Close Menu
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • Шымкентте «Халықаралық волонтерлер жылы – 2026» аясында жастар кездесуі өтті
  • Шымкентте «Жас сақшы» жобасы жаңа деңгейге көтерілуде
  • Университет культуры и искусства и новый Театр оперы и балета: два масштабных проекта реализуют в Шымкенте
  • Шымкентте Мәдениет және өнер университеті құрылып, жаңа Опера және балет театры салынады
  • МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ӨЗБЕКСТАНҒА ЖҰМЫС САПАРЫМЕН БАРДЫ
  • 27 ШЫМКЕНТТІК ӘСКЕРГЕ АТТАНДЫ
  • Қауіпсіз мектеп: Шымкентте 500 оқушы полиция бастығымен кездесті
  • Безопасная школа: в Шымкенте 500 школьников встретились с главой полиции
Facebook X (Twitter) Instagram
OITAMYZYQOITAMYZYQ
Demo
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский
OITAMYZYQOITAMYZYQ
Home » ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА КЕУРЕК ПЕН ҚЫЗЫЛ МИЯНЫ ЖҰЛУҒА ТЫЙЫМ САЛЫНДЫ
Қоғам

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА КЕУРЕК ПЕН ҚЫЗЫЛ МИЯНЫ ЖҰЛУҒА ТЫЙЫМ САЛЫНДЫ

authorBy author29 мая, 2024Updated:30 мая, 2024Комментариев нет1 Views
Facebook Twitter Pinterest LinkedIn WhatsApp Reddit Tumblr Email
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email
Бұл туралы брифингте Түркістан облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Қайрат Абдуалиев мәлімдеді.
«Түркістан облысының орман қоры жерлерінде биыл жыл соңына дейін 27 500 гектар жерге 43 149 дана, 2025 жылы 31 610 гектар жерге 52 079 мың дана тал отырғызу жоспарланған. Сондай-ақ, облыстағы 852 елді мекенді көгалдандыру үшін 4 млн-нан астам көшет отырғызу жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Бұдан бөлек, былтыр «Өсімдіктер дүниесі туралы» заң қабылданып, күшіне енген болатын. Түркістан облысы аумағында өсетін емдік қасиеттері бар кеурек пен қызыл мия өсімдіктерін заңсыз теру және шет елдерге шығару фактілері жиілеген. Осы ретте аталған өсімдіктерді пайдалану құқығын шектеу туралы шешім қабылданды. Нәтижесінде табиғи популяциясының қалпына келуі үшін қызыл мияны 5 жыл, ал кеуректі 8 жыл бойы жұлуға тыйым салынды. Енді оларды заңсыз қазғандарға шара көрілетін болады», – деді Қайрат Амангелдіұлы.
Сондай-ақ, облыста Үкіметтің Қаулысымен биыл 7 000 тонна тауарлы балық өндірілмек. Саланың дамуына облыстық бюджеттен және республикалық бюджеттен субсидия қарастырылған. Одан бөлек, «Ауыл аманаты» бағдарламасының балық шаруашылығын дамыту бағыты бойынша биыл 1 млрд 42 млн теңге қаралып, бүгінде өтінім қабылдау жұмыстары жүргізілуде.
Сонымен қатар, спикер 2024 жылы орман қоры жерлерінде өрт қауіпсіздігі қағидасының талаптарын сақтамаған 18 жеке тұлғаға жалпы көлемі 350,7 мың теңге айыппұл салынғандығын айтты. Сондай-ақ, биыл орманды өрттен қорғау шаралары аясында тиісті жұмыстар жүргізілуде.
Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Telegram Email
author

Related Posts

ҒЫЛЫМ, БІЛІМ ЖӘНЕ ИННОВАЦИЯ – КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ БАСЫМДЫҚ

18 марта, 2026

ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ – ЕЛ БОЛАШАҒЫНЫҢ БАҒДАРЫ

18 марта, 2026

РЕФЕРЕНДУМ-2026: КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ РЕФОРМАЛАР ТАЛҚЫЛАНДЫ

10 марта, 2026
Leave A Reply Cancel Reply

© 2026 Designed by SamDev.kz
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.