Close Menu
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯДА БАРЛЫҚ ӨТПЕЛІ РӘСІМДЕР, МЕРЗІМДЕР МЕН РЕГЛАМЕНТТЕР НАҚТЫ ЖАЗЫЛАДЫ
  • СОТ ШЕШІМІНСІЗ БАСПАНАДАН ШЫҒАРУҒА ЖОЛ БЕРМЕУДІ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯСЫНДА БЕКІТУ ҰСЫНЫЛДЫ
  • ЖҮРГІЗІЛГЕН ЖҰМЫС ПЕН ТАЛҚЫЛАУДЫҢ КЕҢДІГІ ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ ЖОБАСЫН БҮКІЛХАЛЫҚТЫҚ РЕФЕРЕНДУМҒА ШЫҒАРУҒА МҮМКІНДІК БЕРЕДІ
  • КЕЛІП ТҮСКЕН ҰСЫНЫСТАР ЕСКЕРІЛІП, ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ ЖОБАСЫНА ҚОСЫМША НОРМАЛАР ЕНГІЗІЛДІ
  • МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ: ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ – МЕМЛЕКЕТТІҢ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫ КЕПІЛІ
  • Шымкент: Автокөлік саласының өкілдері жаңа Конституцияны қолдайды
  • Шымкентте медицина саласы өкілдері жаңа Конституция жобасын қолдау білдірді
  • Шымкентте этномәдени бірлестік өкілдері жаңа Конституция жобасына қолдау білдірді
Facebook X (Twitter) Instagram
OITAMYZYQOITAMYZYQ
Demo
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский
OITAMYZYQOITAMYZYQ
Home » ЖАСТАР ЖАСАМПАЗ БОЛУЫ ҚАЖЕТ
ЖАҢАЛЫҚТАР

ЖАСТАР ЖАСАМПАЗ БОЛУЫ ҚАЖЕТ

authorBy author9 сентября, 2025Комментариев нет3 Views
Facebook Twitter Pinterest LinkedIn WhatsApp Reddit Tumblr Email
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Мемлекет басшысы бүгінгі халыққа арнаған Жолдауында елдің дамуы мен қоғамның жаңғыруына байланысты бірқатар маңызды мәселелерді көтерді. Әсіресе, жастарға ерекше назар аударылып, олардың мемлекетшіл, отаншыл болып қалыптасуы қажет екені баса айтылды. Бұл – өскелең ұрпақ үшін аса құнды қасиет. Президенттің айтуынша, қазіргі заман жастары үшін патриотизмнің басты көрсеткіші – жасампаздық пен жаңашылдық. Яғни, әрбір жас өз ісінің шебері болып, адал еңбегімен, жаңа идеялары және тың бастамаларымен қоғамға пайда әкелуі тиіс. Шын мәнінде, кәсібіне адал, ел болашағы үшін аянбай еңбек ететін жастар ғана Қазақстанды дамыған, өркендеген мемлекетке айналдыра алады.

Өскелең ұрпақ бойындағы патриотизм – болашаққа деген шынайы ұмтылыстың, адал еңбектің және табандылықтың айғағы. Қазіргі уақытта әрбір азамат үшін жоғары жетістіктерге жетудің барлық мүмкіндігі жасалған. Жастардың ғылым-білімге қол жеткізуіне, заманауи технологияларды меңгеруіне, шығармашылық әлеуетін ашуына кең өріс бар. Ол үшін тек қана еңбекқорлық пен ізденімпаздық қажет. Президент өз Жолдауында: «Ғылым-білімге ұмтылған, елін-жерін көркейтуді ойлаған жастарға мемлекет әрқашан жан-жақты қолдау көрсетеді. Біз қолға алған ауқымды жұмыстың барлығы жастардың жарқын болашағы үшін жасалуда. Өскелең ұрпақ ертең соның игілігін көреді, оны еселеп, лайықты жалғастырады» деді. Бұл сөздер жас буынға үлкен сенім артып отырғанын көрсетеді.

Қазіргі таңда мемлекет жастар үшін түрлі мүмкіндіктердің жолын ашуда. Білім саласында халықаралық гранттар, шәкіртақылар, қос дипломды бағдарламалар ұсынылып отыр. Кәсіпкерлік бағытында стартап жобаларға қаржылай қолдау көрсетілуде. Жас ғалымдардың зерттеулеріне жағдай жасалып, инновациялық идеялардың жүзеге асуына мүмкіндік берілуде. Мұның барлығы жастардың жасампаз болуына, жаңа белестерді бағындыруына жол ашуда. Патриотизм – тек ұрандату емес, ол ең әуелі нақты іспен дәлелденеді. Қоғамға пайда әкелетін жобалар жасау, жаңа жұмыс орындарын құру, елдің абыройын халықаралық деңгейде асқақтату – жас ұрпақтың басты міндеті.

Біз өз тәжірибемізде ел намысын қорғау үшін аянбай еңбек еттік. Әлем чемпионаттары мен Азия ойындарында жүлдегер атанып, Қазақстанның көк байрағын биікте желбіреттік. Бұл – әрбір спортшы үшін үлкен мәртебе әрі ел алдындағы жауапкершілік. Бүгінгі күні біз шәкірт тәрбиелеумен айналысып, жас буынның спорттан өз жолын табуына, биік жетістіктерге жетуіне бар күш-жігерімізді жұмсап келеміз. Спорт арқылы жастарға табандылықты, тәртіпті, еңбексүйгіштікті үйретіп, елге адал қызмет етудің маңызын түсіндіреміз.

Ендігі мақсат – біз қол жеткізген жетістіктерді жас ұрпақтың жалғастыруы. Бұл тек спорт саласында емес, білім, ғылым, өнер, кәсіпкерлік бағытында да маңызды. Әрбір жас өз саласында үздік болуға талпынса, Қазақстанды жаңа биіктерге шығарады. Мемлекеттің дамуы үшін әрқайсымыз үлес қосуымыз қажет. Ортақ мақсатқа жету – бірліктің, еңбекқорлықтың және жасампаздықтың жемісі.

Бүгінгі жастардың алдында үлкен жауапкершілік тұр. Олар тек өздерінің болашағы үшін емес, елдің өркендеуі үшін еңбек етуі тиіс. Әрбір жетістік – елдің дамуына қосылған үлес. Сондықтан жас буынға сенім артып қана қоймай, олардың алға қойған мақсаттарына жетуіне жан-жақты жағдай жасау – қоғамның ортақ міндеті. Біз қолға алған ауқымды істердің барлығы жастардың игілігіне бағытталған. Болашақтың кілті – білімді, жаңашыл, жасампаз ұрпақтың қолында.

Біржан Жақыпов ҚР еңбек сіңірген спорт шебері

Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Telegram Email
author

Related Posts

ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ ЖОБАСЫ – ЕЛ ДАМУЫНЫҢ БЕРІК НЕГІЗІ

5 февраля, 2026

Шымкент қаласының әкімдігінде жаңа Конституция жобасы талқыланды

2 февраля, 2026

ЖАСТАР ҚАУІПСІЗДІГІ – ОРТАҚ ЖАУАПКЕРШІЛІК

2 февраля, 2026
Leave A Reply Cancel Reply

© 2026 Designed by SamDev.kz
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.