Close Menu
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • AMANAT: ДЕПУТАТТАРДЫҢ АЛДА АТҚАРАТЫН ЖҰМЫСТАРЫ ПЫСЫҚТАЛДЫ
  • Шымкентте «Халықаралық волонтерлер жылы – 2026» аясында жастар кездесуі өтті
  • Шымкентте «Жас сақшы» жобасы жаңа деңгейге көтерілуде
  • Университет культуры и искусства и новый Театр оперы и балета: два масштабных проекта реализуют в Шымкенте
  • Шымкентте Мәдениет және өнер университеті құрылып, жаңа Опера және балет театры салынады
  • МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ӨЗБЕКСТАНҒА ЖҰМЫС САПАРЫМЕН БАРДЫ
  • 27 ШЫМКЕНТТІК ӘСКЕРГЕ АТТАНДЫ
  • Қауіпсіз мектеп: Шымкентте 500 оқушы полиция бастығымен кездесті
Facebook X (Twitter) Instagram
OITAMYZYQOITAMYZYQ
Demo
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский
OITAMYZYQOITAMYZYQ
Home » ЭЛЕКТРОТЕХНИКА КӨШБАСШЫСЫ: КӘСІБИЛІК ПЕН ТҰРАҚТЫЛЫҚ ҮЛГІСІ
ЖАҢАЛЫҚТАР

ЭЛЕКТРОТЕХНИКА КӨШБАСШЫСЫ: КӘСІБИЛІК ПЕН ТҰРАҚТЫЛЫҚ ҮЛГІСІ

authorBy author23 августа, 2025Комментариев нет6 Views
Facebook Twitter Pinterest LinkedIn WhatsApp Reddit Tumblr Email
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Қазақстанның индустриялық дамуына сүбелі үлес қосып келе жатқан мамандардың арасында Абдуллаев Нуржанның есімі ерекше аталады. Ол – еңбек жолын қарапайым жұмысшыдан бастап, еліміздің электротехникалық өнеркәсібінде өзіндік қолтаңбасын қалдырған тәжірибелі басшы, кәсібилігі мен жауапкершілігінің арқасында жүздеген жасты тәрбиелеген ұстаз.

Нуржан Абдуллаев 1975 жылғы 17 ақпанда дүниеге келген. Орта білімін Кентау қаласына қарасты Хантағы елді мекенінде тәмамдаған соң, жоғары білім алып, кәсіби жолын энергетика мен машина жасау саласына арнады. Оның алғашқы еңбек баспалдағы – Кентау трансформатор зауыты. Бұл жерде ол өндіріс технологиясының қыр-сырын меңгеріп, жауапты істерге араласты. Қысқа мерзімде өзін талапшыл әрі іскер маман ретінде көрсетіп, басшылықтың сеніміне ие болды.

Уақыт өте келе ол еліміздің электротехникалық саласында стратегиялық мәні зор жаңа кәсіпорындарды іске қосуға белсене атсалысты. Орал трансформатор зауыты мен Петропавл электротехникалық зауытының құрылуында оның еңбегі айрықша. Нуржан Абдуллаев бұл кәсіпорындарда өндіріс жөніндегі директор қызметін атқарып, өндірістік инфрақұрылымды кеңейтуге және импортты алмастырушы өнім шығаруға үлес қосты.

Электротехника – жоғары дәлдікті, үздіксіз қадағалауды және терең білімді қажет ететін сала. Осы бағытта ол өзінің кәсіби тәжірибесін тиімді пайдаланып, жаңа технологияларды енгізіп қана қоймай, жас мамандардың тәжірибе жинақтауына да жағдай жасады. Қазақстандағы электротехникалық өнеркәсіптің дамуына қосқан үлесі ел экономикасы үшін айрықша маңызды болды.

Қазіргі таңда Нуржан Абдуллаев Шымкент қаласындағы «AsiaTrafo» зауытында өндірістік цехты басқарады. Мұнда ол жоғары кернеулі қуат трансформаторларына арналған металлқұрылымдардың дайындалуын қадағалайды. Өндіріс үдерістерін жетілдіру, жұмысшылардың кәсіби құзыретін арттыру және тәлімгерлік – оның басты бағыттарының бірі. Соңғы жылдары оның басшылығымен 30-дан астам жас маман даярланып, білікті инженерлер қатарына қосылды. Бұл – тәжірибені жас ұрпаққа жеткізе білуінің айқын дәлелі.

Орал, Петропавл және Шымкент қалаларындағы үш трансформатор зауытының өндірісін іске қосу барысында ол өз кәсіби шеберлігін және ұйымдастырушылық қабілетін толық көрсетті. Осындай қажырлы еңбегі мемлекет тарапынан да жоғары бағаланды. Ол «Еңбек сіңірген энергетик» және «Құрметті машина жасаушы» төсбелгілерімен марапатталған.

20 жылдан астам уақыт бойы «Alageum Electric» компаниясында абыройлы еңбек етіп келе жатқан Нуржан Абдуллаев – тұрақтылық пен кәсібиліктің символына айналған тұлға. Оның еңбек жолы – адалдық пен табандылықтың, жауапкершілік пен ұжымдық рухтың жарқын үлгісі. Бүгінде ол тек өндіріс басшысы ғана емес, сонымен қатар жас буын үшін нағыз ұстаз, отандық электротехника саласының сенімді тірегі.

Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Telegram Email
author

Related Posts

ҒЫЛЫМ, БІЛІМ ЖӘНЕ ИННОВАЦИЯ – КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ БАСЫМДЫҚ

18 марта, 2026

ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ – ЕЛ БОЛАШАҒЫНЫҢ БАҒДАРЫ

18 марта, 2026

РЕФЕРЕНДУМ-2026: КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ РЕФОРМАЛАР ТАЛҚЫЛАНДЫ

10 марта, 2026
Leave A Reply Cancel Reply

© 2026 Designed by SamDev.kz
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.