Close Menu
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯДА БАРЛЫҚ ӨТПЕЛІ РӘСІМДЕР, МЕРЗІМДЕР МЕН РЕГЛАМЕНТТЕР НАҚТЫ ЖАЗЫЛАДЫ
  • СОТ ШЕШІМІНСІЗ БАСПАНАДАН ШЫҒАРУҒА ЖОЛ БЕРМЕУДІ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯСЫНДА БЕКІТУ ҰСЫНЫЛДЫ
  • ЖҮРГІЗІЛГЕН ЖҰМЫС ПЕН ТАЛҚЫЛАУДЫҢ КЕҢДІГІ ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ ЖОБАСЫН БҮКІЛХАЛЫҚТЫҚ РЕФЕРЕНДУМҒА ШЫҒАРУҒА МҮМКІНДІК БЕРЕДІ
  • КЕЛІП ТҮСКЕН ҰСЫНЫСТАР ЕСКЕРІЛІП, ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ ЖОБАСЫНА ҚОСЫМША НОРМАЛАР ЕНГІЗІЛДІ
  • МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ: ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ – МЕМЛЕКЕТТІҢ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫ КЕПІЛІ
  • Шымкент: Автокөлік саласының өкілдері жаңа Конституцияны қолдайды
  • ҚОҒАМДЫҚ ТАЛҚЫЛАУ – ҚОҒАМ ИІГІЛІГІ ҮШІН
  • Шымкентте медицина саласы өкілдері жаңа Конституция жобасын қолдау білдірді
Facebook X (Twitter) Instagram
OITAMYZYQOITAMYZYQ
Demo
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский
OITAMYZYQOITAMYZYQ
Home » Ынтымақ пен татулық – Қазақстанның басты құндылығы
ЖАҢАЛЫҚТАР

Ынтымақ пен татулық – Қазақстанның басты құндылығы

authorBy author22 августа, 2025Updated:25 августа, 2025Комментариев нет2 Views
Facebook Twitter Pinterest LinkedIn WhatsApp Reddit Tumblr Email
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Қазақ халқының тарихына көз жүгіртсек, елдің дамуы мен болашағы әрқашан бірлік пен татулыққа негізделіп келгенін көреміз. «Бірлік бар жерде тірлік бар» деген дана сөз – халқымыздың өмірлік ұстанымы. Шын мәнінде, елді еңселі еткен де, ұрпақты өркениетке жетелеген де – ынтымақ пен өзара сыйластық.

Тарихи кезеңдерде тағдырдың жазуымен Қазақстанға сан түрлі этнос өкілдері қоныс аударды. Сол қиын шақтарда қазақ халқы оларды жатсынбай, құшағын айқара ашып, қамқорлық танытты. Бауырмалдық пен кеңпейілділіктің арқасында достық пен татулықтың берік іргетасы қаланды. Бұл игі дәстүр бүгінгі күнге дейін үзілмей жалғасып келеді.

Бүгінде Қазақстанда жүзден аса этнос өкілі бір шаңырақ астында бейбіт өмір сүріп жатыр. Бұл – халқымыздың кеңдігін ғана емес, мемлекетіміздің сындарлы саясатының жемісі. Әр этнос өз тілі мен мәдениетін сақтай отырып, ортақ Отанымыздың өркендеуіне үлес қосуда. Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылуы – елдегі этностар арасындағы келісім мен татулықты нығайтуға бағытталған тарихи қадам. Оның бастамасымен көптеген мәдени іс-шаралар, кездесулер, достық фестивальдері өткізіліп, халықтар арасындағы байланыс артып келеді.

Кез келген мемлекеттің өркендеуі бейбітшілік пен тұрақтылыққа тікелей байланысты. Ал тұрақтылықтың өзегі – татулық. Татулық – адамдар арасындағы сенім, сыйластық және ортақ мақсатқа ұмтылыс. Қоғамда келісім орнаған жағдайда ғана мемлекет үлкен жетістіктерге қол жеткізеді. Экономикалық даму да, әлеуметтік өрлеу де, рухани жаңғыру да бірліктің арқасында жүзеге асады.

Қазақстан бүгінде бүкіл әлемге ынтымақ пен келісімнің айқын үлгісін көрсетіп отыр. Қоғамдағы бейбіт өмір – елдің саяси-экономикалық дамуына да, мәдени жаңғыруына да жол ашуда. Бүгінгі таңда елімізде түрлі этномәдени орталықтар жұмыс істеп, халықтар арасындағы достықты нығайтуға өз үлесін қосуда. Әрбір этностың тілін, дәстүрін, мәдениетін сақтауына жағдай жасалуы – татулықты бекемдеудің нақты дәлелі. Сондықтан татулықты сақтау – тек мемлекет үшін ғана емес, әрбір азамат үшін де қасиетті міндет.

Достық – халықтарды жақындастыратын, мемлекеттер арасындағы сенімді нығайтатын алтын көпір. Қазақстан халқы бұл құндылықты биік қойып, оны дамытуға бар күшін жұмсауда. Ел ішіндегі татулық нығая түскен сайын, еліміздің халықаралық беделі артып, Қазақстан бейбітшілік пен келісімнің символына айналуда. Бүгінде әлем елдері біздің елімізді этносаралық келісімнің үлгісі ретінде таниды.

Еліміздегі достық пен ынтымақ – ең үлкен жетістігіміз әрі болашағымыздың берік кепілі. Бұл – тәуелсіздігіміздің тірегі, тұрақтылығымыздың негізі. Сондықтан барлығымыздың ортақ парызымыз – осы құндылықтарды сақтау, дамыту және келер ұрпаққа аманат ету. Достық – елдіктің белгісі, татулық – тұрақтылықтың тірегі, бірлік – болашаққа бастар жол.
#МыВместе #PeaceAndHarmony #PeaceForAll #TogetherForPeace #ҚХА30жыл #АНК30лет #APK30years #АНК #ANK

 

Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Telegram Email
author

Related Posts

ҚОҒАМДЫҚ ТАЛҚЫЛАУ – ҚОҒАМ ИІГІЛІГІ ҮШІН

11 февраля, 2026

БУЛЛИНГ ПЕН СТАЛКИНГКЕ ҚАРСЫ ҮН: ЖАСТАРҒА АРНАЛҒАН АШЫҚ ДӘРІС ӨТТІ

10 февраля, 2026

БІРЛІК ПЕН КЕЛІСІМ – ЖАСТАР САНАСЫНДАҒЫ БАСТЫ ҚҰНДЫЛЫҚ

10 февраля, 2026
Leave A Reply Cancel Reply

© 2026 Designed by SamDev.kz
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.