Close Menu
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • AMANAT: ДЕПУТАТТАРДЫҢ АЛДА АТҚАРАТЫН ЖҰМЫСТАРЫ ПЫСЫҚТАЛДЫ
  • Шымкентте «Халықаралық волонтерлер жылы – 2026» аясында жастар кездесуі өтті
  • Шымкентте «Жас сақшы» жобасы жаңа деңгейге көтерілуде
  • Университет культуры и искусства и новый Театр оперы и балета: два масштабных проекта реализуют в Шымкенте
  • Шымкентте Мәдениет және өнер университеті құрылып, жаңа Опера және балет театры салынады
  • МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ӨЗБЕКСТАНҒА ЖҰМЫС САПАРЫМЕН БАРДЫ
  • 27 ШЫМКЕНТТІК ӘСКЕРГЕ АТТАНДЫ
  • Қауіпсіз мектеп: Шымкентте 500 оқушы полиция бастығымен кездесті
Facebook X (Twitter) Instagram
OITAMYZYQOITAMYZYQ
Demo
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский
OITAMYZYQOITAMYZYQ
Home » Тамыз конференциясы: Шымкенттегі білім жүйесі жаңа міндеттерді айқындады
ЖАҢАЛЫҚТАР

Тамыз конференциясы: Шымкенттегі білім жүйесі жаңа міндеттерді айқындады

authorBy author22 августа, 2025Updated:26 августа, 2025Комментариев нет4 Views
Facebook Twitter Pinterest LinkedIn WhatsApp Reddit Tumblr Email
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Шымкент қаласында өткен дәстүрлі қалалық Тамыз конференциясы биыл ерекше серпінмен өтті. «Білім келешегі: адал азамат, кәсіби маман» тақырыбындағы жиынға ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев, қала әкімі Ғабит Сыздықбеков, зиялы қауым өкілдері, министрлік пен қала әкімдігінің басшылары, құқық қорғау органдары, жоғары оқу орындарының оқытушылары, ардагер ұстаздар мен мектеп директорлары қатысты.

Конференция барысында білім беру саласындағы негізгі басымдықтар айтылды. Алғашқы баяндама жасаған қалалық Білім басқармасының басшысы Гүлназ Сүлейменова мектепке дейінгі тәрбиеден бастап кәсіптік білімге дейінгі бағыттардағы жетістіктер мен жоспарларды баяндады. Оның айтуынша, қалада мектепке дейінгі тәрбие бойынша қамту деңгейі 79%-ға жетіп, жыл соңына дейін 96%-ға көтеріледі. Бұл ата-аналардың алаңсыз еңбек етуіне мүмкіндік беріп, бүлдіршіндердің мектепке даярлығын күшейтпек. Жаңа ваучерлік жүйе де ата-аналарға таңдау еркіндігін беретін маңызды бастама болмақ.

Жалпы орта білім саласында соңғы бес жылда 100-ден астам жаңа мектеп салынды. Бұл – халық саны қарқынды өсіп келе жатқан мегаполис үшін аса маңызды. Биылғы оқу жылында алғаш мектепке баратын 28 мыңнан астам бала – демографиялық өсімнің айқын көрінісі. Сонымен бірге оқулықтар толық жеткізіліп, ата-аналарға алаңдамауға мүмкіндік жасалды.

Мұғалімдердің жалақысы да жыл сайын өсіп келеді. Бұл ұстаз мәртебесін арттырып, білім сапасын жоғарылатуға ықпал етуде. Шымкент оқушыларының республикалық және халықаралық олимпиадалардағы жетістіктері де көңіл қуантады: 7 алтын, 22 күміс, 200-ден астам қола медаль жеңіп алынған. Дегенмен барлық балаға тең мүмкіндік беру – басты мақсат болып қала бермек.

Министр Ғани Бейсембаев өз сөзінде білім саласындағы мемлекеттік қолдауларды атап өтіп, жаңа оқу жылына арналған міндеттерді айқындады. Ол мектепке дейінгі білімде қамту 95%-ға жететінін, инклюзивті білім беруде Шымкенттің көрсеткіші 95%-ға жеткенін, ерекше қажеттілігі бар балаларға қолдау күшейгенін жеткізді. Мұғалімдердің жалақысы соңғы төрт жылда екі есеге өскен. Жаңа цифрлық аттестаттау жүйесі педагогтердің кәсіби дамуына мүмкіндік беруде.

Сонымен бірге «Адал азамат» бағдарламасы енгізіліп, жасанды интеллектіні білімге кіріктіру басталды. «Day of AI» жобасы арқылы 1–11-сынып оқушылары қамтылмақ. «Келешек мектептері» жобасы іске қосылып, сапаға бағытталған жаңа басқару моделі енгізіледі. Балалардың қауіпсіздігі үшін «ДосболLIKE» бағдарламасы қолға алынбақ.

Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков білім саласына мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан қолдауларды атап өтті. Соңғы екі жылда 39 жаңа мектеп ашылып, үш ауысымды және апатты мектептердің мәселесін шешу үшін тағы 12 мектеп салынды. Алдағы екі жылда 37 жаңа білім нысаны бой көтермек. Сонымен қатар әлеуметтік қолдау шаралары жалғасуда: аз қамтылған отбасылардың балалары толық мектеп формасымен қамтылып, балабақшаларда тегін орындар қарастырылған.

Конференция соңында білім саласына сүбелі үлес қосқан ұстаздар арнайы марапаттарға ие болды.

Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Telegram Email
author

Related Posts

ҒЫЛЫМ, БІЛІМ ЖӘНЕ ИННОВАЦИЯ – КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ БАСЫМДЫҚ

18 марта, 2026

ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ – ЕЛ БОЛАШАҒЫНЫҢ БАҒДАРЫ

18 марта, 2026

РЕФЕРЕНДУМ-2026: КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ РЕФОРМАЛАР ТАЛҚЫЛАНДЫ

10 марта, 2026
Leave A Reply Cancel Reply

© 2026 Designed by SamDev.kz
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.