Close Menu
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • AMANAT: ДЕПУТАТТАРДЫҢ АЛДА АТҚАРАТЫН ЖҰМЫСТАРЫ ПЫСЫҚТАЛДЫ
  • Шымкентте «Халықаралық волонтерлер жылы – 2026» аясында жастар кездесуі өтті
  • Шымкентте «Жас сақшы» жобасы жаңа деңгейге көтерілуде
  • Университет культуры и искусства и новый Театр оперы и балета: два масштабных проекта реализуют в Шымкенте
  • Шымкентте Мәдениет және өнер университеті құрылып, жаңа Опера және балет театры салынады
  • МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ӨЗБЕКСТАНҒА ЖҰМЫС САПАРЫМЕН БАРДЫ
  • 27 ШЫМКЕНТТІК ӘСКЕРГЕ АТТАНДЫ
  • Қауіпсіз мектеп: Шымкентте 500 оқушы полиция бастығымен кездесті
Facebook X (Twitter) Instagram
OITAMYZYQOITAMYZYQ
Demo
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский
OITAMYZYQOITAMYZYQ
Home » ЖОЛДАУ – ЖАҢА КЕЗЕҢНІҢ БАСТАУЫ
ЖАҢАЛЫҚТАР

ЖОЛДАУ – ЖАҢА КЕЗЕҢНІҢ БАСТАУЫ

authorBy author8 сентября, 2025Комментариев нет4 Views
Facebook Twitter Pinterest LinkedIn WhatsApp Reddit Tumblr Email
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Иә, Қазақстан халқы үшін дамудың жаңа кезеңі басталғаны рас. Қазақстан Республикасының Президенті Қасым‑Жомарт Тоқаев бүгінгі Жолдауында жасанды интеллектінің Қазақстан үшін стратегиялық маңызы әлдеқайда жоғары екендігіне терең тоқталды. Жолдау Қазақстанды жасанды интеллект экожүйесін қалыптастыру, білім беру мен кадрлық әлеуетті арттыру, жасанды интеллектті этикалық және құқықтық тұрғыдан реттейтін халықаралық аренадағы мүмкіндіктерді кеңейтетін ел ретінде көрсетті. Елімізде Жасанды интеллект және цифрлық даму минстрлігі құрылып, Қазақстан үш жыл ішінде цифрлы мемлекетке айналады. Бұл министрлік елдің экономикалық әлеуетін арттыруға баса назар аударып, ауыл шаруашылығында AI технологиялары егістік алқаптарының өнімділігін болжауға, зиянкестерді ерте анықтауға мүмкіндік берсе, білім беру саласында әр оқушыға бейімделген оқыту әдістерін ұсынуға жол ашпақ. Инновациялық қоғам қалыптастыру жастардың цифрлық сауаттылығы мен шығармашылығын дамытудағы болашаққа салынған инвестиция. Стартаптар мен IT-индустрия дамып, елдің бәсекеге қабілеттілігі артады. Сондай-ақ, білім беру мен цифрлық сауаттылықты арттыру мақсатында AI‑Sana бағдарламасы қолға алынғаны, деректердің қауіпсіздігі, этикалық стандарттар мен жауапкершілік мәселелері қарастырылуда. Цифрлық модернизация елдің саяси, экономикалық және әлеуметтік дамуына тікелей ықпал етеді. Мемлекеттік басқаруда электронды үкімет арқылы мемлекеттік қызметтер қолжетімді, жылдам әрі ашық болмақ. Бұл өзгерістер мемлекеттік басқару жүйесінде тиімділікті арттырып, азаматтарға көрсетілетін қызметтердің сапасын жаңа деңгейге көтереді. Цифрлық даму шеңберінде еліміздің барлық өңірлерінде жоғары жылдамдықты интернет желісі қамтамасыз етіліп, шалғай ауылдар да цифрлық инфрақұрылыммен қамтылады. Бұл ауыл мен қала арасындағы цифрлық теңсіздікті жоюға бағытталған маңызды қадам болмақ. Цифрлы технологиялар экономикалық өсімнің жаңа қозғаушы күші ретінде бизнес-процестерді оңтайландырады, шығынды азайтып, өнімділікті арттырады. Шағын және орта бизнесті цифрландыру арқылы жаңа нарықтарға шығуға жол ашылады. Жасанды интеллект, Big Data, автоматтандыру сынды технологиялар жаңа салалар мен жұмыс орындарын қалыптастырады. Деректерге негізделген шешімдер қабылдануы сапалы саясат жүргізуге мүмкіндік береді. Әлеуметтік теңдікті қамтамасыз етуде ауылдық және қалалық жерлердегі білім, денсаулық сақтау, әлеуметтік қызметтерге тең қол жеткізу мүмкіндігі туындайды. Жаһандық әлеуетте цифрлы трансформация сәтті жүзеге асқан мемлекеттер халықаралық аренада сенімді серіктес ретінде танылады. Шетелдік инвестициялар тартуға, халықаралық жобаларға қатысуға мүмкіндік артады. Цифрлы модернизация елді жаһандық бәсекеге қабілетті, инновациялық, әділ және инклюзивті қоғамға айналдыруға жол ашады. Қоғам өзгерісті, нақты істерді және әділ шешімдерді күтеді. Әрбір Жолдау жаңа кезеңнің бастауы ғана емес, жауапкершіліктің, сенім мен серіктестіктің көрінісі. Сауле Рысбаева Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Шымкент қаласы бойынша филиал доценті, саяси ғылымдар кандидаты

Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Telegram Email
author

Related Posts

ҒЫЛЫМ, БІЛІМ ЖӘНЕ ИННОВАЦИЯ – КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ БАСЫМДЫҚ

18 марта, 2026

ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ – ЕЛ БОЛАШАҒЫНЫҢ БАҒДАРЫ

18 марта, 2026

РЕФЕРЕНДУМ-2026: КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ РЕФОРМАЛАР ТАЛҚЫЛАНДЫ

10 марта, 2026
Leave A Reply Cancel Reply

© 2026 Designed by SamDev.kz
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.