Close Menu
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • AMANAT: ДЕПУТАТТАРДЫҢ АЛДА АТҚАРАТЫН ЖҰМЫСТАРЫ ПЫСЫҚТАЛДЫ
  • Шымкентте «Халықаралық волонтерлер жылы – 2026» аясында жастар кездесуі өтті
  • Шымкентте «Жас сақшы» жобасы жаңа деңгейге көтерілуде
  • Университет культуры и искусства и новый Театр оперы и балета: два масштабных проекта реализуют в Шымкенте
  • Шымкентте Мәдениет және өнер университеті құрылып, жаңа Опера және балет театры салынады
  • МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ӨЗБЕКСТАНҒА ЖҰМЫС САПАРЫМЕН БАРДЫ
  • 27 ШЫМКЕНТТІК ӘСКЕРГЕ АТТАНДЫ
  • Қауіпсіз мектеп: Шымкентте 500 оқушы полиция бастығымен кездесті
Facebook X (Twitter) Instagram
OITAMYZYQOITAMYZYQ
Demo
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский
OITAMYZYQOITAMYZYQ
Home » Елдің келешегін кемелдендіруге бағытталған бастама
ЖАҢАЛЫҚТАР

Елдің келешегін кемелдендіруге бағытталған бастама

authorBy author9 сентября, 2025Комментариев нет3 Views
Facebook Twitter Pinterest LinkedIn WhatsApp Reddit Tumblr Email
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған бүгінгі Жолдауында еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы, цифрлық трансформациясы мен жасанды интеллект технологияларын енгізу бағытында бірқатар нақты міндеттерді айқындады. Президенттің айтуынша, Қазақстан алдағы үш жыл ішінде толыққанды жаппай цифрлық ел болуға тиіс. Әйтпесе, әлемдік бәсекеде артта қалу қаупі зор.

«Экономиканың барлық саласына цифрландыру мен жасанды интеллект құралдарын жедел енгізу қажет», – деп нақты тапсырма берген Президент еліміздің Ұлттық цифрлық даму стратегиясын қалыптастыруды көздейтінін жеткізді. Қасым-Жомарт Кемелұлы айтқандай, «заман ағысына икемделе алған ел ғана өрге жүзеді». Жасанды интеллектке бет бұру жаһандық талапқа сай әрекет етуге ғана емес, елдің келешегін кемелдендіруге бағытталған жол.
Президент қазіргі заманда әлем бойынша жүріп жатқан түбегейлі өзгерістерге жастардың бейімделгіштік қабілеті жоғары екенін айрықша атап өтті. Жастардың цифрлық сауаттылығы мен технологияны меңгеруі Қазақстанның болашақ дамуының басты кепілі екені сөзсіз.
Мемлекет басшысы жасанды интеллект дәуірінде мәдениет пен өнердің маңызын да ұмыт қалдырған жоқ. «Мәдениет қайраткерлері жаңа заманның талабына бейімделіп жұмыс істеуі керек», – деген Қасым-Жомарт Тоқаев өнер адамдарына қолдау көрсетілетінін, сонымен қатар инфрақұрылым мәселесі де назардан тыс еместігін атап өтті. Президент һәкім Абайдың «Адамның адамшылығы – ақыл, ғылым, жақсы ата, жақсы ана, жақсы құрбы, жақсы ұстаздан болады» деген дана сөзін мысалға келтіре отырып, заманауи Қазақстан азаматтарының саналы, белсенді әрі білімді болуы ел дамуының негізі екенін жеткізді.
Президент Жолдауында Қазақстанның көпвекторлы және сындарлы сыртқы саясаты туралы кеңінен тоқталды. Оның айтуынша, бүгінде көптеген мемлекеттер Қазақстанмен достық қарым-қатынас орнатып, тиімді ынтымақтастықты нығайтуға мүдделі.«Цифрландыру және жасанды интеллект дәуірінде мемлекетіміздің ұлттық стратегиялық мүддесіне сай келетін сыртқы саясат – әлеуметтік-экономикалық тұрақтылығымызға ықпал ететін басты фактор», – деді Мемлекет басшысы.
Қазақстанның халықаралық аренадағы беделі артқан сайын, елге деген сенім де, ықылас та арта түседі. Президенттің Қытай, Түркия, Қырғызстан елдеріне жасаған сапарлары, жыл соңына дейін жоспарланған Ресей мен Өзбекстанға сапарлары, сондай-ақ, Азия, Еуропа, Африка елдерінің басшыларымен кездесулері еліміздің әлемдік саясаттағы орнын нығайта түспек.
Түйіндей келгенде, бүгінгі Жолдау – мемлекеттің болашақ дамуына жол ашатын нақты жоспар. Жасанды интеллект, цифрландыру, саяси жаңғыру, мәдени өрлеу мен сыртқы саясат… осының бәрі бір арнаға тоғысқанда ғана Қазақстан мықты, заманауи әрі жаһандық көшке ілескен мемлекетке айналады. Бізге енді тек алға қадам басу керек. Елдің болашағы әрбір азаматтың жауапкершілігі мен еңбегінде екенін ұмытпайық!

Досыбай ШЕРІМҚҰЛОВ,
қоғам қайраткері.

Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Telegram Email
author

Related Posts

ҒЫЛЫМ, БІЛІМ ЖӘНЕ ИННОВАЦИЯ – КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ БАСЫМДЫҚ

18 марта, 2026

ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ – ЕЛ БОЛАШАҒЫНЫҢ БАҒДАРЫ

18 марта, 2026

РЕФЕРЕНДУМ-2026: КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ РЕФОРМАЛАР ТАЛҚЫЛАНДЫ

10 марта, 2026
Leave A Reply Cancel Reply

© 2026 Designed by SamDev.kz
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.