Close Menu
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • ПЕРВЫЙ ЗАМЕСТИТЕЛЬ ПРЕМЬЕР-МИНИСТРА НУРЛЫБЕК НАЛИБАЕВ ПРИНЯЛ УЧАСТИЕ В ОТКРЫТИИ CITY PARK В ШЫМКЕНТЕ
  • ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІНІҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ НҰРЛЫБЕК НӘЛІБАЕВ ШЫМКЕНТТЕГІ CITY PARK САЯБАҒЫНЫҢ АШЫЛУ САЛТАНАТЫНА ҚАТЫСТЫ
  • В ШЫМКЕНТЕ ОТКРЫЛИ КРУПНЕЙШИЙ ЭКОПАРК НА МЕСТЕ БЫВШЕГО ПОЛИГОНА
  • ШЫМКЕНТТЕ БҰРЫНҒЫ ҚОҚЫС ПОЛИГОНЫНЫҢ ОРНЫНДА АУҚЫМДЫ ІРІ ЭКОПАРК АШЫЛДЫ
  • «ЗАҢ МЕН ТӘРТІП»: ЕҢБЕКШІ АУДАНЫНДА «ҚҰҚЫҚТЫҚ ДӘРІХАНА» АКЦИЯСЫ ӨТКІЗІЛДІ
  • КАДРОВАЯ ПОЛИТИКА ШЫМКЕНТА ДО 2030 ГОДА: ПРИОРИТЕТЫ РАЗВИТИЯ И ПЕРСПЕКТИВЫ
  • 2030 ЖЫЛҒА ДЕЙІНГІ ШЫМКЕНТТІҢ КАДРЛЫҚ САЯСАТЫ: ДАМУ БАСЫМДЫҚТАРЫ МЕН БОЛАШАҚ МҮМКІНДІКТЕР
  • ДОСТЫҚ ЛАГЕРІ ТАЗАЛЫҚ АКЦИЯСЫМЕН ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ
Facebook X (Twitter) Instagram
OITAMYZYQOITAMYZYQ
Demo
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский
OITAMYZYQOITAMYZYQ
Home » АТА ЗАҢ – ТӘУЕЛСІЗДІКТІҢ ТІРЕГІ
ЖАҢАЛЫҚТАР

АТА ЗАҢ – ТӘУЕЛСІЗДІКТІҢ ТІРЕГІ

authorBy author23 августа, 2025Updated:26 августа, 2025Комментариев нет5 Views
Facebook Twitter Pinterest LinkedIn WhatsApp Reddit Tumblr Email
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Бүгін Шымкент қалалық прокуратурасының бастамасымен Қазақстан Республикасының Конституциясының 30 жылдығына арналған «Ата заң – тәуелсіздік тірегі» атты дөңгелек үстел өтті.
Жиынға қала прокурорлары, саяси партия төрағалары мен құқық қорғау органдарының өкілдері қатысты. Шара еркін пікір алмасу форматында өтіп, қатысушылар ел Конституциясының маңызы, заң үстемдігін қамтамасыз ету жолдары және азаматтардың құқықтарын қорғау туралы ойларын ортаға салды.

Прокуратура өкілдері жиын барысында соңғы жылдардағы маңызды реформалардың бірі – азаптау фактілерін тергеу тікелей прокуратура органдарының құзыретіне берілгенін ерекше атап өтті. Бұл қадам құқық қорғау жүйесінде ашықтық пен әділеттілікті арттыруға бағытталған. 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енген өзгерістерге сәйкес, азаптаулардың себептері мен жағдайларын саралау негізінде қылмыстық процесте азаматтардың құқықтарын қорғауға арналған бірлескен бұйрық қабылданды. Бұған қоса, қаламызда алғаш болып, күдіктілер мен сотталғандардың конституциялық құқықтарының сақталуын қамтамасыз ететін арнайы алгоритм енгізілген. Ол үш кезеңнен тұрады. Олар, ұсталған тұлғаларды прокурордың жеке сұрауы, бұлтартпау шарасын санкциялау кезінде күдіктілермен тілдесу, қылмыстық іс тоқтатылған жағдайда қайта сұрау. Дөңгелек үстел барысында сөз сөйлеген қала прокуратурасының басқарма прокуроры Жанерке Атықаева осы жаңашылдық жайында сөз қозғап, баяндама жасады.
Прокурордың айтуы бойынша, құқық қорғау органдарында бейнебақылау жүйесі толық енгізілген. Тергеу изоляторлары, уақытша ұстау абақтылары мен полиция басқармалары бейнекамералармен толық қамтылған. Камералар ғимараттың соқыр аймақтарына дейін орнатылып, күдіктілердің туыстары мен адвокаттары прокурормен тікелей байланыса алатын арнайы домофон құрылғылары іске қосылған. Сонымен қатар, кезекші прокурорлар тәулік бойы бейнежетондар арқылы бақылау жүргізіп отыр. Бұл жүйе кез келген арызды дер кезінде тіркеуге мүмкіндік беріп, заңсыз әрекеттерді жасыруға жол бермейді.
Осының арқасында Шымкент қаласында 2023–2024 жылдары азаптау фактілері бойынша бірде-бір қылмыстық іс тіркелмеген. Ал 2025 жылдың басында тіркелген бір істің ақталатын негізбен тоқтатылғаны атап өтілді.
– Конституцияның ең басты талабы – адам құқығы мен қадір-қасиетін қорғау. Азаптау фактілері осы талапқа қайшы келеді. Сондықтан әрбір прокурор, әрбір құқық қорғау органы қызметкері заңдылықты бұлжытпай сақтап, азаматтарға әділетті көзқарас танытуы тиіс. Біздің басты міндетіміз – мұндай жағдайларға мүлде жол бермеу. Бұл тек заң талабы емес, қоғам мен халық алдындағы қасиетті парызымыз, – дейді Жанерке Атықаева.
Сонымен бірге жиын барысында прокуратура өкілдері құқық қорғау саласы тек заң бұзушылықпен күресіп қана қоймай, қоғаммен тығыз байланыс орнатуға мүдделі екенін жеткізді. Әсіресе, жастармен жұмыс жүргізу, олардың құқықтық сауатын арттыру, әділетке деген сенімін нығайту және елге деген сүйіспеншілігін қалыптастыру басты назарда екені атап өтіліп, прокуратура қызметкерлері жас буынға патриоттық тәрбие беріп, әділетті қоғам құру ісіне барлық сала өкілдерімен бірге жұмылуға дайын екенін айтты.

Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Telegram Email
author

Related Posts

ДОСТЫҚ ЛАГЕРІ ТАЗАЛЫҚ АКЦИЯСЫМЕН ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ

15 июня, 2026

«БІЗ БІРГЕМІЗ»: ШЫМКЕНТТЕ АССАМБЛЕЯ ЖАСТАРЫНЫҢ ДОСТЫҚ ЛАГЕРІ ӨТТІ

15 июня, 2026

ГҮЛГЕ ОРАНҒАН ҚАЛА: ТІК КӨГАЛДАНДЫРУ ШЫМКЕНТТЕ ЖАҢА ДЕҢГЕЙГЕ ШЫҚТЫ

29 мая, 2026
Leave A Reply Cancel Reply

© 2026 Designed by SamDev.kz
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.