сентября, 2025Комментариев нет5 Views
Facebook Twitter Pinterest LinkedIn WhatsApp Reddit Tumblr Email
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

«Ірі инвесторлармен қатар орта және шағын инвесторлармен тығыз байланыста жұмыс істеу керек. «Инвестицияға тапсырыс» өндірістің сұранысына сай жасалуы қажет», – деп атап өтті Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылғы 8 қыркүйектегі Жолдауында.

Шымкент қаласының экономикасы соңғы жылдары тұрақты даму үрдісін көрсетіп отыр. Бұл – инвестиция тарту бағытында жүргізілген жүйелі жұмыстардың нәтижесі. 2025 жылдың қаңтар–сәуір айларында қалаға 233 млрд теңге инвестиция тартылып, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 54 пайызға жоғары көрсеткіш тіркелді.

Ел Үкіметі бекіткен декомпозицияға сәйкес, 2025 жылы Шымкентке 1 трлн 54 млрд теңге инвестиция тарту жоспарланған. Сонымен қатар, 2025–2029 жылдары өңдеу өнеркәсібінде 112 кәсіпорын ашу көзделуде. Бұл жобаларға 406 млрд теңге инвестиция тартылып, 8,5 мыңнан астам жаңа жұмыс орны құрылады деп күтілуде.

Аталған бес жылдық пулды жүзеге асыру жұмыстары басталып кетті. Биыл өңдеу өнеркәсібі саласында жалпы құны 73 млрд теңгені құрайтын 22 кәсіпорын іске қосылады. Оның нәтижесінде 1,2 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылады. Солардың ішінде 2025 жылдың наурыз айында «QazAlPack» ЖШС-нің алюминий қаптамасын өндіретін зауыты пайдалануға берілді.

Жобалардың жүзеге асырылуы өнеркәсіп өнімін 50 млрд теңгеге ұлғайтуға және экспорт көлемін 18 млн АҚШ долларына дейін арттыруға мүмкіндік береді.

Инвесторларға қолдау көрсету мақсатында өнеркәсіптік алаңдарда инфрақұрылымы дайын жер телімдері ұзақ мерзімге жалға ұсынылады. Сонымен қатар, коммуналдық қызметтер төмендетілген тарифпен көрсетіліп, арнайы экономикалық аймақ резиденттеріне салықтық жеңілдіктер беріледі.

Қазіргі таңда қала аумағында жалпы көлемі 1 276 гектарды құрайтын 7 өндірістік аймақ жұмыс істеп тұр. Оның ішінде аумағы 306 гектарды құрайтын «Жұлдыз» және 132 гектарлық «Бозарық» индустриалды аймақтары 2024 жылы пайдалануға берілді.

Бүгінде Шымкентте инвесторлармен ашық әрі сындарлы диалог орнатуға мүмкіндік беретін көпдеңгейлі инфрақұрылым қалыптасқан. Инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға ниетті бастамашыларға келісімшарттарға қол жеткізуде қолдау көрсетілуде. Сонымен қатар, Шымкент қаласы әкімдігінің 2025 жылғы 24 қаңтардағы №248 қаулысымен «Shymkent Invest – Front office» инвестицияларды тарту және инвесторларды қолдау орталығы» ЖШС құрылды. Орталықтың негізгі міндеттері – қаланың инвестициялық тартымдылығын арттыруға бағытталған аналитикалық зерттеулер жүргізу, инвесторларға қызмет көрсету, қаланың инвестициялық имиджін нығайту, сондай-ақ «бір терезе» қағидаты бойынша инвесторлармен тиімді өзара іс-қимыл ұйымдастыру.

Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Telegram Email
author

Related Posts

ҒЫЛЫМ, БІЛІМ ЖӘНЕ ИННОВАЦИЯ – КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ БАСЫМДЫҚ

18 марта, 2026

ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ – ЕЛ БОЛАШАҒЫНЫҢ БАҒДАРЫ

18 марта, 2026

РЕФЕРЕНДУМ-2026: КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ РЕФОРМАЛАР ТАЛҚЫЛАНДЫ

10 марта, 2026
Leave A Reply Cancel Reply

© 2026 Designed by SamDev.kz
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.