Close Menu
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯДА БАРЛЫҚ ӨТПЕЛІ РӘСІМДЕР, МЕРЗІМДЕР МЕН РЕГЛАМЕНТТЕР НАҚТЫ ЖАЗЫЛАДЫ
  • СОТ ШЕШІМІНСІЗ БАСПАНАДАН ШЫҒАРУҒА ЖОЛ БЕРМЕУДІ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯСЫНДА БЕКІТУ ҰСЫНЫЛДЫ
  • ЖҮРГІЗІЛГЕН ЖҰМЫС ПЕН ТАЛҚЫЛАУДЫҢ КЕҢДІГІ ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ ЖОБАСЫН БҮКІЛХАЛЫҚТЫҚ РЕФЕРЕНДУМҒА ШЫҒАРУҒА МҮМКІНДІК БЕРЕДІ
  • КЕЛІП ТҮСКЕН ҰСЫНЫСТАР ЕСКЕРІЛІП, ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ ЖОБАСЫНА ҚОСЫМША НОРМАЛАР ЕНГІЗІЛДІ
  • МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ: ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ – МЕМЛЕКЕТТІҢ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫ КЕПІЛІ
  • Шымкент: Автокөлік саласының өкілдері жаңа Конституцияны қолдайды
  • Шымкентте медицина саласы өкілдері жаңа Конституция жобасын қолдау білдірді
  • Шымкентте этномәдени бірлестік өкілдері жаңа Конституция жобасына қолдау білдірді
Facebook X (Twitter) Instagram
OITAMYZYQOITAMYZYQ
Demo
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский
OITAMYZYQOITAMYZYQ
Home » ТҰРҒЫН ҮЙ-КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҚ САЛАСЫ ЖАҢҒЫРТЫЛАДЫ
ЖАҢАЛЫҚТАР

ТҰРҒЫН ҮЙ-КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҚ САЛАСЫ ЖАҢҒЫРТЫЛАДЫ

authorBy author9 сентября, 2025Комментариев нет6 Views
Facebook Twitter Pinterest LinkedIn WhatsApp Reddit Tumblr Email
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Мемлекет басшысы Қазақстан халқына арнаған кезекті Жолдауында еліміздің әлеуметтік-экономикалық жағдайын реттеуге және дамытуға бағытталған өзекті мәселелерді көтеріп, оның шешу тетіктерін ұсынды. Президент сөзінде халықтың күнделікті өміріне тікелей әсер ететін салаларға ерекше тоқталып, тиісті мемлекеттік құрылымдарға нақты тапсырмалар жүктеді.

Жолдауда көтерілген мәселелердің ішінде цифрландыру жүйесін дамыту, елге инвестиция тарту, өңдеу өнеркәсібін ілгерілету және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықтағы олқылықтарды жою бағыттары бар. Бұл салалардағы жұмыс тек экономикалық өсімді қамтамасыз етіп қана қоймай, халықтың тұрмыс сапасын арттыруға да бағытталмақ.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев:
«Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы мен су инфрақұрылымын жаңғырту — тұрақты дамудың негізгі факторы. Үкімет пен жергілікті атқарушы биліктің әрекетсіздігі салдарынан еліміздің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы ондаған жыл бойы қараусыз қалып, оның жай-күйі өте мүшкіл жағдайға түсті. Қазір бұл ахуалды өзгертіп, инфрақұрылымның тозу деңгейін төмендету үшін тиісті шаралар қабылданып жатыр. Соның ішінде тарифтерді ырықтандыру, энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығының инфрақұрылымын басқарудың жаңа моделін қалыптастыру сияқты шаралар бар. Мұндай үлгі бойынша, тарифтер өскен сайын халыққа сенімді әрі сапалы қызмет көрсетілуі тиіс. Бұл іске «Ақылды қала» құру тұжырымдамасының көмегі тиері сөзсіз, оны еліміздің барлық өңіріне тарату керек. Оған озық халықаралық тәжірибелерді қолданып, білікті басшыларды, соның ішінде шетел мамандарын тарту қажет», – деп атап өтті.

Мемлекет басшысының бұл сөзі – тұрғын үй-коммуналдық сектордың қаншалықты өзекті екенін және оны кешіктірмей жаңғыртудың маңыздылығын көрсетеді. Әсіресе, ел тұрғындары күнделікті тұрмыста ең көп сезінетін мәселе – сапасыз коммуналдық қызметтер.

Шымкент қаласында жұмыс істейтін iKomek орталығына келіп түсетін тұрғындардың өтініштері мен шағымдары да осы жағдайды айғақтайды. Қоңыраулардың басым бөлігі жарықтың жиі өшуі, ауыз су тапшылығы, кәріз жүйесінің істен шығуы, жылу маусымындағы қиындықтар сынды инфрақұрылымдық проблемаларға қатысты. Қала билігі бұл бағытта тиісті жұмыстар атқарып жатқанымен, айтулы нәтижеге қол жеткізу үшін жүйелі жаңғырту қажет екені анық.

Жаңғырту жұмыстары жүргізілсе, ең алдымен халықтың тұрмыс сапасы артып, жайлы орта қалыптасады. Тұрғындар сенімді электр, сапалы су, тұрақты жылу жүйесімен қамтамасыз етілген жағдайда әлеуметтік тұрақтылық нығаяды. Бұл – тек инженерлік инфрақұрылымды дамыту ғана емес, жалпы елдің өмір сапасын жаңа деңгейге көтеретін маңызды қадам.

Сонымен қатар Президент еліміздегі табиғи су ресурсының азайып отырғанына да ерекше тоқталды. Бұл мәселе тек Қазақстан үшін ғана емес, бүкіл әлем елдері үшін өзекті болып отыр. Мемлекет басшысы өскелең ұрпаққа суды үнемдеу мәдениетін үйретуді, осы бағытта кешенді шаралар қабылдауды тапсырды. Су ресурстарын ұтымды пайдалану – ауыл шаруашылығы мен өндірістің, сондай-ақ халықтың тұрмысының негізі. Сондықтан әрбір азаматқа суды үнемдеу мәдениетін қалыптастыру аса қажет.

Жолдауда айтылғандай, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңғырту – ұзақ мерзімді әрі кешенді міндет. Бұл бағытта тарифтік саясаттың ашықтығы, заманауи технологияларды енгізу, жаңа басқару үлгілерін қалыптастыру және халықтың сенімін арттыру басым бағыттар болып қала береді.

Ең бастысы – бұл өзгерістердің бәрі халықтың әл-ауқатын арттыруға, елдің тұрақты дамуына қызмет етуі тиіс.

Азат ӘМІРТАЕВ,
Шымкент қалалық Қоғамдық кеңесі
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес және жергілікті заңдылықты қадағалау жөніндегі тұрақты комиссияның төрағасы

Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Telegram Email
author

Related Posts

ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ ЖОБАСЫ – ЕЛ ДАМУЫНЫҢ БЕРІК НЕГІЗІ

5 февраля, 2026

Шымкент қаласының әкімдігінде жаңа Конституция жобасы талқыланды

2 февраля, 2026

ЖАСТАР ҚАУІПСІЗДІГІ – ОРТАҚ ЖАУАПКЕРШІЛІК

2 февраля, 2026
Leave A Reply Cancel Reply

© 2026 Designed by SamDev.kz
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.