Close Menu
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • ПЕРВЫЙ ЗАМЕСТИТЕЛЬ ПРЕМЬЕР-МИНИСТРА НУРЛЫБЕК НАЛИБАЕВ ПРИНЯЛ УЧАСТИЕ В ОТКРЫТИИ CITY PARK В ШЫМКЕНТЕ
  • ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІНІҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ НҰРЛЫБЕК НӘЛІБАЕВ ШЫМКЕНТТЕГІ CITY PARK САЯБАҒЫНЫҢ АШЫЛУ САЛТАНАТЫНА ҚАТЫСТЫ
  • В ШЫМКЕНТЕ ОТКРЫЛИ КРУПНЕЙШИЙ ЭКОПАРК НА МЕСТЕ БЫВШЕГО ПОЛИГОНА
  • ШЫМКЕНТТЕ БҰРЫНҒЫ ҚОҚЫС ПОЛИГОНЫНЫҢ ОРНЫНДА АУҚЫМДЫ ІРІ ЭКОПАРК АШЫЛДЫ
  • «ЗАҢ МЕН ТӘРТІП»: ЕҢБЕКШІ АУДАНЫНДА «ҚҰҚЫҚТЫҚ ДӘРІХАНА» АКЦИЯСЫ ӨТКІЗІЛДІ
  • КАДРОВАЯ ПОЛИТИКА ШЫМКЕНТА ДО 2030 ГОДА: ПРИОРИТЕТЫ РАЗВИТИЯ И ПЕРСПЕКТИВЫ
  • 2030 ЖЫЛҒА ДЕЙІНГІ ШЫМКЕНТТІҢ КАДРЛЫҚ САЯСАТЫ: ДАМУ БАСЫМДЫҚТАРЫ МЕН БОЛАШАҚ МҮМКІНДІКТЕР
  • ДОСТЫҚ ЛАГЕРІ ТАЗАЛЫҚ АКЦИЯСЫМЕН ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ
Facebook X (Twitter) Instagram
OITAMYZYQOITAMYZYQ
Demo
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский
OITAMYZYQOITAMYZYQ
Home » ШЫМКЕНТТЕ КӨПІРДЕН СЕКІРМЕК БОЛҒАН ҚЫЗДЫ ҰЛАНДЫҚТАР ҚҰТҚАРДЫ
Қоғам

ШЫМКЕНТТЕ КӨПІРДЕН СЕКІРМЕК БОЛҒАН ҚЫЗДЫ ҰЛАНДЫҚТАР ҚҰТҚАРДЫ

authorBy author4 июля, 2024Комментариев нет3 Views
Facebook Twitter Pinterest LinkedIn WhatsApp Reddit Tumblr Email
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email
Оқиға 3 шілде күні түстен кейін болған. Сағат 14.30 шамасында Шымкент қаласының Еңбекші ауданында қоғамдық тәртіпті қадағалау кезінде Ұлттық ұланның 6506 әскери бөлімінің жауынгерлері көпір қоршауының сыртында жас қыздың тұрғанын көреді.
Қауіпті түсінген әскери жасақ рация арқылы көпірге жақын жерде қызмет атқарып жүрген патрульдік топ бастығы қатардағы жауынгер Раулан Өтебаевқа шұғыл ақпарат береді. Ол дереу патрульші жауынгерлер Арыстанбек Анарбай мен Дулат Ауғанбаевты ертіп, аталған орынға жедел келеді.
— Көпірден секіруге тырысқан қызды көргенде, бірден оған бет алдық. Осы уақытта ол көпір қоршауының сырт жағында тұрды. Жақындай бергенімізді көріп, көпірден секіремін деп қорқытты, – дейді Раулан.
Ұландықтар қызбен ақырын сөйлесіп, оны асығыс әрекеттерден бас тартуға көндіруге тырысты. Осы уақытта жақын маңдағы адамдар да қызға тоқтату сөздерін айта бастаған. Оңтайлы сәт туғанда Раулан Өтебаев қызды шап беріп, қарсыласқанына қарамастан, қоршаудан тартып шығарған. Қауіпсіз жерге апарып, оны барынша тыныштандырды. Бойжеткенді орнына келген полиция қызметкерлеріне тапсырды.
Айта кету керек, әскери қызметшілерге өтіп бара жатқан жергілікті тұрғын да көмектескен, алайда белгісіз болып қалуды жөн көрді. Осылайша, құқықтық тәртіп әскерінің сарбаздары мен саналы азаматтың үйлесімді іс-қимылының арқасында адам өмірі құтқарылды.
Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланы ішкі істер органдарының бірыңғай жүйесінің бөлігі болып табылады, азаматтардың, қоғамның және мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, сондай-ақ азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қылмыстық және өзге де заңсыз әрекеттерден қорғауға жауап береді.
Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Telegram Email
author

Related Posts

ДОСТЫҚ ЛАГЕРІ ТАЗАЛЫҚ АКЦИЯСЫМЕН ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ

15 июня, 2026

«БІЗ БІРГЕМІЗ»: ШЫМКЕНТТЕ АССАМБЛЕЯ ЖАСТАРЫНЫҢ ДОСТЫҚ ЛАГЕРІ ӨТТІ

15 июня, 2026

ГҮЛГЕ ОРАНҒАН ҚАЛА: ТІК КӨГАЛДАНДЫРУ ШЫМКЕНТТЕ ЖАҢА ДЕҢГЕЙГЕ ШЫҚТЫ

29 мая, 2026
Leave A Reply Cancel Reply

© 2026 Designed by SamDev.kz
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.