Close Menu
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • AMANAT: ДЕПУТАТТАРДЫҢ АЛДА АТҚАРАТЫН ЖҰМЫСТАРЫ ПЫСЫҚТАЛДЫ
  • Шымкентте «Халықаралық волонтерлер жылы – 2026» аясында жастар кездесуі өтті
  • Шымкентте «Жас сақшы» жобасы жаңа деңгейге көтерілуде
  • Университет культуры и искусства и новый Театр оперы и балета: два масштабных проекта реализуют в Шымкенте
  • Шымкентте Мәдениет және өнер университеті құрылып, жаңа Опера және балет театры салынады
  • МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ӨЗБЕКСТАНҒА ЖҰМЫС САПАРЫМЕН БАРДЫ
  • 27 ШЫМКЕНТТІК ӘСКЕРГЕ АТТАНДЫ
  • Қауіпсіз мектеп: Шымкентте 500 оқушы полиция бастығымен кездесті
Facebook X (Twitter) Instagram
OITAMYZYQOITAMYZYQ
Demo
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский
OITAMYZYQOITAMYZYQ
Home » ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБА: ШЫМКЕНТТЕ ОРТА АЗИЯДАҒЫ ЕҢ ІРІ ЖЫЛЫЖАЙ КЕШЕНІ САЛЫНУДА
ЖАҢАЛЫҚТАР

ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБА: ШЫМКЕНТТЕ ОРТА АЗИЯДАҒЫ ЕҢ ІРІ ЖЫЛЫЖАЙ КЕШЕНІ САЛЫНУДА

authorBy author12 сентября, 2025Updated:2 октября, 2025Комментариев нет5 Views
Facebook Twitter Pinterest LinkedIn WhatsApp Reddit Tumblr Email
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылғы 8 қыркүйектегі Жолдауында азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету және ішкі нарықтың импортқа тәуелділігін азайту Үкіметтің стратегиялық міндеті екенін атап өтті. Осы бағыттағы ең ірі әрі стратегиялық маңызы жоғары жобалардың бірі ретінде Шымкент қаласында «Бозарық» индустриялық аймағында жылыжай кешенінің құрылысы қарқынды түрде жүргізілуде.

Жобаны Түркиялық «Alarko Holding» компаниясы іске асыруда. Инвестициялық құны 650 миллион АҚШ долларын құрайтын, жалпы аумағы 650 гектар болатын алып кешен негізінен қызанақ өсіруге бағытталған. Бұл жобаның ауқымы мен маңызы бойынша ол Орталық Азиядағы ең ірі жылыжай кешендерінің біріне айналмақ. Толық қуатына шыққанда мұнда жылына шамамен 155 мың тонна жоғары сапалы өнім өндірілетін болады. Бұл көрсеткіш ішкі нарықты толық қамтып қана қоймай, экспорттық әлеуетті де айтарлықтай арттыруға мүмкіндік береді.

Жылыжай кешенінің бірінші кезеңі пайдалануға берілгеннен кейін шамамен 2 мыңға жуық жаңа жұмыс орны ашылады, ал жоба толық іске қосылған кезде 5 мыңға дейін адам тұрақты жұмыспен қамтылатын болады. Бұл өз кезегінде Шымкент қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуына, халықтың әл-ауқатын арттыруға және жаңа кәсіптік мүмкіндіктер ашуға үлкен серпін береді. Өндірілген өнімдер ең алдымен қала мен еліміздің ішкі нарығын қамтамасыз етуге бағытталады, сонымен бірге Орта Азия және Еуропа елдерінің нарықтарына да экспортталмақ.

Шымкент қаласының әкімі Мемлекет басшысының инвестиция тарту, ауыл шаруашылығында суды үнемдейтін заманауи технологияларды енгізу және импортқа тәуелділікті азайту жөніндегі тапсырмаларын орындауда бұл жобаның стратегиялық рөлі зор екенін атап өтті. Жоба аясында суды үнемдеудің тиімді жүйелері, климатты бақылаудың автоматтандырылған технологиялары және энергия тиімділігі жоғары инновациялық шешімдер қолданылады. Әкімдік тарапынан инвесторларға жер телімдерін бөлу, инфрақұрылым жүргізу, логистика және кедендік рәсімдерді жеңілдету секілді жан-жақты қолдау шаралары көрсетілуде.

Компания құрылыс мерзімін қысқарту және өндіріс тізбегін толық ішкі нарықта қалыптастыру мақсатында Шымкент қаласында жылыжайға арналған металл конструкциялар мен жабдықтар шығаратын зауыт ашуды да жоспарлап отыр. Сонымен қатар, аграрлық секторда білікті кадрлар даярлау үшін халықаралық стандарттарға сай мамандандырылған агроакадемия құру көзделуде. Бұл білім беру орталығы тек Қазақстан үшін ғана емес, көршілес елдер үшін де агросала мамандарын даярлаудың аймақтық хабына айналуы ықтимал.

Ауқымды жоба азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, ауыл шаруашылығының тұрақты дамуына, бағаның тұрақтануына, жаңа өндірістер мен жұмыс орындарының ашылуына және өңір экономикасының әртараптандырылуына зор үлес қосады. Бұл жоба іске асқанда Шымкент тек Қазақстанда ғана емес, бүкіл Орталық Азияда агроөнеркәсіптік орталыққа айналуға бір қадам жақындайды.

 

Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Telegram Email
author

Related Posts

ҒЫЛЫМ, БІЛІМ ЖӘНЕ ИННОВАЦИЯ – КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ БАСЫМДЫҚ

18 марта, 2026

ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ – ЕЛ БОЛАШАҒЫНЫҢ БАҒДАРЫ

18 марта, 2026

РЕФЕРЕНДУМ-2026: КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ РЕФОРМАЛАР ТАЛҚЫЛАНДЫ

10 марта, 2026
Leave A Reply Cancel Reply

© 2026 Designed by SamDev.kz
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.