Close Menu
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • AMANAT: ДЕПУТАТТАРДЫҢ АЛДА АТҚАРАТЫН ЖҰМЫСТАРЫ ПЫСЫҚТАЛДЫ
  • Шымкентте «Халықаралық волонтерлер жылы – 2026» аясында жастар кездесуі өтті
  • Шымкентте «Жас сақшы» жобасы жаңа деңгейге көтерілуде
  • Университет культуры и искусства и новый Театр оперы и балета: два масштабных проекта реализуют в Шымкенте
  • Шымкентте Мәдениет және өнер университеті құрылып, жаңа Опера және балет театры салынады
  • МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ӨЗБЕКСТАНҒА ЖҰМЫС САПАРЫМЕН БАРДЫ
  • 27 ШЫМКЕНТТІК ӘСКЕРГЕ АТТАНДЫ
  • Қауіпсіз мектеп: Шымкентте 500 оқушы полиция бастығымен кездесті
Facebook X (Twitter) Instagram
OITAMYZYQOITAMYZYQ
Demo
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский
OITAMYZYQOITAMYZYQ
Home » БИЫЛ ШЫМКЕНТКЕ ТАРТЫЛАТЫН ИНВЕСТИЦИЯ 1 ТРИЛЛИОН ТЕҢГЕДЕН АСАДЫ
ЖАҢАЛЫҚТАР

БИЫЛ ШЫМКЕНТКЕ ТАРТЫЛАТЫН ИНВЕСТИЦИЯ 1 ТРИЛЛИОН ТЕҢГЕДЕН АСАДЫ

authorBy author12 сентября, 2025Updated:25 сентября, 2025Комментариев нет0 Views
Facebook Twitter Pinterest LinkedIn WhatsApp Reddit Tumblr Email
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2025 жылғы 8 қыркүйектегі Жолдауында:

«Экономиканы жан-жақты жаңғырту жұмыстары адам капиталын дамытуға қатысты жаңа міндеттер жүктейді» – деп атап өтілді.

Осы тапсырмаларды жүзеге асыру мақсатында Шымкент қаласында инвестиция тарту көлемі жыл сайын артып келеді. Тек биылдың қаңтар–сәуір айларының өзінде қалаға 233 млрд теңге инвестиция тартылып, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 54 пайызға жоғары көрсеткіш болды. Ел Үкіметінің жоспарына сәйкес, 2025 жылдың соңына дейін Шымкентке 1 триллион 54 млрд теңге инвестиция тарту көзделген.

Қала экономикасын әртараптандыру үшін өңдеу өнеркәсібін дамытуға басымдық берілуде. 2025–2029 жылдары бұл салада 112 жаңа кәсіпорын іске қосылады деп жоспарланған. Жобаларға тартылатын инвестиция көлемі – 406 млрд теңге, ал ашылатын жаңа жұмыс орындарының саны – 8,5 мыңнан асады.

Аталған жоспардың алғашқы кезеңі орындалып та үлгерді. Мәселен, биылдың өзінде өңдеу өнеркәсібінде жалпы құны 73 млрд теңгені құрайтын 22 кәсіпорын ашылмақ. Оның ішінде алюминий қаптамасын өндіретін «QazAlPack» ЖШС зауыты наурыз айында іске қосылып, өндіріс әлеуетін арттыруға ықпал етті. Нәтижесінде өнеркәсіп өнімінің көлемі 50 млрд теңгеге ұлғайып, экспорт көлемі 18 млн АҚШ долларына жетпек.

Инвесторларға қолайлы жағдай жасау – қала әкімдігінің басты басымдықтарының бірі. Өнеркәсіп алаңдарында инфрақұрылымы дайын жер телімдері ұсынылып, коммуналдық қызметтер төмендетілген тарифпен көрсетіледі. Арнайы экономикалық аймаққа қатысушылар үшін салық жеңілдіктері қарастырылған.

Қазіргі уақытта Шымкентте жалпы көлемі 1 276 гектарды қамтитын 7 индустриалдық аймақ жұмыс істейді. Оның ішінде «Жұлдыз» (306 гектар) және «Бозарық» (132 гектар) индустриалды аймақтары 2024 жылы іске қосылған болатын. Бүгінгі таңда бұл аймақтарда жалпы құны 338 млрд теңгені құрайтын 305 инвестициялық жоба жүзеге асырылып, 9 мыңнан астам тұрақты жұмыс орны ашылды.

Инвестициялық саясаттың ашықтығын қамтамасыз ету үшін 2025 жылғы 24 қаңтардағы №248 қаулымен «Shymkent Invest – Front office» орталығы құрылды. Оның негізгі міндеттері – қаланың инвестициялық тартымдылығын арттыру, талдамалық зерттеулер жүргізу, инвесторларға сүйемелдеу қызметін көрсету және «бір терезе» қағидаты бойынша жұмыс істеу.

Мегаполисте жүзеге асырылып жатқан бұл шаралар Шымкенттің өндірістік әлеуетін күшейтіп, экономиканы жаңа деңгейге көтеріп қана қоймай, тұрғындардың әл-ауқатын арттыруға да серпін беруде.

#Президентжолдауы2025

Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Telegram Email
author

Related Posts

ҒЫЛЫМ, БІЛІМ ЖӘНЕ ИННОВАЦИЯ – КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ БАСЫМДЫҚ

18 марта, 2026

ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ – ЕЛ БОЛАШАҒЫНЫҢ БАҒДАРЫ

18 марта, 2026

РЕФЕРЕНДУМ-2026: КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ РЕФОРМАЛАР ТАЛҚЫЛАНДЫ

10 марта, 2026
Leave A Reply Cancel Reply

© 2026 Designed by SamDev.kz
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.