Close Menu
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • AMANAT: ДЕПУТАТТАРДЫҢ АЛДА АТҚАРАТЫН ЖҰМЫСТАРЫ ПЫСЫҚТАЛДЫ
  • Шымкентте «Халықаралық волонтерлер жылы – 2026» аясында жастар кездесуі өтті
  • Шымкентте «Жас сақшы» жобасы жаңа деңгейге көтерілуде
  • Университет культуры и искусства и новый Театр оперы и балета: два масштабных проекта реализуют в Шымкенте
  • Шымкентте Мәдениет және өнер университеті құрылып, жаңа Опера және балет театры салынады
  • МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ӨЗБЕКСТАНҒА ЖҰМЫС САПАРЫМЕН БАРДЫ
  • 27 ШЫМКЕНТТІК ӘСКЕРГЕ АТТАНДЫ
  • Қауіпсіз мектеп: Шымкентте 500 оқушы полиция бастығымен кездесті
Facebook X (Twitter) Instagram
OITAMYZYQOITAMYZYQ
Demo
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский
OITAMYZYQOITAMYZYQ
Home » Ұлттық жоба «Келешек мектебі»: Шымкентте жаңа білім ошағы ашылды
ЖАҢАЛЫҚТАР

Ұлттық жоба «Келешек мектебі»: Шымкентте жаңа білім ошағы ашылды

authorBy author2 сентября, 2025Комментариев нет69 Views
Facebook Twitter Pinterest LinkedIn WhatsApp Reddit Tumblr Email
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

1 қыркүйек – Білім күні Шымкент қаласында «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында №151 жалпы орта білім беретін мектеп салтанатты түрде ашылды. Жаңа білім ошағы Таскен шағын ауданында орналасқан. Мектептің ашылу рәсіміне қала әкімі Ғабит Сыздықбеков қатысып, ұстаздар мен оқушыларды айтулы мерекемен құттықтады.

Әкім өз сөзінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен іске асып жатқан «Келешек мектептері» жобасының маңыздылығына тоқталды. Оның айтуынша, бұл мектептер заманауи талаптарға сай эргономикалық білім кеңістігін ұсынады, ал техникалық жабдықталуы типтік жобаларға қарағанда 4 есеге артық. Мұның барлығы сапалы әрі қауіпсіз білім беруге жағдай жасайды.

1500 орындық жаңа мектеп 60 оқу кабинетімен, интерактивті панельдермен жабдықталған пәндік сыныптармен, STEM және IT-зертханалармен, робототехника кабинеттерімен, шеберханалармен, үш спорт залымен, кітапханамен, коворкинг аймақтарымен, 375 орынды асханамен және медициналық пунктпен қамтылған. Сондай-ақ ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға бейімделген сыныптар мен қолайлы орта қарастырылған. Мектеп толыққанды қауіпсіздік жүйесімен жабдықталған.

Айта кетейік, бүгін қалада тағы бір маңызды нысан – реновация аясында толық жөндеуден өткен №9 IT мектеп-лицейі пайдалануға берілді.

Соңғы жылдары Шымкентте Президент тапсырмасына сәйкес білім инфрақұрылымын дамытуға ерекше көңіл бөлініп келеді. Мәселен, заманауи үлгідегі екі Оқушылар сарайы салынып, бүгінде қалада олардың саны үшеуге жетті. Соның нәтижесінде оқушылардың 95 пайызы қосымша біліммен қамтылды.

Жалпы, 2023 жылы Шымкентте ұлттық жоба аясында 12 мектептің құрылысы басталса, бұған дейін 11 мектеп пайдалануға берілген. Бүгін олардың қатары тағы бір жаңа білім ошағымен толықты.

Биылғы оқу жылы Шымкентте 1352 білім беру мекемесінде 400 мыңнан астам оқушымен басталды. Оның ішінде 28 мыңға жуық бала алғаш рет мектеп табалдырығын аттады. Барлық оқушылар оқулықтармен толық қамтылды. Сонымен қатар, әлеуметтік осал отбасылардан шыққан балалар 100 пайыз мектеп формасымен және ыстық тамақпен қамтамасыз етіліп отыр.

Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Telegram Email
author

Related Posts

ҒЫЛЫМ, БІЛІМ ЖӘНЕ ИННОВАЦИЯ – КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ БАСЫМДЫҚ

18 марта, 2026

ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ – ЕЛ БОЛАШАҒЫНЫҢ БАҒДАРЫ

18 марта, 2026

РЕФЕРЕНДУМ-2026: КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ РЕФОРМАЛАР ТАЛҚЫЛАНДЫ

10 марта, 2026
Leave A Reply Cancel Reply

© 2026 Designed by SamDev.kz
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.