Close Menu
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯДА БАРЛЫҚ ӨТПЕЛІ РӘСІМДЕР, МЕРЗІМДЕР МЕН РЕГЛАМЕНТТЕР НАҚТЫ ЖАЗЫЛАДЫ
  • СОТ ШЕШІМІНСІЗ БАСПАНАДАН ШЫҒАРУҒА ЖОЛ БЕРМЕУДІ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯСЫНДА БЕКІТУ ҰСЫНЫЛДЫ
  • ЖҮРГІЗІЛГЕН ЖҰМЫС ПЕН ТАЛҚЫЛАУДЫҢ КЕҢДІГІ ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ ЖОБАСЫН БҮКІЛХАЛЫҚТЫҚ РЕФЕРЕНДУМҒА ШЫҒАРУҒА МҮМКІНДІК БЕРЕДІ
  • КЕЛІП ТҮСКЕН ҰСЫНЫСТАР ЕСКЕРІЛІП, ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ ЖОБАСЫНА ҚОСЫМША НОРМАЛАР ЕНГІЗІЛДІ
  • МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ: ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ – МЕМЛЕКЕТТІҢ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫ КЕПІЛІ
  • Шымкент: Автокөлік саласының өкілдері жаңа Конституцияны қолдайды
  • Шымкентте медицина саласы өкілдері жаңа Конституция жобасын қолдау білдірді
  • Шымкентте этномәдени бірлестік өкілдері жаңа Конституция жобасына қолдау білдірді
Facebook X (Twitter) Instagram
OITAMYZYQOITAMYZYQ
Demo
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский
OITAMYZYQOITAMYZYQ
Home » ШЫМКЕНТ: ЦИФРЛАНДЫРУ БАҒЫТЫНДА ЖҮЙЕЛІ ЖҰМЫС ЖҮРГІЗІЛУДЕ
ЖАҢАЛЫҚТАР

ШЫМКЕНТ: ЦИФРЛАНДЫРУ БАҒЫТЫНДА ЖҮЙЕЛІ ЖҰМЫС ЖҮРГІЗІЛУДЕ

authorBy author12 сентября, 2025Updated:25 сентября, 2025Комментариев нет3 Views
Facebook Twitter Pinterest LinkedIn WhatsApp Reddit Tumblr Email
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылғы 8 қыркүйектегі Жолдауында инфрақұрылымдық жобалардың ашықтығын қамтамасыз ету қажеттігін ерекше атап өткен болатын. Мемлекет басшысы билік құрылымдары цифрлық тәсілдерді кеңінен қолдануы тиіс екенін, бастамалардың ашық әрі тиімді жүзеге асырылуы маңызды екенін жеткізді.

Осы тапсырмаларды орындау мақсатында Шымкент қаласы әкімдігі мен «Қазпошта» АҚ арасында «Ақылды қала» жобасын жүзеге асыру жөнінде меморандумға қол қойылды. Жоба аясында инфрақұрылымды бақылаудың орталықтандырылған жүйесін құру, дрондарды пайдалану, қауіпсіздік процестерін автоматтандыру, экологиялық ахуалды бақылау және төтенше жағдайлар кезінде жедел әрекет ету шаралары көзделген.

Шымкент қаласында мемлекеттік қызмет сапасын арттыру бағытындағы жұмыстар да қарқынды жүзеге асырылуда. «Мемлекеттік органның ұйымдастырушылық дамуы» көрсеткішінің «Ақпараттық технологияларды қолдану» бағыты 2022 жылы 46%-ды құраса, былтырғы жылы бұл көрсеткіш 85%-ға жетті. Ал «Ақылды қалалар» эталондық стандарты бойынша нәтижелер 2022 жылы 55%-дан 76%-ға дейін өскен. Бұл – қалада Smart city қағидаттарының тиімді түрде енгізіліп жатқанын айғақтайды.

Білім беру саласында да жаңа технологиялар енгізілуде. Мәселен, №65 мектеп-гимназиясында Alaqan биометриялық жүйесі пилоттық режимде іске қосылып, 6 ай ішінде оқушылардың 99%-ы тіркелген. Жүйе мектепке кіру, шығу және тамақтану процесін автоматтандырды. Бұл бастама оқушыларды тегін ыстық тамақпен қамтуға, бюджет қаржысын үнемдеуге нақты мүмкіндік берді.

Экология саласында қоқыс алаңдарын цифрландыру жобасы жүзеге асырылды. Желтоқсан көшесіндегі №88 қоқыс алаңшасында бейнебақылау мен QR-код арқылы өтініш беру жүйесі енгізілген. Жарты жыл ішінде жүйе 52 мәрте алаңшаның толуын, 164 заңсыз автотұрақты және 1 өрт оқиғасын тіркеген. Бұл тұрғындардың белсенді қатысуын қамтамасыз ететін тиімді тәсілге айналып отыр.

Медицина саласында да цифрлық жобалар қолға алынуда. №2 қалалық емханада «HR-process» бұлтты жүйесі пилоттық негізде енгізіліп, кадрлық құжат айналымы автоматтандырылды. 7 ай ішінде 403 қызметкер тіркеліп, жұмыс уақыты мен тәртібін бақылау жүйелі түрде жүзеге асуда.

Сонымен қатар, «Қуатжылуорталық-3» мекемесінде «Цифрлық комплаенс ассистент» жүйесі енгізілді. Бұл платформа сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін саралап, парасаттылық мәдениетін нығайтуға бағытталған. Нәтижесінде 63 тәуекел айқындалып, 84 ұсыныс әзірленген, олардың бірқатары іс жүзінде жүзеге асырылды.

Жалпы, Шымкентте цифрландыру бастамалары мемлекеттік басқару жүйесін жаңа деңгейге көтеріп, тұрғындар үшін қолайлы әрі қауіпсіз өмір сүру ортасын қалыптастыруға ықпал етуде.

Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Telegram Email
author

Related Posts

ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ ЖОБАСЫ – ЕЛ ДАМУЫНЫҢ БЕРІК НЕГІЗІ

5 февраля, 2026

Шымкент қаласының әкімдігінде жаңа Конституция жобасы талқыланды

2 февраля, 2026

ЖАСТАР ҚАУІПСІЗДІГІ – ОРТАҚ ЖАУАПКЕРШІЛІК

2 февраля, 2026
Leave A Reply Cancel Reply

© 2026 Designed by SamDev.kz
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.