Close Menu
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • AMANAT: ДЕПУТАТТАРДЫҢ АЛДА АТҚАРАТЫН ЖҰМЫСТАРЫ ПЫСЫҚТАЛДЫ
  • Шымкентте «Халықаралық волонтерлер жылы – 2026» аясында жастар кездесуі өтті
  • Шымкентте «Жас сақшы» жобасы жаңа деңгейге көтерілуде
  • Университет культуры и искусства и новый Театр оперы и балета: два масштабных проекта реализуют в Шымкенте
  • Шымкентте Мәдениет және өнер университеті құрылып, жаңа Опера және балет театры салынады
  • МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ӨЗБЕКСТАНҒА ЖҰМЫС САПАРЫМЕН БАРДЫ
  • 27 ШЫМКЕНТТІК ӘСКЕРГЕ АТТАНДЫ
  • Қауіпсіз мектеп: Шымкентте 500 оқушы полиция бастығымен кездесті
Facebook X (Twitter) Instagram
OITAMYZYQOITAMYZYQ
Demo
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский
OITAMYZYQOITAMYZYQ
Home » ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ – БІЛІМ САЛАСЫНЫҢ ЖАҢА БАҒЫТЫ
ЖАҢАЛЫҚТАР

ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ – БІЛІМ САЛАСЫНЫҢ ЖАҢА БАҒЫТЫ

authorBy author9 сентября, 2025Комментариев нет5 Views
Facebook Twitter Pinterest LinkedIn WhatsApp Reddit Tumblr Email
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы өзінің биылғы Жолдауында мектеп оқушыларына арналған жасанды интеллект бағдарламасының қажеттігін ерекше атап өтті. Президент атап өткендей, ЖИ технологияларын меңгеру – жас ұрпақтың болашағын айқындайтын басты басымдықтардың бірі екені рас.

Бүгінде жасанды интеллект тек өндіріс пен экономиканы ғана емес, білім беру саласын да түбегейлі өзгертіп отыр. Сондықтан оқушылардың ерте жастан цифрлық сауаттылық пен жаңа технология негіздерін меңгеруі – олардың заманауи қоғамдағы бәсекеге қабілеттілігін арттырудың кепілі.
Мемлекет басшысы ұстаздардың да осы бағыттағы біліктілігін жетілдіру қажеттігіне тоқталды. Өйткені жаңа технологияны оқушыларға үйретіп, оны тиімді пайдалануды қамтамасыз ететін – ең алдымен мұғалім. Сол себепті педагогтардың ЖИ саласындағы кәсіби дағдыларын дамыту үшін арнайы курстар мен тренингтер ұйымдастыру – уақыт талабы екені рас.

Президент ұсынған «Qazaq digital Mektebi» жобасы да айрықша мәнге ие. Қашықтан оқыту тәсілі мен жасанды интеллект технологиясын негізге ала отырып әзірленетін шағын жинақты мектеп үлгісі, әсіресе ауылдық жерлердегі балаларға сапалы білім алуға кең жол ашады. Бұл – қала мен ауыл арасындағы білім сапасының алшақтығын жоюға бағытталған тың бастама деп ойлаймын.

Осы ретте Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті де бірқатар ауқымды жұмыстар атқаруды қолға алынды. Атап айтқанда, биылғы оқу жылынан бастап білім беру бағдарламасына жасанды интеллект негіздері 1 кредит көлемінде енгізілген болатын. Енді студенттер осы бағытта жүйелі білім алып, болашақ педагог ретінде заманауи технологияларды меңгеріп шығатын болады. Сонымен қатар, университеттің оқытушы-профессорлар құрамының жасанды интеллект бойынша біліктілігін арттыру жоспарлануда. Бұл бастама оқу орнының білім беру сапасын жаңа деңгейге көтеріп, еліміздің цифрлық болашағына үлес қосатыны анық.

Жалпы алғанда, Жолдауда көрсетілген міндеттер – Қазақстанның білім жүйесін жаңа кезеңге көтеретін нақты бағыт-бағдар деп санаймын. Ал жасанды интеллектіні меңгеру – жас ұрпақ үшін тек кәсіби мүмкіндік емес, ел дамуының негізгі қозғаушы күші болады деген сенімдеміз.

Ж.ЖЫЛБАЕВ,
Ө.Жәнібеков атындағы ОҚПУ Басқарма мүшесі – Академиялық мәселелер жөніндегі проректор

Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Telegram Email
author

Related Posts

ҒЫЛЫМ, БІЛІМ ЖӘНЕ ИННОВАЦИЯ – КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ БАСЫМДЫҚ

18 марта, 2026

ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ – ЕЛ БОЛАШАҒЫНЫҢ БАҒДАРЫ

18 марта, 2026

РЕФЕРЕНДУМ-2026: КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ РЕФОРМАЛАР ТАЛҚЫЛАНДЫ

10 марта, 2026
Leave A Reply Cancel Reply

© 2026 Designed by SamDev.kz
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.