Close Menu
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • ПЕРВЫЙ ЗАМЕСТИТЕЛЬ ПРЕМЬЕР-МИНИСТРА НУРЛЫБЕК НАЛИБАЕВ ПРИНЯЛ УЧАСТИЕ В ОТКРЫТИИ CITY PARK В ШЫМКЕНТЕ
  • ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІНІҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ НҰРЛЫБЕК НӘЛІБАЕВ ШЫМКЕНТТЕГІ CITY PARK САЯБАҒЫНЫҢ АШЫЛУ САЛТАНАТЫНА ҚАТЫСТЫ
  • В ШЫМКЕНТЕ ОТКРЫЛИ КРУПНЕЙШИЙ ЭКОПАРК НА МЕСТЕ БЫВШЕГО ПОЛИГОНА
  • ШЫМКЕНТТЕ БҰРЫНҒЫ ҚОҚЫС ПОЛИГОНЫНЫҢ ОРНЫНДА АУҚЫМДЫ ІРІ ЭКОПАРК АШЫЛДЫ
  • «ЗАҢ МЕН ТӘРТІП»: ЕҢБЕКШІ АУДАНЫНДА «ҚҰҚЫҚТЫҚ ДӘРІХАНА» АКЦИЯСЫ ӨТКІЗІЛДІ
  • КАДРОВАЯ ПОЛИТИКА ШЫМКЕНТА ДО 2030 ГОДА: ПРИОРИТЕТЫ РАЗВИТИЯ И ПЕРСПЕКТИВЫ
  • 2030 ЖЫЛҒА ДЕЙІНГІ ШЫМКЕНТТІҢ КАДРЛЫҚ САЯСАТЫ: ДАМУ БАСЫМДЫҚТАРЫ МЕН БОЛАШАҚ МҮМКІНДІКТЕР
  • ДОСТЫҚ ЛАГЕРІ ТАЗАЛЫҚ АКЦИЯСЫМЕН ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ
Facebook X (Twitter) Instagram
OITAMYZYQOITAMYZYQ
Demo
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский
OITAMYZYQOITAMYZYQ
Home » Шымкент: Жұлдыз және Жалын тұрғын алаптары газдандырылды
ЖАҢАЛЫҚТАР

Шымкент: Жұлдыз және Жалын тұрғын алаптары газдандырылды

authorBy author16 августа, 2025Updated:23 августа, 2025Комментариев нет5 Views
Facebook Twitter Pinterest LinkedIn WhatsApp Reddit Tumblr Email
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Шымкент қаласында инженерлік инфрақұрылымды дамыту бағытында жоспарлы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда. Бұл ретте тұрғындарды табиғи газбен қамту – қала әкімдігі қолға алған негізгі басым бағыттардың бірі. 2025 жылдың тамыз айында қала әкімі Ғабит Сыздықбеков Жұлдыз және Жалын тұрғын алаптарының тұрғындарымен бірге көптен күткен қуанышты сәтке куә болды – екі тұрғын алап орталықтандырылған газ жүйесіне қосылды.

Аталған жобаның жүзеге асырылуы – халықпен кері байланыс орнатудың нақты нәтижесі. Өткен жылдың тамыз айында өткізілген көшпелі кездесулерде тұрғындар көгілдір отынға қосылу мәселесін көтеріп, қала басшылығына өтініштерін жеткізген болатын. Осыған сәйкес жоба қолға алынып, арада бір жыл өтпей-ақ толық аяқталды.

Жоба аясында Жұлдыз шағынауданындағы 834 абонент және Жалын шағынауданындағы 566 абонент табиғи газға қол жеткізді. Жалпы алғанда, екі тұрғын алаптағы 1400-ден астам үй шаруашылығы сапалы әрі экологиялық таза отын түрімен қамтамасыз етіліп отыр.

Бұл жұмыстардың ауқымдылығын айта кеткен жөн. Құрылыс барысында 33 шақырымнан астам жаңа газ құбыры тартылып, қосымша инженерлік инфрақұрылым толық орнатылды. Соның нәтижесінде екі тұрғын алап та толыққанды газ жүйесіне қосылды. Бұл қадам тұрғындардың тұрмыстық жағдайын жақсартып қана қоймай, қоршаған ортаға келтірілетін зиянды азайтуға да мүмкіндік береді. Себебі табиғи газ – экологиялық тұрғыдан ең тиімді әрі қауіпсіз отын түрі.

Іс-шара барысында қала әкімі Ғабит Сыздықбеков тұрғындарды қуанышымен құттықтап, мердігер мекемелерге сапалы әрі уақтылы атқарған жұмыстары үшін алғысын білдірді:

«Газдандыру – қала тұрғындарының өмір сапасын арттырудағы маңызды қадам. Бұл – тұрғындардың әл-ауқаты мен қаламыздың экологиялық жағдайын жақсартуға арналған ортақ жетістік. Алдағы уақытта да осындай жобалар жалғасын табады», – деді қала басшысы.

Айта кетейік, табиғи газға қосылу үшін әрбір тұрғын арнайы рәсімдерді орындауы қажет. Ол үшін алдымен техникалық шарттарды алу жөнінде өтініш беру керек. Бұл қызметті үйден шықпай-ақ онлайн түрде рәсімдеуге мүмкіндік бар: «eGov Mobile» қосымшасы немесе электронды үкіметтің ресми сайты egov.kz арқылы өтініш қалдыруға болады.

Газдандырудың әлеуметтік әсері де зор. Енді тұрғындар көмір немесе басқа да қатты отын түрлерін қолданудан босатылады. Бұл тұрмыстағы шығындарды азайтып қана қоймай, ауаның ластану деңгейін төмендетуге септігін тигізеді. Сонымен қатар, қаладағы жалпы санитарлық-экологиялық ахуалдың жақсаруына ықпал етеді.

Жұлдыз және Жалын тұрғын алаптарының газға қосылуы – Шымкент қаласының дамуы жолындағы маңызды белес. Алдағы уақытта әкімдік тарапынан өзге де тұрғын алаптарды кезең-кезеңімен газдандыру жоспарланып отыр. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасып, қаланың барлық аумағы толықтай орталықтандырылған газ жүйесіне қосылғанға дейін жүргізілмек.

Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Telegram Email
author

Related Posts

ДОСТЫҚ ЛАГЕРІ ТАЗАЛЫҚ АКЦИЯСЫМЕН ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ

15 июня, 2026

«БІЗ БІРГЕМІЗ»: ШЫМКЕНТТЕ АССАМБЛЕЯ ЖАСТАРЫНЫҢ ДОСТЫҚ ЛАГЕРІ ӨТТІ

15 июня, 2026

ГҮЛГЕ ОРАНҒАН ҚАЛА: ТІК КӨГАЛДАНДЫРУ ШЫМКЕНТТЕ ЖАҢА ДЕҢГЕЙГЕ ШЫҚТЫ

29 мая, 2026
Leave A Reply Cancel Reply

© 2026 Designed by SamDev.kz
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.