Close Menu
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • ПЕРВЫЙ ЗАМЕСТИТЕЛЬ ПРЕМЬЕР-МИНИСТРА НУРЛЫБЕК НАЛИБАЕВ ПРИНЯЛ УЧАСТИЕ В ОТКРЫТИИ CITY PARK В ШЫМКЕНТЕ
  • ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІНІҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ НҰРЛЫБЕК НӘЛІБАЕВ ШЫМКЕНТТЕГІ CITY PARK САЯБАҒЫНЫҢ АШЫЛУ САЛТАНАТЫНА ҚАТЫСТЫ
  • В ШЫМКЕНТЕ ОТКРЫЛИ КРУПНЕЙШИЙ ЭКОПАРК НА МЕСТЕ БЫВШЕГО ПОЛИГОНА
  • ШЫМКЕНТТЕ БҰРЫНҒЫ ҚОҚЫС ПОЛИГОНЫНЫҢ ОРНЫНДА АУҚЫМДЫ ІРІ ЭКОПАРК АШЫЛДЫ
  • «ЗАҢ МЕН ТӘРТІП»: ЕҢБЕКШІ АУДАНЫНДА «ҚҰҚЫҚТЫҚ ДӘРІХАНА» АКЦИЯСЫ ӨТКІЗІЛДІ
  • КАДРОВАЯ ПОЛИТИКА ШЫМКЕНТА ДО 2030 ГОДА: ПРИОРИТЕТЫ РАЗВИТИЯ И ПЕРСПЕКТИВЫ
  • 2030 ЖЫЛҒА ДЕЙІНГІ ШЫМКЕНТТІҢ КАДРЛЫҚ САЯСАТЫ: ДАМУ БАСЫМДЫҚТАРЫ МЕН БОЛАШАҚ МҮМКІНДІКТЕР
  • ДОСТЫҚ ЛАГЕРІ ТАЗАЛЫҚ АКЦИЯСЫМЕН ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ
Facebook X (Twitter) Instagram
OITAMYZYQOITAMYZYQ
Demo
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский
OITAMYZYQOITAMYZYQ
Home » АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МЕН ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ: ҚАЗАҚСТАН ДАМУЫНЫҢ ЖАҢА БАҒЫТЫ
ЖАҢАЛЫҚТАР

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МЕН ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ: ҚАЗАҚСТАН ДАМУЫНЫҢ ЖАҢА БАҒЫТЫ

authorBy author9 сентября, 2025Updated:9 сентября, 2025Комментариев нет7 Views
Facebook Twitter Pinterest LinkedIn WhatsApp Reddit Tumblr Email
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Қазіргі алмағайып кезеңде әлем елдері сын-қатерлермен қатар жаңа мүмкіндіктер дәуіріне қадам басып отыр. Осындай тарихи өтпелі шақта Мемлекет басшысының Жолдауы – Қазақстанның даму жолын айқындайтын, терең ойластырылған әрі нәтижеге бағытталған құжат ретінде қабылданды. Президент ауыл шаруашылығы, азық-түлік қауіпсіздігі және заманауи технологияларды, соның ішінде жасанды интеллектіні дамытуға қатысты айтқан бастамалары елдің стратегиялық болашағын нақтылайтын маңызды бағдарлар болып табылады.

«Ауыл» партиясы үшін ауыл мәселесі – бұл тек экономикалық сала емес, ол – елдің тамыры, ұлттық болмыстың тірегі. Сондықтан Жолдауда айтылған ауыл шаруашылығына қатысты әрбір бастаманы қолдап, оны дер кезінде әрі тиімді жүзеге асыру аса маңызды. 2026 жылға дейін пайдаланылмай жатқан ауыл шаруашылығы жерлерін айналымға енгізу – экономикалық серпін беретін шешім. Бұл ауылдық жерлерде жаңа жұмыс орындарының ашылуына, ішкі өндірістің артуына және азық-түлік қауіпсіздігінің нығаюына жол ашады. Сонымен бірге субсидиялау мен несиелеу жүйесін реформалау – ауыл шаруашылығы субъектілерінің қолын байлап келген кедергілерді жоюға бағытталған дұрыс қадам. Әсіресе орта және шағын шаруа қожалықтары үшін бұл үлкен мүмкіндік болмақ.

Қазіргі таңда азық-түлік мәселесі әлемдік геосаяси тұрақсыздықтың бір қырын айқын көрсетіп отыр. Қазақстан үшін бұл тек экономикалық емес, ұлттық қауіпсіздік мәселесі. Ауыл шаруашылығы өнімдерін экспортқа шығару үшін логистиканы дамыту, сақтау және өңдеу инфрақұрылымын жетілдіру – ішкі нарықты тұрақтандырумен қатар, сыртқы нарықтағы бәсекеге қабілеттілікті де арттырады. Сонымен қатар ветеринарлық қауіпсіздікті күшейту мен азық-түлік сапасын бақылау жүйелерін жаңғырту – халық денсаулығын қорғаудың әрі халықаралық стандарттарға сай өнім өндірудің кепілі.

Президент атап өткендей, әлем қазір жаңа технологиялық дәуірге қадам басты. Жасанды интеллект тек ІТ саласының құралы ғана емес, экономиканың барлық секторында тиімділікті арттыратын негізгі тетікке айналып келеді. «Ауыл» партиясы ауыл шаруашылығына жасанды интеллектіні енгізуді толық қолдайды. Бұл технологиялар егіс алқаптарын тиімді басқаруға, ауа райы мен топырақ жағдайын нақты болжауға, өнімділікті автоматты түрде есептеп, оңтайлы шешім қабылдауға, сондай-ақ мал шаруашылығында ауруларды алдын ала анықтауға мүмкіндік береді. Демек, ауыл мен жасанды интеллект бір-біріне қарсы ұғымдар емес, қайта бірін-бірі толықтыратын болашақтың құралдары.

Президент Жолдауы – Қазақстанның жаңа дәуірге сенімді қадам басуына бағытталған маңызды құжат. Онда ауыл шаруашылығы мен жасанды интеллектіні дамытуға қатысты бастамалар – «Ауыл» партиясы үшін ерекше мәнге ие және қолдауға тұрарлық бағдарлар. Біз, партия ретінде, ауыл мен технологияның тоғысында жаңа даму моделін қалыптастыру үшін барлық ресурсты жұмылдыруға дайынбыз. Халық пен мемлекеттің бірлесе әрекет етуі – келешек ұрпақ үшін жарқын болашақтың кепілі.

Ғани Ажединұлы Қарабеков, «Ауыл» партиясының Шымкент қалалық филиалының төрағасы

Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Telegram Email
author

Related Posts

ДОСТЫҚ ЛАГЕРІ ТАЗАЛЫҚ АКЦИЯСЫМЕН ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ

15 июня, 2026

«БІЗ БІРГЕМІЗ»: ШЫМКЕНТТЕ АССАМБЛЕЯ ЖАСТАРЫНЫҢ ДОСТЫҚ ЛАГЕРІ ӨТТІ

15 июня, 2026

ГҮЛГЕ ОРАНҒАН ҚАЛА: ТІК КӨГАЛДАНДЫРУ ШЫМКЕНТТЕ ЖАҢА ДЕҢГЕЙГЕ ШЫҚТЫ

29 мая, 2026
Leave A Reply Cancel Reply

© 2026 Designed by SamDev.kz
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.