Close Menu
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • AMANAT: ДЕПУТАТТАРДЫҢ АЛДА АТҚАРАТЫН ЖҰМЫСТАРЫ ПЫСЫҚТАЛДЫ
  • Шымкентте «Халықаралық волонтерлер жылы – 2026» аясында жастар кездесуі өтті
  • Шымкентте «Жас сақшы» жобасы жаңа деңгейге көтерілуде
  • Университет культуры и искусства и новый Театр оперы и балета: два масштабных проекта реализуют в Шымкенте
  • Шымкентте Мәдениет және өнер университеті құрылып, жаңа Опера және балет театры салынады
  • МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ӨЗБЕКСТАНҒА ЖҰМЫС САПАРЫМЕН БАРДЫ
  • 27 ШЫМКЕНТТІК ӘСКЕРГЕ АТТАНДЫ
  • Қауіпсіз мектеп: Шымкентте 500 оқушы полиция бастығымен кездесті
Facebook X (Twitter) Instagram
OITAMYZYQOITAMYZYQ
Demo
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский
OITAMYZYQOITAMYZYQ
Home » ШЫМКЕНТТЕ КӘСІПКЕРЛІК ҚАРҚЫН АЛДЫ: 4,9 ТРЛН ТЕҢГЕГЕ 212 ЖОБА ІСКЕ АСЫРЫЛАДЫ
ЖАҢАЛЫҚТАР

ШЫМКЕНТТЕ КӘСІПКЕРЛІК ҚАРҚЫН АЛДЫ: 4,9 ТРЛН ТЕҢГЕГЕ 212 ЖОБА ІСКЕ АСЫРЫЛАДЫ

authorBy author26 августа, 2025Updated:26 августа, 2025Комментариев нет4 Views
Facebook Twitter Pinterest LinkedIn WhatsApp Reddit Tumblr Email
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Шымкент қаласы еліміздің кәсіпкерлік пен өнеркәсіптік дамуының негізгі орталықтарының біріне айналып келеді. 2025 жылдың қаңтар–сәуір айларының қорытындысы бойынша шағын және орта бизнесте жұмыспен қамтылғандар саны өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 10,3 пайызға артты. Бұл көрсеткіш мегаполистің экономикасы жаңа бастамаларға ашық екенін және жеке сектордың белсенді дамып жатқанын айғақтайды.

Өндірілген өнім көлемі де айтарлықтай өскен. Төрт айдың ішінде өндіріс көлемі 865,5 млрд теңгені құрап, өткен жылдың деңгейінен 23,9 пайызға жоғарылады. Нәтижесінде жалпы өңірлік өнімдегі шағын және орта кәсіпкерліктің үлесі 57,5 пайызға жетіп, қала экономикасында кәсіпкерліктің жетекші орынға шыққанын көрсетті.

Бизнеске қолайлы жағдай жасау үшін Шымкентте шағын өнеркәсіп аймақтарын құру жалғасуда. Арнайы бағдарлама аясында қазіргі таңда 3 жоба жүзеге асырылып жатыр. Нәтижесінде 150-ден астам жаңа кәсіпорын ашылып, 500-ден астам адам тұрақты жұмыспен қамтылмақ. Бұл бастама шағын және орта бизнесті қолдауға, өндірістік алаңдарға қолжетімділікті кеңейтуге бағытталған. Сонымен қатар қалада индустриялық аймақтар желісі дамуда. Қазіргі таңда бес ірі өндірістік алаң жұмыс істейді: «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағы, «Оңтүстік» индустриялық аймағы, «Тассай» индустриялық аймағы, «Сауда-логистикалық орталығы», «Ордабасы» жеке индустриялық аймағы. Жақында олардың қатарына жалпы ауданы 438 гектарды құрайтын «Жұлдыз» және «Бозарық» индустриялық аймақтары қосылды. Осылайша, бүгінде Шымкентте 7 индустриялық аймақ жұмыс істеп тұр, бұл қаланың өндірістік әлеуетін одан әрі арттыруға мүмкіндік береді.

2025–2030 жылдары Шымкент қаласында жалпы құны 4,9 трлн теңгені құрайтын 212 ірі инвестициялық жоба іске асырылмақ. Аталған жобалар нәтижесінде 26 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылып, өңірдің әлеуметтік тұрақтылығына және экономикалық өсіміне серпін береді. Жобаларды жүзеге асыруға тек жергілікті ғана емес, шетелдік инвесторлар да тартылуда. Атап айтқанда, түрік капиталының қатысуымен «Alsera KZ» және «Fabe Agro» компаниялары заманауи жылыжай кешендерінің құрылысын қолға алды. Бұл агросектордағы инновациялық технологияларды енгізіп, ауылшаруашылық өнімдерінің экспортын арттыруға жол ашады.

Сонымен бірге, отандық «Intertrans» ЖШС алкилат пен полипропилен өндіретін зауыт салуда. Жоба елдің химия өнеркәсібін нығайтып, ішкі нарықты сұранысқа ие өнімдермен қамтамасыз етуге бағытталған. Ал қытайлық «Shaanxi Construction Kazakhstan» ЖШС қалдықтарды энергияға айналдырып қайта өңдеу жобасын жүзеге асыруда. Бұл мегаполистің экологиясын жақсартуға әрі «жасыл экономика» қағидаттарын енгізуге ықпал ететін бастама болмақ.

Ауқымды жобалардың іске асырылуы Шымкентті еліміздің ірі өнеркәсіптік әрі инвестициялық орталықтарының біріне айналдырады. Қаладағы қолайлы географиялық орналасу, дамыған инфрақұрылым және мемлекеттік қолдау халықаралық компаниялар үшін де тартымды жағдай қалыптастыруда. Алдағы жылдары кәсіпкерлік секторы қаланың негізгі экономикалық драйвері болып, тұрақты дамуға және тұрғындардың әл-ауқатын арттыруға қызмет етпек.

Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Telegram Email
author

Related Posts

ҒЫЛЫМ, БІЛІМ ЖӘНЕ ИННОВАЦИЯ – КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ БАСЫМДЫҚ

18 марта, 2026

ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ – ЕЛ БОЛАШАҒЫНЫҢ БАҒДАРЫ

18 марта, 2026

РЕФЕРЕНДУМ-2026: КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ РЕФОРМАЛАР ТАЛҚЫЛАНДЫ

10 марта, 2026
Leave A Reply Cancel Reply

© 2026 Designed by SamDev.kz
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.