Close Menu
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • AMANAT: ДЕПУТАТТАРДЫҢ АЛДА АТҚАРАТЫН ЖҰМЫСТАРЫ ПЫСЫҚТАЛДЫ
  • Шымкентте «Халықаралық волонтерлер жылы – 2026» аясында жастар кездесуі өтті
  • Шымкентте «Жас сақшы» жобасы жаңа деңгейге көтерілуде
  • Университет культуры и искусства и новый Театр оперы и балета: два масштабных проекта реализуют в Шымкенте
  • Шымкентте Мәдениет және өнер университеті құрылып, жаңа Опера және балет театры салынады
  • МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ӨЗБЕКСТАНҒА ЖҰМЫС САПАРЫМЕН БАРДЫ
  • 27 ШЫМКЕНТТІК ӘСКЕРГЕ АТТАНДЫ
  • Қауіпсіз мектеп: Шымкентте 500 оқушы полиция бастығымен кездесті
Facebook X (Twitter) Instagram
OITAMYZYQOITAMYZYQ
Demo
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский
OITAMYZYQOITAMYZYQ
Home » Шымкентте техникалық және кәсіптік білім беру педагогтері бас қосты
ЖАҢАЛЫҚТАР

Шымкентте техникалық және кәсіптік білім беру педагогтері бас қосты

authorBy author23 августа, 2025Updated:26 августа, 2025Комментариев нет16 Views
Facebook Twitter Pinterest LinkedIn WhatsApp Reddit Tumblr Email
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Шымкентте «Білім келешегі: адал азамат, кәсіби маман» атты ұстаздардың қалалық тамыз конференциясының техникалық және кәсіптік білім беру педагогтеріне арналған панельдік сессиясы өтті.

Іс-шара М. Өтебаев атындағы жоғары жаңа технологиялар колледжінде ұйымдастырылып, оған 300-ден астам педагог пен сала мамандары қатысты. Конференция пленарлық отырыстан басталып, бірнеше бағыттағы секциялық жұмыстармен жалғасты.

Пленарлық отырыста Шымкент қаласы Білім басқармасы басшысының орынбасары Жанар Қасымова қатысушыларды жаңа оқу жылымен құттықтап, білім беру жүйесіндегі басым бағыттарға тоқталды. Сонымен қатар ҚР Оқу-ағарту министрлігі, “Talap” КЕАҚ, Шымкент қаласы кәсіпкерлер палатасы және өндірістік серіктестік өкілдері баяндама жасап, дуальді оқыту, кәсіпкерлік әріптестік, WorldSkills қозғалысы мен еңбек нарығына қажетті мамандар даярлау мәселелері талқыланды.

Шымкент қаласының Білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің қызметкері Майра Абдраимова өз сөзінде Мемлекет басшысының бастамасымен 2025 жылдың «Жұмысшы мамандықтар жылы» болып жарияланғанына тоқталды. Ол кәсіби кадрларға деген сұраныстың артып отырғанын, осы орайда колледждердің материалдық-техникалық базасын нығайту, кәсіпорындармен әріптестікті күшейту және мемлекеттік тапсырысты жұмысшы мамандықтарына көбірек бөлу қажеттігін атап өтті. Сондай-ақ бұл бастаманың маңызды бағыттарының бірі – колледж оқытушыларының біліктілігін арттыру. Бүгінде педагогтер заманауи технологияларды меңгеріп, өндірістік тәжірибеден өтіп, кәсіби дамуға арналған курстарға тұрақты қатысып келеді.

Конференция барысында тәжірибелі өндірістік оқыту шеберлері де сөз алды. Энергетика және байланыс колледжінің өкілі Қымбат Мәдікәрімқызы жастардың техникалық білімге деген қызығушылығы артып келе жатқанын, түлектердің басым бөлігі мамандықтары бойынша жұмысқа орналасып жатқанын атап өтті. Оның айтуынша, студенттер стипендиямен, оқу құралдарымен, жатақханамен және бір мезгілдік тамақпен қамтамасыз етіліп, жас мамандар біліктілікті арттыру курстарына жүйелі түрде жіберіліп отыр.

Секциялық отырыстарда тәрбие, оқу процесін ұйымдастыру, тәжірибелік жұмыстар және әдістемелік қолдау мәселелері бойынша пікір алмасулар өтті. Жастармен жұмыстағы инновациялық әдістер, академиялық адалдық, кәсіби дағдыларды жетілдіру, цифрлық технологияларды тиімді пайдалану және ұлттық құндылықтарды білім мазмұнына енгізу жолдары қарастырылды.

Кеңес соңында барлық ұсыныстар жинақталып, алдағы оқу жылында жүзеге асыруға арналған ортақ шешімдер қабылданды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, тамыз конференциясы білім сапасын арттырумен қатар, ұстаздардың кәсіби әлеуетін көтеруге және техникалық-кәсіптік білімнің қоғамдағы беделін нығайтуға бағытталды.

Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Telegram Email
author

Related Posts

ҒЫЛЫМ, БІЛІМ ЖӘНЕ ИННОВАЦИЯ – КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ БАСЫМДЫҚ

18 марта, 2026

ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ – ЕЛ БОЛАШАҒЫНЫҢ БАҒДАРЫ

18 марта, 2026

РЕФЕРЕНДУМ-2026: КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ РЕФОРМАЛАР ТАЛҚЫЛАНДЫ

10 марта, 2026
Leave A Reply Cancel Reply

© 2026 Designed by SamDev.kz
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.